Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж



бет6/7
Дата26.04.2023
өлшемі43,31 Kb.
#175461
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж-melimde.com
Айбол слайд1
Сарып қандай ауру?
Сарып немесе сал ауруы (бруцеллез) – адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғатын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауру қоздырғышы (бруцелла микробы) сыртқы ортаның әсеріне өте шыдамды келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде 3-4 ай, суда 5 ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде ұзақ сақталады. Ауру малдардың ішіндегі ең қауіптісі уақ мал (қой мен ешкі), өткен жылы ауырған адамдардың 66,7% ауруды уақ малдарды бағып қағу кезінде жұқтырды. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаға ауырған малдардың тезегі, қиы, зәрі, шуы, тағы басқалар арқылы бөлініп тарайды.
Республикамызда бұл індеттің адамдар арасындағы таралу жағдайы қалай? Республикамызда жылына 2 мыңнан астам адам сарыппен ауырады оның 12%-дан астамы жасы 14-ке толмаған балалар. Өкінішке орай, соңғы кезде ауылдық елді мекендерде адамдардың сарыппен топтап ауруы орын алуда. Өткен, 2009 жылы республикамыздың 5 облысының 23 елді мекенінде 197 адам тобымен ауырды. Жекеменшік мал ұстайтын шаруашылықтар мен ел арасында мал дәрігерлерінің қызметін қажетсінбеу, ауырған мал санын жасыру, мал дәрігеріне көрсетпей сойып бірнеше үйге тарату фактілері кездеседі.
Аурудың негізгі белгілері қандай?
Ауру қоздырғыштары адам денесіне әсіресе мал төлдету, оны бағып-қағу, ауру малды сою, жіліктеу, немесе жүнін қырқу кезінде тері арқылы енеді. Ал күнделікті тұрмыста: ауырған малдың қайнатылмаған сүтін ішкенде, сол сүттен дайындалған қаймақ, сарымай, ірімшік, шала пісірілген ет тағамдарын пайдаланғанда жұғады. Сол сияқты, ауылды жерлерде отын ретінде мал тезегін дайындау кезінде жұғуы мүмкін. Сарып ауруының негізгі белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн өткен соң біліне бастайды: адам өзінің тез шаршап, тамаққа зауқы соқпай, басы ауырып, делсал болып бойының ауыр тартқанын сезеді.емделмеген жағдайда ауру күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, қол-аяғы сырқырап, белі ауырып, түнге қарай малшынып терлеп, ұйқысы бұзылып, мойын, қолтық асты, шабының бездері ісіп ауырады. Дәрігерлерге көрінбей, өзінше емделген жағдайда ауру созылмалы түрге айналып, науқас адамның белі шойырылып, қол-аяқ буындары ісіп, қозғалтпай ауырып, әрең бүгіліді. Буын-буындарға сары су толып, буындардың қалыпты түрі өзгереді. Ауру 2-3 жылдан көп жылға дейін созылып, кейбіреулер жұмысқа жарамай сал, мүгедек болып қалуы ықтимал. Мал арасында аурудың негізгі белгілері: малдың ақсап журуі, аяқ буындарының ісінуі, көбінесе саулық малдың желініне ісік пайда болуы, іш тастуы, еркек малдардың (бұқалар, қошқарлар, текелер т.б.) енінің ұлғаюы сияқты өзгерістер байқалғанда мал иелері міндетті түрде жылдам мал дәрігеріне хабарлауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет