Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет12/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188
Жеке  құжаттарды  адамдар  өздерінің  қызметтік  міндеттеріне 
қатыссыз жасайды.  
 
3) Құжаттар жасалу орнына қарай: 
 
Сыртқы – мекеме алған (келіп түскен) немесе олар басқа жаққа 
жіберген (жіберілетін) жəне 
 
Ішкі  –  осы  мекемеде  жасалған  жəне  оның  ішінде  қолданылатын 
құжаттар болып бөлінеді. 
 
4)  Атауы  бойынша  басқару  құжаттары  көптеген  түрге  бөлінеді, 
мысалы, 
актілер, 
сауалдамалар, 
ведомостер, 
хаттамалар, 
нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар жəне т.б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
22
2-
ТАРАУ
 
М
ЕКЕМЕЛЕР 
МЕН 
КƏСІПОРЫНДАРДА 
ІС 
ҚАҒАЗДАРЫН 
ЖҮРГІЗУДІ
,
  МҰРАҒАТ  ҚЫЗМЕТІН  ЗАҢДЫҚ  ЖƏНЕ  НОРМАТИВТІК
-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУ 
 
 
 
2.1. Заңи жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілер 
 
Басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  –  кез-келген  мекеме 
мен  кəсіпорынның  қызметіндегі  маңызды  міндет.  Ақпараттарды 
тасымалдаушы 
ретінде 
құжат 
кəсіпорынның 
құрылымдық 
бөлімшелерінің  өзара  əрекетін  қамтамасыз  ете  отырып,  ұйым 
қызметінің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.  
Басқару  қызметінде  құжат  еңбек  құралы  болып  та,  сол  сияқты 
еңбек нəтижесі болып та табылады.  
Басқару қызметінің барлық нысаны тиісті құжаттар арқылы көрініс 
табады: 
жоспарлау – жоспарларды дайындау; 
есепке  алу  –  статистикалық,  бухгалтерлік  жəне  жедел-
техникалық құжаттарды жасау жəне өңдеу; 
басшылы  – басқару құжаттарын шығару; 
н+с ау – нұсқаулықтар, əдістемелік нұсқаулар дайындау; 
ба ылау – жазбаша түрде мəліметтер жинау. 
Сөйтіп, кəсіпорында жасалатын құжаттар – оның өзіне жүктелген 
функцияларды іске асыруы. 
Іс  қағаздарын  жүргізуді  ұйымдастыру  шартты  түрде  екіге 
бөлінеді:  құжаттарды  уақтылы  жəне  сауатты  дайындап,  ресімдеуді 
ұйымдастыру  (құжаттау);  құжаттармен  жұмыс  жүргізуді  ұйымдастыру: 
қабылдау-өткізу, өңдеу, есепке алу, тіркеу, бақылау, сақтау, мұрағатқа 
дайындау, жою. 
Құжаттарды  дайындау  рəсімдері  де,  сол  секілді  олармен  жұмыс 
жүргізуді  ұйымдастыру  да  арнайы  нормативтік-құқықтық  жəне 
нормативтік-əдістемелік актілермен нақты реттелген.  
Қазақстан  өзінің  тəуелсіздігін  алып,  құқықтық  мемлекет, 
азаматтық  қоғам  ретінде  даму  бағдарын  анықтағаннан  кейін, 
обьективті  түрде  іс  қағаздарын  жүргізу  мен  мұрағат  ісінің  заңдық 
базасын жасау мəселесі туындады. 1991 жылдан 1997 жылға дейінгі 7 
жыл  ішінде  бұрынғы  нормативтік  құқықтық  база  мен  əдістемелік 
əзірлемелер  заңдық  күшін  жойды.  Ал  республиканың  құқықтық 
жағдайына  сəйкес  жаңасы  əлі  жасалған  жоқ  болатын.  Қалыптасқан 
жағдайға  байланысты  қысқа  мерзім  ішінде  іс  қағаздарын  жүргізу  мен 
мұрағат  саласының  мемлекеттегі  орны  мен  рөлін  айқындайтын,  оның 
құзыретін,  функциялық  міндеттерін    жəне  өзге  салалармен  байланыс 


 
23
аясын  нақтылайтын  ұлттық  Заң  əзірлеу  қажеттігі  туды.  1998  жылы 
Парламент  мемлекетіміз  тарихындағы  тұңғыш  « лтты   м+рағат 
оры жəне м+рағаттар туралы» Заңды қабылдап, оған 1998 жылы 22 
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев 
қол қойды. 
 
Еліміз тарихындағы өзіндік тұжырымдамасы бар бұл тұңғыш Заң 
алыс  жəне  жақын  шет  мемлекеттердің  құжаттамалық қамтамасыз  ету 
саласы мен мұрағат ісін дамыту тəжірибесіне сүйеніп жасалды. Ол үш 
бірдей  міндетті  атқарады.  Атап  айтқанда:  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  мұрағат  қорының  құжаттарын  мемлекеттік  сақтауға  қабылдау; 
олардың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекет, қоғам жəне азаматтар 
мүддесіне сай қолдану.  
 
Ұйымдастыру  тұрғысынан  «Қазақстан  Республикасы  мұрағаттар 
мен құжаттаманы басқару жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган» (қазір - 
өкілетті  орган)  жəне  «Мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі 
жергілікті  өкілетті  орган»  (қазір  –  жергілікті  атқарушы  орган) 
ұғымдарының 
заң 
жүзінде 
бекуі, 
сондай-ақ, 
Қазақстан 
Республикасында мұрағат ісін басқарушы жəне жүргізуші органдардың 
құрылымдық жүйесін айқындау маңызды бір кезең болды. Жоғарылы-
төменді  барлық  буындар  бойынша  басқару  жүйесі  мен  мұрағат 
саласының  біртұтас  құрылымы  жасалды.  Ол  барлық  облыстардың, 
Астана  мен  Алматы  қалаларының  республикалық  жəне  жергілікті 
басқару  органдары  мен  облыстық,  қалалық,  аудандық  дəрежедегі 
мемлекеттік мұрағаттардың оңтайлы жүйесін қамтыды.  
Елімізде  деңгейі  əртүрлі  мемлекеттік  мұрағаттар  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  мұрағат  қорын  құжаттармен  толықтырып, 
сақталуын  қамтамасыз  ету  жəне  құжаттардың  мемлекеттік  есебін 
жүргізу,  мемлекеттік  органдарды,  ұйымдар  мен  азаматтарды 
ақпараттық  қамтамасыз  ету,  құжаттарды  пайдалану  жəне  жариялау, 
мұрағат  құжаттары  бойынша  ақпараттық-іздестіру  жүйелерін  құру, 
мұрағаттану  мен  құжаттану  саласы  бойынша  əдістемелік  жұмыстар 
жүргізу,  сондай-ақ,  ішкі  пайдалану  үшін  де,  толықтыру  көзі  – 
ұйымдарда қолдану үшін де əдістемелік құралдар əзірлеу міндеттерін 
жүзеге асырады. 
Құжаттама  саласындағы  негізгі  Заң  қабылданғаннан  кейін 
еліміздегі  басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  мен  мұрағат  ісі 
саласының  қызметін  құқықтық  реттеу  процесі  оң  сипат  ала  бастады. 
Заңды  жетілдіру  барысында  « аза стан  Республикасы 
лтты  
м+рағат  оры  туралы  ереже»  əзірленіп,  ол  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілді. Бұл 
ереже арқылы құжаттарды Ұлттық мұрағат қоры құрамына ендіру жəне 
шығару, құжаттарды есепке алу мен сақталуын қамтамасыз ету тəртібі 
нақтыланды.  
Уақыт  өте  келе  аталмыш  Заңды  кейінірек  қабылданған  бірқатар 
заң  нормаларымен  үйлестіру  қажеттігі  туындады.  Осыған  орай  2001 


 
24
жылы 10 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық 
мұрағат  қоры  жəне  мұрағаттар  туралы  Заңына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  №  256-II  Қазақстан  Республикасының 
Заңы  құжаттарды  мемлекеттік  сақтауға  тапсыру,  құжаттардың 
сақталуына  қолданушылардың  жауапкершілігі,  мұрағат  құжаттарын 
қолдану арқылы алынған ақпаратты орнымен пайдалану мəселелеріне 
қатысты  бірқатар  ережелерді  нақтылауға  мүмкіндік  берді.  Мұрағат 
құжаттары  ғылыми,  ғылыми-көпшілік  зерттеу  жұмыстарына  жəне 
практикалық  мақсаттарға  қолданылуымен  қатар,  азаматтардың  еңбек 
жолын,  атқарған  қызметтерін,  жалақысының  мөлшері  мен  басқа  да 
құқықтық,  заңдық  мүдделеріне  байланысты  фактілерін  куəландыру 
үшін негіз болады. 
Заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  кезінде  мемлекеттік 
мұрағаттардың  осындай  маңызды  əлеуметтік  функциялары  ескеріліп, 
оның  түсініктемелік  аппараты  «жеке  құрам  бойынша  құжаттар»  деген 
терминмен  толықтырылды.  Жеке  құрам  бойынша  құжаттар  – 
қызметкердің  еңбек  жолын  куəландыратын  жəне  зейнеткерлік 
қамтамасыз  ету  үшін  ақша  аударылуы  жөніндегі  мəлімет  беретін 
құжаттар жиынтығы. Мұнан соң Заңға арнаулы мемлекеттік мұрағаттар 
қатарын  толықтыру,  мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі 
республикалық жəне жергілікті органдар арасында міндеттерді бөлісу, 
мемлекеттік бақылау формаларын айқындау т.б. мəселелерге қатысты 
өзгертулер  мен  қосымшалар  енгізілді.  Белгіленген  заң  ережелері 
аясында  Қазақстан  Республикасының  «Іс  ағаздарын  ж3ргізу  жəне 
м+рағат  ісі.  Терминдер  мен  аны тамалар»,  « йымдастыру-бас ару 
+жаттары. 
+жаттарды  ресімдеуге 
ойылатын  талаптар», 
« ағаз  негіздегі  +жаттар.  М+рағатты   са тау  ісіне  ойылатын 
жалпы  техникалы   талаптар»  мемлекеттік  стандарттары  бекітілді. 
Қазақстан 
Республикасы 
Əділет 
министрлігінде 
« аза стан 
Республикасы 
мемлекеттік 
+йымдарында 
+жаттау 
мен 
+жаттаманы  бас аруды   т+рпатты  ережелері»,  «Ведомстволы  
м+рағаттар  ж+мысыны   негізгі  ережелері»  тіркелді.  Құжаттама 
саласындағы  уəкілетті  мемлекеттік  орган  басшысының  мемлекеттік 
заңды  тұлғалар  ведомстволық  мұрағаттарында  құжаттарды  уақытша 
ведомстволық  мұрағатқа  сақтауға  тапсырудың  тəртібі  мен  мерзімі 
туралы  нұсқаулықты  бекіту  жөнінде  жəне  Ұлттық  мұрағат  қоры 
құжаттарының  орталықтандырылған  мемлекеттік  есебі  туралы 
бұйрықтары  белгіленген  тəртіп  бойынша  мемлекеттік  тіркеуден 
өткізілді. 
 
Қазақстан  Республикасының  жоғарыда  аталған  мемлекеттік 
стандарттары  құжаттама  жүйесін  дамыту  саласындағы  мемлекеттік 
саясатты жүзеге асыру бағытында мынадай артықшылықтар береді: 
 
1)  іс  қағаздарын  жүргізу  мен  мұрағат  ісі  саласындағы  бірыңғай 
терминологияны,  соның  ішінде  қазақ  тіліндегі  терминдер  жүйесін 


 
25
қалыптастырады.  Бұл  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілге  көшіруді 
жеделдетуге нақты негіз жасамақ; 
 
2)  Ұйымдардың  ресми  құжаттық  бланкілеріне  Қазақстан 
Республикасы  Мемлекеттік  елтаңбасының,  сондай-ақ  логотиптер  мен 
эмблемалардың  (тауарлық  белгілер)  түрлі-түсті  бейнелерін  салу 
туралы  негізгі  талаптарға  жол  ашады.  Бұл  еліміз  территориясында 
түзілген  құжаттардың  ұлттық  жəне  мемлекеттік  тұрғыда  реттелуін 
қамтамасыз ететін негізгі элементтердің бірі болып табылады; 
 
3)  ресми  ұйымдастыру-басқару  құжаттарына  арналған  27 
деректемелік  белгінің  орналасу  жəне  ресімделу  схемасын  жасауға 
мүмкіндік береді; 
 
4)  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  елтаңбасы  салынған 
құжаттық  бланкілерді  жасау,  есепке  алу  жəне  сақтау  тəртібін 
орнықтырады; 
 
5) 
мемлекеттік 
жəне 
ведомстволық 
мұрағаттардың 
қоймаларында  құжаттарды  сақтаудың  температуралық-ылғалдылық, 
санитарлық-гигиеналық,  жарық  режимі  мен  физикалық-химиялық 
режимдерінің негізгі нормативтік параметрлерін айқындайды. 
 
Құжаттама  саласындағы  мемлекеттік  уəкілетті  орган  құжат  түзу 
саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  қамтамасыз  ету  жөнінен 
жетілдіре  түсу  мақсатында  « йымдастыру-бас ару 
+жаттарын 
ресімдеуге  ойылатын  уа ытша  талаптарды»  əзірледі.  Оны  2000 
жылы  17  сəуірде  Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрі 
кеңсесінің  басшысы  бекітті.  Осылардың  негізінде  « аза стан 
Республикасы 
мемлекеттік 
+йымдарында 
+жаттау 
мен 
+жаттаманы  бас аруды   т+рпатты  ережелері»  жасалып,  заң 
жүзінде  белгіленген  тəртіппен  тіркеуден  өткізілді.  Бұл  ереже  Ақпарат 
жəне  мұрағат  комитеті  төрағасының  2003  жылы  29  сəуірдегі  №  33 
бұйрығымен  (мемлекеттік  тіркеу  №  2331,  2  маусым,  2003  жыл) 
бекітілді.  Бұлар    басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  теориясы 
мен  практикасының  нақты  жағдайын  есепке  алады.  Тұрпатты  (типтік) 
ережелер  ұйымға  келіп  түсетін,  шығатын  жəне  ішкі  айналымда 
болатын  қағаз  құжаттар  мен  электрондық  құжаттарды  тіркеу  жəне 
ресімдеу,  олардың  орындалуын  бақылау  тəртібін  белгілейді,  есептік 
тіркеуге алу формасының түрлерін, соның ішінде автоматтандырылған 
түрін  орнықтырады,  іс  номенклатурасына,  істерді  түзу  мен 
ведомстволық 
мұрағаттарға 
тапсыру 
жөніндегі 
талаптарды 
нақтылайды. Ол қазір мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру көздері – 
ұйымдарды  басқару  ісін  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  қызметінде 
кеңінен  қолданылып  келеді.  Кейіннен  Тұрпатты  ережелерге  
қорғалатын  баспа-бланк  өнімдерін,  мөрлерді,  мөртабандарды  есепке 
алу,  пайдалану,  сақтау  жəне  жою  ісіне,  сондай-ақ  құжаттарды  қорғау 
құралдарына байланысты өзгертулер мен қосымшалар ендірілді.  
 
Ұйымдардың  құжаттамалық  қызметінде  2005  жылы  18  шілдеде 
Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрінің № 


 
26
203  бұйрығымен  бекітілген  Типтік  +жаттар  тізбесі  үлкен  рөл 
атқарады.  Тізбеге  типтік  құжаттар,  яғни  мемлекеттік  ұйымдардың 
қызметі  барысында  түзіліп,  сақтау  мерзімдері  көрсетілген  құжаттар 
енеді. Атап айтқанда, бұлар мына бағыттағылар: 
 
1)  басқару  жүйесін  ұйымдастыру  (басқару  қызметі,  бақылау, 
басқарудың  ұйымдық  негізі,  қызметті  құқықтық  қамтамасыз  ету, 
құжаттамалық  қамтамасыз  ету  жəне  құжаттардың  сақталуын 
қамтамасыз ету). 
 
2)  болжам  жасау  жəне  жоспарлау  (болжам  жасау  ісін 
ұйымдастыру  жəне  оның  əдістемесі,  жоспарлау,  болжам  жасау, 
ағымдағы жоспар, баға); 
3) қаржыландыру, несие беру; 
4)  есеп  жүргізу  жəне  есеп  беру  (бухгалтерлік  есеп  жүргізу  мен 
бухгалтериялық  есеп  беру,  есептілік,  статистикалық  есеп  жүргізу  мен 
статистикалық есеп беру); 
5) мемлекеттік мүліктерді басқару; 
6) еңбек қатынастары (жұмысқа орналасу, еңбекті ұйымдастыру, 
еңбекті  нормалау,  тарифтеу  (баға  белгілеу),  еңбекке  ақы  төлеу, 
еңбекті қорғау); 
7)  кадрлармен  қамтамасыз  ету  (жұмыскерлерді  қабылдау, 
олардың  қызметтегі  орындарын  ауыстыру  жəне  жұмыстан  босату, 
жұмыскерлердің  біліктілігін  (квалификациясын)  айқындап,  белгілеу, 
жұмыскерлерді  кəсіби  дайындықтан  өткізу  жəне  олардың  біліктілігін 
көтеру, марапаттау); 
8)  экономикалық,  ғылыми,  мəдени  байланыстар  (экономикалық, 
ғылыми  жəне  мəдени  байланыстарды  ұйымдастыру,  экономикалық, 
ғылыми жəне мəдени байланыстарды жүзеге асыру); 
9)  ақпараттық  қызмет  көрсету  (ақпарат  жинау  (алу),  маркетинг, 
ақпарат тарату, жарнама); 
10)  өндірістік  тауарларды,  жұмыс  пен  қызмет  түрлерін 
мемлекеттік  деңгейде  көтере  (немесе  алдын-ала)  сатып  алу, 
материалдық-мүліктік құндылықтардың сақталуын ұйымдастыру; 
11)  əкімшілік-шаруашылық  мəселелері  (ішкі  тəртіп  ережелерін 
сақтау,  ғимараттарды,  орын-жайларды  пайдалану,  транспорттық 
қызмет көрсету, ішкі байланыс, төтенше жағдайлар, күзет); 
12)  əлеуметтік мəселелер. 
Тізбеге  кеңейтілген  ғылыми-анықтамалық  аппарат  берілген,  оны 
іс  номенклатураларын,  іс  тізімдемелері  мен  сақтауға  жатпайтын 
құжаттарды  жоюға  бөлу  туралы  актілерді,  сондай-ақ  сақталу  мерзімі 
көрсетілген  құжаттардың  салалық  тізбелерін  жасаған  кездерде 
қолдануға болады. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2001  жылғы  16 
наурыздағы  « аза стан  Республикасыны  
лтты   а паратты  
инфра +рылымын 
алыптастыруды  
жəне 
дамытуды  
мемлекеттік  бағдарламасы  туралы»  №  573  Жарлығына  сəйкес 


 
27
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2001  жылғы  21  мамырдағы 
қаулысы  бойынша  Электрондық  құжат  айналымы  бірыңғай  жүйесінің 
бірінші  кезегі  əзірленді.  Бұл  электрондық  құжат  айналымы  жүйесінің 
бір  саласы  болатын.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004 
жылғы  10  қарашадағы  « аза стан  Республикасында  "электронды  
3кiмет" 
алыптастыруды  
2005-2007 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттiк 
бағдарламасы 
туралы» 
№  1471  Жарлығында 
ақпараттық жүйені одан əрі дамыту, Үкімет пен аймақтық мемлекеттік 
органдардың  бірлескен  ақпараттық  ресурстарды  пайдалана  отырып, 
осы  саладағы  технологияларды  кеңінен  қолдану  арқылы  жұмыс 
жүргізу  механизмін  айқындау,  азаматтар  мен  ұйымдарға  ақпараттық 
қызмет  көрсету  бағытын  ұстану  мəселелері  қамтылған.  Мемлекеттік 
уəкілетті  орган  жоғарыда  көрсетілген  нормативтік  актілерге  сəйкес  өз 
құзыры  аясында  іс  қағаздарын  жүргізу  мен  ведомстволық  сақтау 
сатысындағы  электрондық  құжаттар  бойынша  жұмыстың  негізгі 
бағыттарын айқындады. 
Сонымен бірге, электрондық құжатты заң жүзінде қағаз құжатпен 
теңестірген, соған орай электрондық цифрлық қолтаңбаны – жазбаша 
түрдегі қолжазбамен бір деңгейге қойған Қазақстан Республикасының 
«Электрондық  құжат  жəне  электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы» 
Заңының  жетілдірілуі  барысында  Ақпарат  жəне  мұрағат  комитеті 
« аза стан Республикасы мемлекеттiк органдарыны  электронды  
+жат  айналымы  ережесiн»  əзірледі.  Бұл  ережені  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметі  2004  жылғы  17  сəуірдегі  №  430  қаулысымен 
бекітті.  Ережеде мынадай жұмыстардың нормалары белгіленген: 
1)  электрондық  құжаттарды  іріктеу,  сақтауға  қабылдау  жəне 
тапсыру,  оларды  жою  мен  кепілдік  беру  арқылы  жою,  сондай-ақ 
электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық түрдегі кілт-белгілерін жəне 
электрондық  құжаттар  есебін  жүргізетін  журналдарды  жою  тəртібі 
мұрағаттар 
мен 
құжаттаманы 
басқару 
жөніндегі 
Қазақстан 
Республикасының өкілетті мемлекеттік органдары арқылы белгіленеді; 
2)  электронды  құжаттарды  сақтау  мерзімдері  олардың  қағаз 
нұсқасындағы  түпнұсқалары  сақталатын  мерзімдермен  сəйкес  келеді. 
Мұны  мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі  Қазақстан 
Республикасының өкілетті мемлекеттік органдары белгілейді; 
3)  Электрондық  құжаттар  түзілген,  жолданған  жəне  алынған 
кездегі  форматы  бойынша  электрондық  цифрлық  қолтаңбасымен 
сақталады.  
4) 
электрондық 
құжаттардың 
Қазақстан 
Республикасы 
мемлекеттік  стандарттары  талаптары  мен  мемлекеттік  орган 
лауазымдық  тұлғасының  электрондық  цифрлық  қолтаңбасына  сəйкес 
деректемелік белгілері болуға тиіс. 
Заң  қабылданғаннан  кейінгі  жылдары  мекемелер,  кəсіпорындар 
мен  ұйымдар  үшін  əртүрлі  əдістемелік  құралдар  мен  ұсынымдар 
əзірленді. Атап айтқанда: 


 
28
1) 
сақталу 
мерзімі 
көрсетілген 
құжаттардың 
салалық 
(ведомстволық) тізбесі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
кеңсесі,  қылмыстық-атқару,  прокуратура  органдары,  кеден,  қаржылық 
полиция,  жинақтаушы  зейнеткерлік  қорлар,  банк,  сот  жүйелері 
ұйымдары, т.б.орындар бойынша); 
2) сақталу мерзімі көрсетілген жеке құрам бойынша құжаттардың 
Үлгі  тізбесі  (бұл  Үлгі  тізбе  2000  жылғы  19  желтоқсанда  Қазақстан 
Республикасы  Мəдениет,  ақпарат  жəне  қоғамдық  келісім  министрлігі 
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеті төрағасының 
№ 81 бұйрығымен бекітілген); 
3)  іс  қағаздарын  жүргізу  жөніндегі  салалық  (ведомстволық) 
нұсқаулықтар  (Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігі, 
Кеден комитеті, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттік 
жəне т.б. жүйелердің ұйымдарына арналған). 
Дəл қазіргі кездегі ең көкейкесті мəселе құжат түзу саласындағы 
нормативтік құқықтық базаны одан əрі дамыту болып табылады. 
Осы  орайда  құжаттама  ісі  бойынша  мемлекеттік  уəкілетті 
органдар, 
құжаттама 
саласындағы 
мамандар 
Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңдарында  басқару  қызметін 
құжаттамалық  қамтамасыз  ету,  құжаттарды  іс  қағаздарын  жүргізу 
сатысында  түзу  жəне  ресімдеу  жұмыстарының  бірыңғай  принциптері 
қарастырылмағандықтан, 
«Басқару 
қызметін 
құжаттамалық 
қамтамасыз  ету  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңын  əзірлеу 
қажеттігі туындап отырғанын орынды көтеріп келеді. Мұндағы олардың 
көздеген негізгі мақсаттары төмендегідей: 
1) құжат түзу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу; 
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын заң жүзінде 
дұрыс ресімделген құжаттармен толықтыру; 
3) 
қағаз 
құжаттар 
айналымын 
қысқартып, 
электронды 
құжаттардың қолданылу аясын кеңейту; 
4) азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау; 
5) еліміздің территориясында жасалған құжаттарды ұлттық мүдде 
тұрғысынан толық сəйкестендіру;  
Мұнымен  қоса,  басқару  қызметін  құжаттамалық  қамтамасыз 
етудің мынадай негізгі принциптері заң деңгейінде белгіленуі керек: 
1)  құжаттаудың  жəне  құжаттармен,  соның  ішінде  электрондық 
құжаттармен жұмыс жүргізудің құқықтық ережелерін айқындау; 
2) істі толық та, нақты құжаттау, мемлекет, қоғам жəне азаматтар 
мүддесіне 
сəйкес 
деректі 
қорларды 
жан-жақты 
пайдалану, 
құжаттармен жұмыс жүргізудің озат тəсілдерін қолдану негізінде ұйым 
қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету; 
3)  ұйымдардың  ашық  деректі  қорларына  еркін  қол  жеткізу 
жөніндегі жеке жəне заңды тұлғалар құқықтарын жүзеге асыру; 
4)  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  арқылы  басқаруды 
құжаттамалық қамтамасыз ету ісін жетілдіру; 


 
29
5)  басқару  қызметін  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  процесінде 
ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамсыздандыру; 
Сол  секілді  қазіргі  кезде  құжаттамалық  қамтамасыз  ету 
саласының  мамандары  Қазақстан  Республикасында  «Құжаттардың 
міндетті  даналары  туралы»  Заң  əзірлеу  жəне  оны  белгіленген  тəртіп 
бойынша қабылдау мəселесінің де пісіп жетілгені ұдайы көтеріп келеді. 
Мамандардың пікірінше, бұл алуан түрлі ұйымдар мүддесін қорғар еді. 
Атап айтқанда: 
1)  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық 
ақпарат  институты  –  ғылыми-техникалық  жəне  патенттік  құжаттармен 
жабдықтау жөнінде; 
2)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  мемлекеттік  кітап  палатасы, 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
кітапханасы, 
Қазақстан 
Республикасы  Парламентінің  кітапханасы  –  бұқаралық  ақпарат 
құралдары 
өнімдерімен, 
баспа 
өнімдерімен, 
диссертациялық 
еңбектермен толықтыру жөнінде; 
3) Зағиптарға арналған Республикалық кітапхана – зағиптар үшін 
жəне  көзі  нашар  көретін  кісілер  үшін  шығарылатын  басылымдармен 
жабдықтау жөнінде; 
4) 
Қазақстан 
Республикасы 
Мəдениет 
жəне 
ақпарат 
министрлігінің  Кинофотоқұжаттар  мен  дыбыс  жазбалары  Орталық 
мемлекеттік  мұрағаты  –  аудиобейнелік  құжаттармен  жабдықтау 
жөнінде.  
Мұндағы негізгі мақсат мынадай істерге заңдық негіз жасау: 
 1)  кітапханалық,  ғылыми-ақпараттық,  патенттік  қорларды 
толықтыру; 
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын молайту; 
3)  құжаттардың  міндетті  даналарына  мемлекеттік  есеп  жүргізу 
жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету; 
4)  құжаттардың  міндетті  даналарын  мемлекет  жəне  қоғам 
мүддесіне сəйкес пайдалану. 
Осы  аталған  нормативтік  құжаттардың  қабылдануы  ел 
аумағында  құжат  айналымы  жүйесін  жетілдіре  түсуге  жол  ашады  деп 
білеміз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет