Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Нашақорлық-ғасыр дерті. Мақсаты


Слайд №14. (оқушы фотосы) Ұстанымы



бет5/5
Дата20.07.2020
өлшемі26,36 Kb.
#63385
1   2   3   4   5
Слайд №14. (оқушы фотосы)

Ұстанымы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Ал Анарға сұрақ қоямын деп құлшынып отырған «Денсаулық» журналының тілшісі Олжас мырза.



Сұрақ: Есірткі ағзаға қалай әсер етеді?

Жауап: Есірткі тән саулығын зақымдап, өмір жасын қысқартады. Қылмысқа апарады. Түрлі аурулар туғызады. Еңбек қызметінен айырады. Балалары кемтар болып туады. Аузындағы сілекей қабығына ақ таңдақтар түседі. Тері, тамақ, өкпе қабынуы меңдейді.

слайд №15.

Ең соңғы қонағымыз нарколог Әлішер мырза.



Слайд №16. (оқушы фотосы)

Ұстанымы: «Тәні саудың- жаны сау»

Сұрақ қою кезегі «Найманбай қырандары» газетінің тілшісі Наргиз Талғатқызына беріледі.

Сұрақ: Нашақорлықтан емделудің жолы бар ма?

Жауап: Әрине бар. Осы отырған баршамыз бұл кеселге жол бермеуіміз керек.Алматыда «Ақниет», «Нарконон» диспансерлік сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Слайд№ 17,18.

Дөңгелек үстелімізде тамамдалып қалған сияқты. Барлықтарыңыздың назарларыңызды көгілдір экранға аударуларыңызды сұраймыз.



Слайд №19 . Бейне көрсетілім.

-Осы көрсетілім жайлы ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

-Бұл көрсетілімнен нашақор баланы көріп отырмыз. Жаман мінез, рухани кесел. Кеселді жою үшін тамырына балта шабу керек.

-Баланың әлсіз, жауапсыз екендігін көріп отырмыз.

-Бұл жерде ана баласына кеште болса жігер берді.Өмірге көзін ашты.Ал бала қайраттанып тәубесіне келді.

-Ештен кеш жақсы демекші баланың дұрыс жолға түскені балаға да, анасына да, қоғамға да үлкен олжа болып тұр.

Сонымен қорыта келгенде наша дегеніміз не? Слайд №20

Тренинг Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін,

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін,

Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін.

Уақыт бар әлі, кеш емес

Біз айтқан әңгіме бос емес!

Сөз кезегі «Ақпарат айнасы», «Сен білуге тиіссің?» айдарында.

Слайд № 21, 22.

Қорыта келе айтарымыз:

-Жылына 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді. Оны өздеріңіз көгілдір экран- нан көріп жүрсіздер. Аты жаман індетке апаратын тура жол осы- нашақорлық екенін балалар түсінген боларсыңдар.

Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз.Тәлім-тәрбие жолында қажет болса жанымды үзіп берер шәкірттеріме тілерім нашақорлықтан жас жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.

Слайд № 23,24, 25.

Бүгінгі ашық сабағымыздың түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.



«Дені сау сәби- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ».

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: sites -> default -> files -> 2012
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
2012 -> Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2012 -> Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2012 -> Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2012 -> Библиографиялық тізім


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет