Тыңдалымның тапсырмалары



Дата18.01.2020
өлшемі21,88 Kb.
#56092
Байланысты:
11 тест б
8кл, 11 сынып 07.04, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, инклюзив 9 пр
Тыңдалым

Алуа аспан әлемінің құпиясы туралы көп оқиды. Ол жұлдызды аспанды ұнатады. Түнде жұлдыздарға ұзақ қарайды. Аспан әлемінің құпиясын білгісі келеді. Жұлдыздардың қозғалысын бақылайды. Соны білетін Зере:



  • Алуа , осы жұлдыздар неден тұрады? – деп сұрады.

Алуа:

  • Зере , ғалымдардың айтуынша, жұлдыз газдан тұрады (плазмадан ) тұрады. Өте күшті қызған жұлдыздар жарық шығарады. Күн де , жұлдыз да –аспан денелері. Күн жерге жақын. Сондықтан күн үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте алыс орналасқан. Сондықтан жұлдыздар өте кішкентай болып көрінеді. Телескоппен қарағанда, жұлдыздар нүкте сияқты.

Зере:

  • Біздің галактика шексіз. Аспанда қанша жұлдызбар екен? Оның санын ешкім білмейтін шығар?

Алуа:

  • Біз түнде аспаннан алты мыңдай жұлдызды көреміз. Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін екі жүз миллярдтай жұлдыз бар. Ол жұлдыздарды күшті телескоппен көруге болады. Аспанда көлденең жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас ақшыл жолақ- жұлдыздар шоғыры бар. Бұл жолақты қазақтар «Құсжолы» деп атайды.

Зере:

  • Алуа, сен аспан әлемі туралы көп біледі екенсің. Болашақта астроном болатын шығарсың. Сені тыңдаудан жалықпаймын. Рахмет.



Тыңдалымның тапсырмалары:
1.Алуа не турлы көп ойлайды?

А) аспан әлемінің құпиясы туралы

Ә) жер шары туралы

Б) саяхатшылар туралы

В) робото-техника туралы

2. Ол нені ұнатады?

А) ұшақпен саяхаттағанды

Ә) жұлдызды аспанды

Б) өнер-білімді

В) доп ойнағанды

3. Алуа нені бақылайды?

А) жұлдызды аспанды

Ә) ғаламшарларды

Б) техниканың дамуын

В) жұлдыздардың қозғалысын

4. Жұлдыз неден тұрады?

А) газдан, плазмадан

Ә) оттегіден

Б) ауадан

В) судан


5. Күн неге үлкен болып көрінеді?

А) жерге алыс болғандықтан

Ә) айға жақын орналасқандықтан
Б) жерге жақын болғандықтан

В) өте ыстық болғандықтан

6. Түнде аспаннан неше жұлдыз көреміз?

А) 8 мыңдай

Ә) 7 мыңдай

Б) 6 мыңдай

В) 10 мыңдай

7. Галактикада көзге көрінбейтін неше жұлдыз бар?

А) 300 миллиардтай

Ә) 200 миллиардтай

Б) 400 миллиардтай

В) 500 миллиардтай

8. Аспандағы көлденең жатқан жұлдыздар

А) «Құс жолы»

Ә) «Темірқазық»

Б) «Жеті қарақшы»

В) «Кіші аю»

9. Білімді қыздың есімі

А) Алуа

Ә) Зере


Б) Сая

В) Зәуре
10. Жұлдыздар қозғала ма?




А) иә

Ә) жоқ


Оқылым

Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным- қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін.

Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің», - деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.


  • Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! – деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да өзі аяқ-еңбек іздеп, қалаға кетті.

Қалаға кіріп, қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп, жамбасқа жайлы төсек бола кетті.

  • О, қасқаңның жатысын-ай! ... –деп тап өзіме ұқсаған екі бала аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем, көзімді ашуға дәрменім жетпеді. Ар жағын білмедім, тас болып қатып қалсам керек.

  • Түнде өліп жатқан бала сен бе едің, ай? – дегенге артыма қарасам, бір ересек, бір кішірек бала өзен жағасына жақындай берген екен. Біреуі ашаң, сұңғақ денелі, ұстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ. Күнге күйіп, күрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстас болуы керек. Ақшыл денелі, арық, бір аяғын ақсай басып келеді.


Оқылым тапсырмалары
1.Зытып келем сөзінің синонимі

А) қуып келем

Ә) қашып келем

Б) жай келем

В) асықпай келем

2. «Әліпті таяқ деп білмейсің» тұрақты тіркестің мағынасы

А) аңқау

Ә) білімсіз

Б) бұзық

В) сотқар

3. Қолыма таяқ түскен мезгіл

А) күздігүні

Ә) қыс

Б) жазғытұрым



В) көктем

4.Естияр сөзінің антонимі

А) жас

Ә) кәрі


Б) ақылды

В) ер жету

5. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп, жамбасқа жайлы төсек бола кетті. Сөйлемнен көсемшені тап

А) жұмсақ, үгітіліп

Ә) құм, төсек

Б) жайлы төсек

В) үгітіліп, бола

1.Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ы,и,ә,у. В) Ұ,у,ү,и.   С) А,о,у,ы.   D) О,т,ұ,а.   Е) Қ,ғ,о,а.

2.Тек ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.

А) Дастархан.    В) Арқар.   С) Тамыр.   D) Шам.   Е) Тамаша.

3.Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Ащы, қышқыл.   В) Семіз, ерен.   С) Тәтті, дәмді.   D) Тұзды, қатты.   Е) Күшті, үлкен.

4.Түбір сөздерді табыңыз.

А) Кет, айт, жаз.    В) Барсын, жазу, айтты.   С) Көгілдір, ақшыл, келді.   D) Емші, сонау, беру.   Е) Беру, сенің, оның.

5.Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз: «Тоғыздан».

А) Барыс септік.   В)  Шығыс септік.  С) Атау септік.   D) Ілік септік.   Е) Табыс септік.

6.Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.

А) Автор сөзі: Төл сөз.    В) Автор сөзі – Төл сөз.   С) Автор сөзі, - төл сөз.   D) Автор сөзі: «Төл сөз».   Е) Автор сөзі, Төл сөз.

7.Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.

А) Қаратал.   В) Обаған.   С) Ертіс.   D) Есіл.   Е) Тобыл.

8.Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.

А) Оқытушы.    В) Зергер.    С) Жүргізуші.    D) Шебер.    Е) Ұстаз.

9.Әкеңіздің әкесі сізге кім болатынын белгілеңіз.

А) Қайын ата.    В) Ата.   С) Көке.   D) Ағатай.   Е) Аға.

10.Қыс айын белгілеңіз.

А) Мамыр. В) Шілде.   С) Маусым.   D) Қазан.   Е) Желтоқсан.

11.«Парыз» сөзінің синонимдерін табыңыз.

А) Сұлу, көркем.    В) Міндет, борыш.   С) Арнайы, әдейі.   D) Ірі, үлкен.   Е) Тәрбиелі, әдепті.

12.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай.    В) Аласа.   С) Ұсақ.   D) Қысқа.   Е) Төмен.

13.«О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

А) Сөздің кез келген буынын талғамайды.    В) Ашық дауысты.  

С) Езулік дауысты.   D) Қысаң дауысты.   Е) Жіңішке дауысты.

14.Қатаң дауыссыз дыбыстар санын көрсетіңіз.

А) 25.    В) 7.   С) 18.   D) 11.   Е) 6.

15.Зат есімнің құрамына қарай түрлерін табыңыз.

А) Деректі, дерексіз.    В) Жалпы, жалқы.   С) Жанды, жансыз.  

D) Туынды, негізгі.   Е) Дара, күрделі.

16.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың іс-қимылың мезгілін.   В) Заттың іс-қимылының мекенін.   С) Заттың түр-түсін.   D) Заттың қимылын.   Е) Заттың атын.

17.Толықтырыңыз.

«... кітабыңыз өте қызық екен.»

А) Сіз.   В) Біздің.   С) Сенің.   D) Сіздің.   Е) Менің.

18.Келер шақ есімшені табыңыз.

А) Ол ертең қазақ тілінен емтихан тапсырар.    

В) Мейрамды халық бір кісідей тойлаған.  

С) Дем алуға саяжайға кетті.  

D) Қазақ тілінен жаттығулар жазды.  

Е) Олар ауылға барған.

19.Көп нүктенің орнына керекті демеулікті қойыңыз.

Сапарың сәтті болды ...?

А) бе.   В) ме.   С) ба.   D) ма.   Е) ақ.

20.Дара бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әжем көне суреттерді көрсетті.        В) Менің айтып отырғаным - аңыз.  

С) Ертең құрылыс жұмысы басталады. D) Еңбек еткен ер атанар.  



Е) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет