Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет



бет153/310
Дата25.04.2020
өлшемі1,85 Mb.
#64655
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   310
Байланысты:
Әлімов Асхат. ЖОО интербелсенді әдістерді қолдану

Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.

Жоғары мектептің жұмыс сапасы ЖОО-ның өз мақсаттарын (миссиясын) қандай деңгейде орындайтындығымен байланысты. Сапа - жоғары оқу орнының (немесе пәннің, сабақтың, оқытушының) оқу нәтижелеріне қол жеткізуде студентке қандай деңгейде көмектесіп, студенттің «не үйренгендігінің» айғағы. Осыған орай оқу/оқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыздандыру үшін жоғарғы оқу орындары өз жұмысын бағалауда келесідей мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек:



1) Мақсат.

Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау:



- Білім жүйесінде бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?

а) Бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін қажет:

- студент өзінің біліми ахуалын білгісі келеді,

- оқытушы студенттің білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді,

- ЖОО әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен біліми, кәсіби деңгейін білуді мақсат тұтады,

- мемлекет министрлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және болашақ мамандардың дайындау ісінің ахуалы мен деңгейін білгісі келеді.

ә) Бағалау жоспарланған нәтижелермен (стандарттармен) салыстырғанда білім деңгейі мен оқудың/оқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет.

б) Бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет.



2) Нәтиже.

Оқудың/оқытудың нақты нәтижелерін айқындау және оларды ЖОО-ның, мамандық пен пәннің миссиясымен салыстыру:

- Нені бағалау керек? Оқу процесінің қандай нәтижелері (білім, білік, дағды, машық, түсінік, қатынас, т.б.) бағалау арқылы анықтауға тұрарлық (маңызды)?

Оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігі студенттердің не білгендігімен айқындалады. Жоғары мектептің бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес студенттер оқу процесі барысында және нәтижесінде келесідей білік, дағды, құзырлылықтарды меңгеруі және иемденуі керек:

- ақпараттың шексіз көп мөлшерінен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, БАҚ, Интернет) өзіне қажеттісін таңдап алып, оны өз қажеттілігіне бейімдеп, практикада қолдану;

- өздігімен үйрене білу;

- проблемаларды шешу мен шешім қабылдау секілді күрделі тапсырмаларды орындау;

- қандай да болмасын мәселе бойынша өзіндік пікірі, ойы, тұжырымы, түсінігі болу, оларды ұтымды түрде басқаларға жеткізу, дәлелдеу және қорғау;

- қарым-қатынас құра білу (ауызша және жазбаша коммуникация), бірлесе жұмыс жасай білу: тыңдай білу, басқаларды сыйлау, өзге пікірлерге икемді және бейімді болу, олармен санасу, жанжалдардың алдын алу;

- өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын өмірлік философия (рухани, моральдік, этикалық дүниетаным) ретінде қалыптастыру, бұл философияны жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

- өз білімі мен танымының қандай деңгейде екендігін біліп, оларды әрқашан да дамытып отыру.

Студенттердің осындай білік, дағды, құзырлылықтары бағалауда қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   310




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет