Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?



бет21/21
Дата26.06.2018
өлшемі1,84 Mb.
#44344
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?

1. Ситуация практикадан (өмірден) алынуы керек.

Практикалық маңызы бар бұл ситуация (мәселен, бизнес тарихынан немесе практикасынан алынған оқиға) студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасу мен таластарға әкелуі керек.

Практикада кездесетін ситуацияларды екі түрде келтіруге болады:

а) Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізінде (кейде мұндай кейстерді «далалық» деп те атайды).

ә) Жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).

2. Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.

Ситуацияны талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша белгілі бір прагматикалық нәтижелерге жетуді мақсат тұту керек. «Студенттер қандай білік, дағды, машықтарды игереді?» деген сұраққа жауап беру.

3. Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек.

Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.

4. Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.

Ақпараттың көптігі, біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдануды талап етуі керек.


Сase-study әдісі үйренушілерде келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлылықтарды қалыптастырады:

  • Пән аралық байланыстарды айқындау.

  • Көшбасшылыққа ұмтылу.

  • Қысқа уақыт ішінде жүйеленбеген, ретке келтірілмеген ақпаратты талдау.

  • Сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау.

  • Сәттілікке бағытталу, жеңімпаз психологиясын дамыту.

  • Балама (альтернативтік) шешімдерді бағалау.

  • Нақты кәсіби біліктерді (мәселен, кәсіпорын жұмысы) игеру.

  • Өздері атқарған жұмыстың (талқылау,талдау, жоба, т.б.) нәтижелерін жариялау (презентациялау).

  • Белгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі (немесе, керісінше, оның көлемінің тым көп болуы) мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау.

  • Қарым-қатынас дағдылары мен бірлесе (команда құрамында) жұмыс жасау машықтарын игеру.


Кейстің үлгісі

«Қарғалы» компаниясындағы нақты ситуацияны талдау

(ықшамдалған нұсқасы)
Бұл ситуация студенттердің «Еңбек экономикасы», «Ұйымды басқару» пәндері бойынша теориялық білімдерді қандай деңгейде игергендігін практикалық әрекеттерді қолдану арқылы көрсету мүмкіндігін береді.

Кіріспе.

«Қарғалы» компаниясы 2003 жылы құрылып, сүт өнімдері саласында 5 жылдан бері жұмыс жасауда. Бұл компанияның инфрақұрылымдары мен активтері жылдан-жылға қарқынды түрде дамып, компанияны үдемелі дамып келе жатқан кәсіпорындардың қатарына жатқызу мүмкіндігін береді. Компания ұлттық сүт тағамдарын (айран, қатық, ірімшік, шалап, құрт) шығаратын өңірдегі жалғыз өндіруші. Бұл компанияда бір ауылдың тұрғындары жұмыс жасайды, олардың көбісі бір-бірімен бұрыннан істесіп келе жатқан тамыр-жолдастар немесе туысқандар. Сол себепті де компаниядағы психологиялық ахуал жоғарғы дәрежеде деп айтуға тұрарлық.

Негізгі бөлім.

Ситуацияны сипаттау

«Қарғалы» компанияның сауда-саттық департаментінде 28 қызметкер жұмыс жасайды, олардың ішінде бөлім директоры Сейітжан Әубәкіров (жасы 51-де), көтерме сауда бөлімінің бастығы Әбілғазы Сырбаев (42 жаста) және дүкендер бөлімдерінің бөлімінің бастығы Әбдірахман Сопиев (45 жаста). Бұл қызметкерлер компанияның ең тәжірибелі жұмысшылары: олар мұнда компания құрылғанынан бастап еңбек жасайды, компанияның дамуы мен өркендеуіне көп күш пен қайрат қосқан адамдар. Олардың барлығы да кеңес дәуірінде осы өңірдегі «Прогресс» сүт совхозында еңбек жолын бастаған.

Бұлардан басқа департаменттің екі бөлімінде қызмет жасайтын екі-екіден 4 супервайзер бар. Олардың да осы саладағы еңбек өтілдері жеткілікті, олар да – тәжірибелі мамандар. Қызметкерлер қатарына тағы да 20 менеджер, жүргізуші және хатшы жатады. Олардың ішінде тәжірибелі қызметкерлер қатарына компанияда үш жылдан артық жұмыс істеп жүрген 12 менеджерді қосуға болады.

Компанияда келесідей жұмыс тәртібі қолданады: қызметкерлердің жалақысы бірінші кезекте сауда-саттық департаментінің айлық жоспарды орындауына байланысты. Ал департамент ішінде әр менеджерге бір айға сату жоспары белгіленеді және оның жалақысы да жоспарды орындауымен тығыз байланысты болады.

2008 жылы облыстық ауыл-шаруашылық департаментінің есебі бойынша өңірдегі сүт өнімдерінің тұтынуы 8%-ке өскен, алайда компанияның өз өнімдерін сату ауқымы тек 2% -ке ғана өскен. «Қарғалы» компаниясы сүт өнімдерінің өңірдегі ең үлкен өндірушісі бола тұра, өткен жылдың қорытындысы бойынша сату деңгейін қажетті мөлшерде көтере алмаған.

Мұның себептерін талдау бөлімінің мамандары тұтынушылардың соңғы кезде импорттық өнімдерді сатып алуға бейім бола бастағанымен байланыстырады. Ресейдің «Шадринское молоко» және Голландияның «Датч леди» тауарлық белгілерімен сатылатын қойыртпалы сүттерге деген сұраныстың өсуі соңғы кезде рыноктан байқалып жүр. Осы себепті және де кең етек алып келе жатқан экономикалық дағдарысты ескере отырып, талдау бөлімі компания басшыларына қойыртпалы сүт шығаруды және жарнама мәселелерін қолға алуды ұсынды.

Өз кезегінде компания басшылығы (атқарушы директор Қыстаубаев Бақыт, оның орынбасары Талдыбаев Асан) қызметкерлердің жалпы жиналысында жұмыс орындарын қысқартпай, бірақ компанияның өз өнімдерінің бағасын 5%-ке түсіруіне байланысты жалақы қорын да өсірмей, компанияның өнімдерін шығаруды 6% -ке көтеруді жоспарлады. Бұл үшін елден сүт сатып алуды қолға алып (жекеменшік шаруашылықтар көбінесе өз өнімдерін 44 шақырым жерде орналасқан қалаға апарып сатады), қолма-қол сатудың үлесін көтеру үшін халыларалық маңызы бар тас жол бойында сауда пунктерін ашу керек деп шешілді.

Осы мақсаттарға орай сауда-саттық бөлімі бастығының алдына әрбір қызметкердің сату жоспарын 2009 жылы 6% -ке дейін көтеріп, жалақы қорын сол қалыпта қалдыру жұмысы тапсырылды.

Сұрақтар.

- Жоспарланған шаралар экономикалық дағдарыс кезеңінде компанияның сүт рыногында қалуына себепкер бола ма?

- Дағдарыс уақытында басқа компаниялар жұмыс орындарын қысқартудан бастайды. Мүмкін «Қарғалы» компаниясының да осы бағытты ұстануы дұрыс болар ма еді?

- Компанияға өз өнімдерінің сауда-саттық бағасын 5%-ке кемітпей, керісінше, өсіргендігі дұрыс болар ма еді?

- Өнімдердің ассортиментін өсіру (қойыртпалы сүт шығару) экономикалық дағдарыс кезеңінде дұрыс шара ма? Бұл шешімдердің салдары қандай болады деп ойлайсыздар?

- Компанияның жалақы қорын сол қалпында қалдыру туралы шешімі өміршеңді ме?

Қорытынды бөлім. Тапсырма.

Сауда-саттық бөлімінде жұмыс жасайтын компания қызметкерлерінің мотивациясын 2009 жылдың алғашқы үш айында қалайша көтеруге болатындығын жоспарлап, оны бөлім бастығына ұсыныңыз.

Бұл тапсырманы орындау үшін Сіздер шағын топтарға бөлініп (4-6 адамнан тұратын), қосымшада берілген құжаттармен алдын-ала танысып аласыздар. Сабақта ситуацияны талқылағаннан кейін бір шешім қабылдап, оны жариялауды дайындауларыңыз қажет. Берілген сұрақтарға жауап беріп, қажетті есептеулердіжасап, сауда-саттық бөлімі менеджерлерінің жұмысын қалайша ынталандыруға болатындығын нақты шаралар мен әрекеттер арқылы көрсетіңіздер. Өз ұсыныстарыңызды дәлелдеп, пікірталас барысында оларды қорғауға дайын болыңыздар.
Қосымша.

Облыстық статистика бөлімінің мәліметтері, «Қарғалы» компаниясының үш жылдағы көрсеткіштері, компанияның 2008 жылғы есебі, компания өнімдерінің толық тізімі, компания жұмыс үлгілерінің жарнамалары, компанияның жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған басылымдар, компания қызметкерлерінің толық тізімі.
4. Тренингтер
Тренингтер – қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары.

Тренингтерде әр үйренуші кәсіби (қоғамдық) қызметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтер қатысушыларда (студенттерде, қызметкерлерде) арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналады, мұнда жұмыстың жалпылама әдістемесі қарастырылмайды.

Тренингтердің басты мақсаты - үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. Сол себепті де тренингтерде оқу мазмұны (материалы) тек практикалық тұрғыдан қарастырылады. Мәселен, үйренушілер тренингтерде арнайы берілген жағдайлар мен ситуацияларды модельдейді, оларды қатысушы ретінде өздері «ойнап шығады». Осындай әрекеттер арқылы үйренушілер қажетті практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік тәжірибелері мен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді.

Тренингтердің соңында үйренушілер үйренген дағды және машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігі мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай жұмыс әр үйренушінің өз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен аяқталады.

Әдетте тренингтерде келесідей интербелсенді тәсілдер қолданады: іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар, презентациялар.

Мысалы, студент топтарына практикада туындаған проблеманы шешудің, белгілі бір ситуациядан шығудың ең тиімді жолдарын табу немесе қандай да болмасын әрекетті жүзеге асыру тапсырмалары берілді делік. Мұндағы мәселе студенттердің нақты дағды немесе тәжірибеге үйреніп, оларды практикалық әрекеттер арқылы бекітуінде. Сол себепті де студенттер берілген уақыт ішінде өз әрекеттерін талқыға салып, жоспарлап алып, өз шешімдерін ситуацияны көрсету, оны рөлдерге бөліп ойнау арқылы басқаларға жеткізеді.

Мәселен, егерде студенттерге фандрейзинг тұрғысынан тапсырма берілсе, студенттер белгілі бір фирмаға қалай барып, оның басшылығын қалайша өз жобаларын қаржыландыру ісіне қызықтырып, жұмылдыратындығын көрсетіп беруі керек. Студенттер өздерінің позициясы мен әрекеттерін, сөйлеген сөздерін, тіпті мимика мен ишараттарын мұқият ойластырғаны абзал.

Тағы да бір мысал: топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес жоғарғы оқу орнын жаңадан бітірген жас маманның бірінші жұмыс күнінің ең маңызды мезеттерін ойнап шығуы ықтимал. Мұнда олар жас маманның мекеме (немесе бөлім) басшысымен қалайша сөйлесетіндігін, қалайша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазатындығын, ұжыммен қалай танысатындығын келтіріп, «ойнап» шығуы керек.

Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг аудиториясында талқыланады, басқа топ студенттері өз пікірлерін келтіреді, сұрақтар қояды. Бұл жерде талқылау пікірталасқа да айналып кетуі мүмкін. Әңгіме аяғында сөз ситуацияны көрсеткен топқа екінші рет беріліп, олар өз әрекеттеріне қандай өзгертулер енгізгендігі туралы баяндайды.


Тренингтердің түрлері

Презентацияларды өткізу дағдыларын қалыптастыру тренингтері қандай да болмасын ұсыныстарды баршаға тиімді таныстыру тәсілдерін қарастырады. Презентация - жариялау деген мағынаны білдіреді.

Мұндай тренингтерде студенттер жеке немесе топтық жұмыстардың нәтижелерін басқаларға таныстырудың әдістерін меңгереді. Мәселен, бір топ бірлесе отырып қарастырған проблеманың шешімін плакатта кесте, кластер, схема түрінде кескіндеп, өз ұстанымын топ өкілі (шешен, спикер) арқылы жария қылады.

Бұл жерде басты назар жариялаудың қандай әдістер мен тәсілдер арқылы нақтылы, ұтымды әрі баршаға анық болатындығына аударылады. Студенттер осындай тәсілдерді іс жүзінде игереді.

Жаңа дағдыларға үйрену тренингі - студенттік топ (немесе кафедра, ұйым, мекеме, фирма, кәсіпорын ұжымдары, т.б.) мүшелерінің қандай да бір жаңа білік пен дағдыларға үйренуі үшін өткізілетін жаттығулар жиынтығы. Мұндай тренингтің мақсаты – топтың жұмыс жасау деңгейін (ұжымның бәсекеге қабілеттілігін) арттырып, студенттердің (қызметкерлердің) оқу мен жұмыстың жаңа тәсілдеріне үйренуі.

Мәселен, бірінші курстың (адаптациялық аптада) немесе семестрдің басында өткізілген мұндай тренингтерде студенттер кредиттік оқудың ерекшеліктерімен, қажетті құжаттармен танысып, интербелсенді әдістер мен тәсілдерге, жаңа компьютерлік бағдарламаларға, интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйренуі мүмкін.



Іскерлік қатынас дағдыларының тренингтері үйренушілерде тұлға аралық қарым-қатынастың тиімді дағдыларын дамытуға бағытталады. Студенттер мұндай сабақтарда топ құрамында бірлесе жұмыс жасаудың, өзгелермен тіл табысудың, ортақ мәмілеге келудің, жанжалдардың алдын алудың тәсілдерін меңгереді.

Келіссөз жүргізу дағдыларының тренингтері қарама-қарсы жақпен тиімді талқылау мен пікір алмасудың тәсілдерін ұсынады. Бұл тренинг те іскерлік қатынас дағдыларын дамытатындықтан, мұнда да өзгелермен (тіпті қарама-қарсы пікір ұстанушылармен) тіл табысудың, бітімге келудің, жанжалдардың алдын алудың тәсілдері меңгеріледі.

Көшбасшылық (лидерлік) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтері болашақ маман және басшы ретінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады.

Мұндай тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталандыру, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға белсенді әрекеттер арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рөлдік ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.

Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және шешім қабылдау, бағалау, бақылау, болжау, ынталандыру, т.б.) талдау жасап, басқару мәселелерін тиімді шешудің әркеттері мен алгоритмдеріне үйренеді, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Мұндай тренингтерде «Көшбасшы деген кім?», «Бәсеке және билік», «Басшының қасиеттері қандай болу керек?», «Келіссөздерді жүргізу», «Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.

Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолдануы күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жазбаларды оқу мақсатында қолдануда.

Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің шағын тобы проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп береді. Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты жағдаяттарды аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтарын бірер уақыт талқылап, жоспарлайды.

Осыдан кейін топ проблема шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта көрсетеді де, олардың әрекеттері видеоға түсіріледі. Топ қойылымы аяқталған соң, студенттер оны бейне таспадан көреді. Мұнда ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да «басынан өткеріп», басқа студенттермен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.

Әрине бұл жұмыста оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.


5. Оқытудың компьютерлік технологиялары
Оқытудың/оқудың компьютерлік технологияларының қатарына интернет-технологияларды, электрондық пошта технологиясын, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, оқыту видеокурстарын жатқызуға болады.

Электрондық пошта технологиясы білім меңгеру процесіндегі қарым-қатынасты виртуалды кеңістікке ауыстырады. Мұнда оқытушы мен студенттің, студенттердің бір-бірімен жасайтын оқу байланыстары Интернет арқылы өтеді. Бұл әдіс соңғы кезде жоғарғы мектепте кең өріс алып келе жатқан қашықтықтан оқыту технологиясының негізгі құралы ретінде танылады.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары оқу/оқытуды екі негізгі режимде жүргізу мүмкіншілігін береді: ақпараттық-анықтамалық және бақылау жасау арқылы оқу/оқыту. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының ішінде гипермәтіндік, мультимедиалық және интеллектуалдық (мәселен, «Виртуалды түрде жұмысқа тұру») бағдарламаларды атауға болады.

Бағдарламалық оқытудың басты ерекшелігі ретінде ұсынылған материалдың құрамдас бөліктерге бөлініп, оны игерудің әр қадамын бағалауды атауға болады. Бағдарламалық оқытуда ақпарат шағын мөлшердегі бөліктермен қағазға басылған түрде немесе компьютердің мониторында беріледі. Әрбір бөлік бойынша жұмыс жасағаннан кейін, үйренуші өзіне берілген материалды қандай деңгейде игергендігін көрсететін тапсырмаларды орындауы керек.

Бағдарламалық оқытудың тағы да бір артықшылығы: үйренуші оқу материалымен жұмыс жасағанда өзіне қолайлы жылдамдықпен алға жылжып отырады. өйткені оқу материалының келесі бөлігіне ауысу тек алдыңғы бөлік игерілгенде ғана жасалады.

Бағдарламалық оқытудың бір түріне компьютерлік оқу/оқыту жатады. Компьютер үйренушілердің жауаптарын бағалап, келесі материалдың қандай болғандығын өзі анықтайды. Компьютерлік оқу/оқытудың тағы да бір ерекшелігі кері байланыстың компьютерлік ойындардағыдай ашық және реңді бояулармен айшықталатындығында.

Зерттеулер компьютерлік оқуда/оқытуда үйренушілер ұсынылған оқу материалын тез игеретіндігін анықтаған, алайда бұл әдістің нәтижелері үйренудің басқа белсенді тәсілдерін қолдану нәтижелерінен артық емес екен.

Компьютерлік оқу/оқытуда әсіресе ұжымды басқаруға, жарнамалық кампанияларды өткізуге, келіссөздер жүргізуге үйрететін әртүрлі іскерлік ойындар кең етек алған.



Интернет-технологиялар (оның ішінде web-технологиялар) оқу курстарын Интернет желісі арқылы дайындау мен үйренушіге жеткізу үшін қолайлы. Бұл технология ақпараттық ресурстарды бірлесе қолдану үшін жинақталған оқыту материалдарын ұсынады. Мұнымен қатар Интернет арқылы қашықтықта жұмыс жасауға қолайлы әрі тиімді.

Оқыту видеокурстары оқу/оқытуды электрондық оқулықтар негізінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Мұнда аудио-, видео- және графикалық материалдар кешенді түрде компьютер арқылы студенттерге ұсынылады.

Қолданылған әдебиет тізімі
Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004. – 46 б.

Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін 2006-2009 жылдарда дамыту тұжырымдамасы. – presscenter.kz.

Аванесов В. С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме: Учебное пособие. М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 1995. – 96 с.

Айзенк Г.Дж. Узнай свой собственный коэффициент интеллекта. - М.: «Ай кью», 1996. – 160 с.

Бахтин М.М. Проблемы поэтики Достоевского. - М., 1963. – 363 с.

Бек Э.Б. Критическая грамотность на уроке. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2005, том 6, № 2.- С. 3-9.

Берков В.Ф., Яскевич Я.С. Культура диалога: Учебное пособие. – М.: Новое знание, 2002. – 354 с.

Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989. - 192 с.

Болонский процесс: Бергенский этап/Под ред. В.И.Байденко. - М.: Исслед. центр проблем качества подготовки специалистов. – Астана: Национальный аккредитационный центр Министерства образования и науки Республики Казахстан. 2006. – 184 с.

Болонский процесс: середина пути/Под ред. В.И.Байденко. - М.: Исслед. центр проблем качества подготовки специалистов. – Астана: Национальный аккредитационный центр Министерства образования и науки Республики Казахстан. 2007. – 400 с.

Бриллер В. Оценивание для совершенствования. Слайды. – Шымкент, 2006.

Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: методическое пособие. – М.: Высшая школа. – 1991. – 207 с.

Выготский Л.С. Психология. – М.: ЭКСМО-Пресс, 2000. – 1008 с.

Гойхман О.Я., Надеина Т.М. Речевая коммуникация: Учебник /Под ред. проф. О.Я.Гойхмана. М.:ИНФРА-М, 2001.- С. 131

Губин В.Д. Я познаю мир.- М., 1997. – 369 с.

Дьюи Дж. Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.

Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.

Ирсалиев С. Внешнее оценивание в системе образования США. Слайды. - Алматы, 2006.

Йоренсен Л., Хансен С.. Оценка рефлексии с помощью портфолио. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2004, том 5, № 4.- С. 5-11.

Капица В. Культура труда как производительное творчество человека. Киев, 1989. – 127 с.

Кларин М. В. Инновации в мировой педагогике. - Рига, «Эксперимент», 1998 г. - 180 с.

Кларин М. В. Корпоративный тренинг от А до Я: Научно-практическое пособие. - М.: Дело, 2000. - С. 151.

Корнеева Л. И. Современные интерактивные методы обучения в системе повышения квалификации руководящих кадров в Германии: зарубежный опыт / Л. И. Корнеева // Университетское управление: практика и анализ. - 2004. – № 4 (32). С. 78-83.

Коростылева Л.А., Советова О.С. Психологические барьеры и готовность к нововведениям. – СПб., 1996. – 66 с.

Косгров Ю., Шил Дж., Софрониу С., Шорт Ф.. Ирландиядағы «Өмірлік білім» халықаралық тестінің қорытынды есебінен үзінді. – Дауыс және көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал. №1-2 (21), 2005.

Кравченко Н. «Педагогика угнетенных» Паоло Фрейре. - Перемена. Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, Том 3 (1), 2002. – С. 39-41.

Кукушкин В.С. Общие основы педагогики. - Ростов-на-Дону, 2000. – 367 с.

Лебедева М., Шилова О. Электронный портфолио в работе со студентами педагогического университета. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 6, №4, октябрь, 2005. - С. 21-25.

Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. - М., 1998. – 265 с.

Лешкевич Т. Г. Философия науки: традиции и новаторство. Учебное пособие для студентов вузов.- М.: Изд-во ПРИОР. 2001. – 428 с.

Лукичев Г.А. Болонский процесс - императив развития европейского высшего образования. / Высшее образование сегодня, М 2. - М., 2002.

Магура М. И., Курбатова М. Б. Организация обучения персонала компании. М.: ЗАО Бизнес-школа «Интел-синтез», 2002. - 192 с.

Макдермот П. Используя автобиографическое письмо для развития критического мышления. – В сб. Письмо: От истоков к настоящему/Сб.выступлений ІІІ Национальной конференции по чтению. – Под редакцией С.Мирсеитовой - Алматы: Фонд «ХХІ век», 2003. – 216 с.

Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001. – 153 с.

Мирсеитова С.С. Словарь RWCT. - Алматы: Верена, 2005. - 144 с.

Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. – Алматы: Верена, 2008.-260 с.

Монтень М. Опыты.- М.: Правда, 1991.- 656 с.

Моулд Х.Л. Воспитание граждан общества будущего: формирование социально-критической ответственности. – Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 3 (3), 2002. – С.10-13.

Некоторые вопросы образования. Пер. с англ. - Алматы: Центр Демократического Образования, 2001. – С.63.

Некоторые вопросы образования-2. Пер. с англ. - Алматы: Казахстанская Ассоциация по чтению, 2003. - 60 с.

Нурланова К.. Человек и Мир. Национальная идея казахского народа.- Алматы, 1994. – 48 с.

Организация, формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы: требования, условия, механизмы. Учебно-методическое пособие. /Под ред. Н.А.Волгина, Ю.Г.Одегова. – М.: Изд-во Рос.экон.акад.,2004.
Остренко М. Технология «Учебный портфель» в образовательном процессе. – http://lib.1september.ru/2003/16/1.htm

Педагогические мастерские: Франция—Россия. /Под ред. Э. С. Соколовой. - М.: Новая школа, 1997. - 128 с.

Перцев А.В. Врачующая философия К.Ясперса. – Западная философия: итоги тысячелетия.- Екатеринбург, «Деловая книга», 1997/ Бишкек, «Одиссей», 1997. – 656 с.

Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.

Равен Дж. Педагогическое тестирование: проблемы, заблуждения, перспективы /Пер. с англ. – М.: «Когито-центр», 1999. – 144 с.

Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация /Пер. с англ. – М.: «Когито-центр», 2002. – 396 с.

Рован Д., Видович В.В. Обучение через общественно значимую практику: работа с детьми, испытывающими трудности в обучении. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, №1.

Росс-Фишер Р.Л.. Игра, моделирующая реальность, как средство повышения эффективности обучения. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 6, №3, июль, 2005. - С. 18-22.

Саффкова С. Портфолио как способ научить письменной аргументации. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, осень 2001 (6). - С. 11-15.

Сейталиев Қ. Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы /1920-1991/. Пед.ғыл. докт. дис. авторефераты. – Атырау, 1997. - 393 б.

Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998. – 256 с.

Смелкова З.С. Педагогическое общение: Теория и практика учебного диалога на уроках словесности. – М.: Флинта Наука, 1999. – 324 с.

Современный студент в поле информации и коммуникации. Учебно-методическое пособие для слушателей семинара «Новые педагогические технологии в высшей школе». – СПб.: PETROC. - 2000. – 67 с.

Стилл Дж., Мередит К, Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы үшiн дайындалған әдістемелік құрал. – Алматы, 1998. – 33 бет.

Суспицина Т. Статус и состояние экономики как учебного предмета в вузах США. www.ecsocman.edu.ru.

Тейлор Дж. Образование и жизнь: обучение через служение обществу. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, №1.

Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту әдістері. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 1998. – 72 б.

Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген V- құрал. - Алматы, 1998. – 78 б.

Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сабақтарды жоспарлау және бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген VІ- құрал. - Алматы, 1998. – 55 б.

Темпл Ч. Стратегии для использования в любых предметных областях.- Алматы, Фонд ХХІ век, 2002. – 40 с.

Темпл Ч. Критическое мышление и критическая грамотность. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2005, том 6, № 2.- С. 15-20.

Фостер К. Вводные вопросы для активизации критического мышления. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 5, №4, октябрь, 2004. - С. 38-43.

Фромм Э. Душа человека. – М.: Республика, 1992.- 430 с.

Хербек Дж., Бейер К. Обучение критической грамотности: Как помочь будущим учителям осознать роль чтения и письма в раскрепощении личности. – Перемена. Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, № 4.

Цукерман Г. А. Инновации в мировой педагогике. - Рига, «Эксперимент», 1998. - 180 с.

Чемвей Б., Кибос Дж.К., Илиева Э.. Влияние коллективного обучения на преподавание поэзии. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 6, №4, октябрь, 2005. - С. 26-34.



Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. – Владивосток, 2000. – 54 с.
Каталог: uploads -> doc -> 0b40
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b40 -> Сабақ: №23 Сынып: 11 а тақырыбы: Ұлыбритания. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
0b40 -> Сабақтың тақырыбы Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет