Асфендияров 2-том indd



Pdf көрінісі
бет3/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2
asfendiiarov s istoriia kazakhstana
Ханкельды Абжанов,
директор института истории и этнологии
 им. Ч.Ч. Валиханова, член-корреспондент НАН РК 


9
ҚҰрАСТырУШылАрДАН 
Ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, профессор 
Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың шығармалар жинағының 
екінші томына 1929-1937 жылдар аралығында қайраткердің 
қаламынан шыққан туындылар енді. Егер алғашқы томға кірген 
шығармалар қайраткердің өмірі мен қызметінің Түркістандық 
(1889-1925 жж.) және Мәскеулік (1925-1928 жж.) кезеңдерінде 
жарияланған болса, екінші томға енген шығармалардың барлығы 
Қазақстандық кезеңіне (1928-1938 жж.) жатады. Бұл томға Сан-
жар Асфендиаровтың «Советская степь», «Казахстанская правда», 
«Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Жаңа 
мектеп», «Атеист», «Народное хозяйство Казахстана», «Боль-
шевик Казахстана» журналдарында жарық көрген 20 мақаласы, 
әр түрлі жиындар мен басқосуларда сөйлеген сөздері, В.В. Бар-
тольд пен С. Агамалы-оғлыға арнап жазған азанамалары, 1935 
жылы жарияланған «Шатер мира» атты тұңғыш әрі дара көркем 
шығармасы, сондай-ақ 1936 жылы жарық көрген «Қазақстан» 
атты кітаптың құрамына енген «Историческое прошлое Казахста-
на» атты қысқаша очеркісі кірді.
Жоғарыда аталған шығармалармен қатар, 1928-1938 жылдар 
аралығында мерзімді баспасөзде жарық көріп, бұл жинаққа әр түрлі 
себептердің салдарынан кірмей қалған мақалалар да бар. Мұндай 
санаттағы шығармаларды негізгі екі топқа бөліп қарастыруға бо-
лады. Алғашқы топқа Санжар Асфендиаровтың әр түрлі жиындар 
мен басқосуларда сөйлеген сөздері; олар газеттерде өте ықшам 
күйінде жарияланып, қысқа көлемділігіне және толық мәлімет 
бере алмайтындығына байланысты томға қосылмады. Мысалы, 
Санжар Асфендиаровтың 1935 жылы мамырда Алматы қаласында 
өткен оқу екпінділерінің съезінде сөйлеген сөзі «Лениншіл жас» 
газетінің сол жылғы 11 мамырындағы санында қысқартылған 
түрінде берілді. Сондай-ақ, бұл томға қайраткердің 1937 жылы 
наурыз айында Алматыда өткен қалалық партия ұйымы активі- 
нің жиналысында Қазақстан КП(б) бірінші хатшысы Л. Мирзоян- 
ның баяндамасы бойынша орын алған жарыссөзде ғылыми кад-
рларды даярлауға қатысты білдірген пікірі де кіргізілмеді. Атал- 
ған жиналыстың қысқартылған стенограммасы, соның ішінде
С. Асфендиаровтың сөзі өте ықшам күйінде (бір абзац көлемінде) 
«Казахстанская правда» газетінің 1937 жылы 30 наурызындағы 
санында жарияланған. Жинаққа енбей қалған шығармалардың 


10
екінші тобын С. Асфендиаровтың алдымен мерзімді баспасөзде 
орыс тілінде жарық көріп, артынан газет қызметкерлері тарапы-
нан қазақ тіліне аударылып жариялаған мақалалары құрайды. 
Мұндай мақалалардың қатарына С. Асфендиаровтың «Социа-
листік Қазақстан» газетінің 1936 жылы 23 мамырдағы санында 
жары көрген «Қазақ» және осы газеттің 1937 жылы 8 мамырын-
да «Апрель конференциясы және ұлт мәселесі» атты мақалалары 
кіреді. 
С. Асфендиаровтың өмірі мен қызметін зерттеумен айналыс- 
қан ғалым-тарихшылардың бірқатары, сондай-ақ Қазақстан Рес- 
публикасының Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кі-
таптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған газеттер мен 
журналдардағы материалдарды жүйелендірумен және оларды 
айналымға тартумен айланысатын қызметкерлер осы күнге дейін 
1937-1938 жылдары қазақ тілді мерзімді баспасөзде жарияланған 
Сәду Асфендиаровтың мақалаларын Санжар Асфендиаровқа 
қате жатқызып келді. Өткен ғасырдың 30-40-шы жылдары 
Қазақстанның мәдениет пен өнер саласында қызмет етіп, бірне-
ше жыл бойы Қазақ Мемлекеттік драма театрын басқарған Сәду 
Асфендиаровтың «Ауыл коммунисі», «Қазақ әдебиеті» «Соци-
алистік Қазақстан», «Ауыл мұғалімі», «Лениншіл жас» сынды 
ұлттық басылымдарда «Қазіргі колхоз театрлары», «Қазақ пластин-
кесі», «Жүрер алдында», «Қазақ ән-күйлерінің пластинкеде басы-
лып шығуы – көркемөнер жұмысындағы бір жетістігіміз», «Аман-
келді» (Ғ. Мүсіреповтың «Аманкелді» пьесасы қазақтың М. Әуезов 
атындағы Мемлекеттік драма театрында) атты мақалалардың
Санжар Асфендиаровқа еш қатысы жоқ. Газет және журнал бет-
терінде мақала авторының фамилиясы көрсетілгенімен 
(«Асфен-
диаров» («Аспандиаров») – латын графикасымен қазақ тілін-
де жазылған. – Құраст.)
, есімі қысқартылған инициал күйінде 
берілуі кітапхана қызметкерлерін және тарихшыларды еріксіз 
шатастыруға мәжбүрлетті деген қорытындыға келуге болады. 
Сонымен қатар, 1938 жылы 25 ақпанда Санжар Асфендиаровтың 
сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз жапа шеккен құрбанына ай-
налып, өмірден озғаннан кейін де қазақ тілді мерзімді баспасөзде 
авторы «С. Аспандиаров» деп көрсетілген бірнеше мақалалар 
жарық көрген, мысалы: «Шымкент мектептерінде тексеру 
сынының барысы» («Социалистік Қазақстан». – 1940. – 1 июнь), 
«Жаңа алфавитке көшуді кешеуілдетуге болмайды» («Лениншіл 
жас». – 1941. – 15 май) және т.б. Демек, аталған мақалалар Сәду 


11
Асфендиаровтың қаламынан шыққан туындылар болып, біздің 
жоғарыда алға тартқан пікірімізді толықтай дәлелдейді.
Қайраткер өмір сүрген тарихи дәуірдің ерекшелігін ашып көр- 
сету мақсатында жинаққа енген барлық шығармалардың мәтін- 
дері өзгеріссіз, яғни түпнұсқа күйінде беріліп, хронологиялық 
тәртіпте келтірілді. Оқырманға түсінікті болу үшін жинақта ав- 
тордың шығармаларында өзі берген ескертпелері жол асты сілтеме 
ретінде берілген болса, мақалалар мен баяндамаларға жасалынған 
ескертпелер жинақтың соңында жеке топтастырылған. 
Жинаққа енген Санжар Асфендиаровтың мақалалары мен ба-
яндамалары, көркем туындысы, ғылыми-көпшілік жанрындағы 
шығармалары оның Қазақстанда әр түрлі жылдары атқарған сан-
салалы қоғамдық-саяси, мемлекеттік және ғылыми-педагогикалық 
қызметі туралы көрініс бере алады.


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет