Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


дәріс - Кіріспе. Тақырыбы: Хордалылар типі



бет2/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
1 дәріс - Кіріспе. Тақырыбы: Хордалылар типі.

1. Типтің жалпы сипаттамасы. Құрылысындағы айрықша ерекшеліктері мен белгілері және омыртқасыздармен жалпы сипаттылығы (дененің 2-ші қуысы, т.б.).



  1. Типтің классификациясы.

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда – хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардың үлкен маңызы бар. Омыртқалы жануарлар құрылықты, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейдi. Сондықтан оларды бүкiл жер шарына түгелдей тараған деуге болады.


Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлi салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткенi үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың iшiнде азық үшiн өсiретiндерi де, терi, жүн беретiндерi де, көлiк және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлерi де бар. Хордалылардың кейбiреулерi ауыл шаруашылығының зиянкестерi (кемiргiштер-тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар, көптеген түрлерi орман, балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерiн тигiзедi. Хордалылар типiнiң өкiлдерi адамдардың және ауыл шаруашылық малдарының қауiптi ауруларын сақтаушы және тасушы рөлiн атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит т.б.
Бәрiнiң де денесiнiң ұзына бойына созылып жатқан iшкi тiрек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпiмдi созылып жатқан тұтас зат. Төменгi сатыдағы хордалыларда хорда өмiр бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезiнде мезодерма қабатынан дамиды. Хорданың үстiңгi бөлiмiнде нерв жүйесiнiң орталығы нерв түтiгi орналасқан. Бұл түтiктiң ішкi қуысын – невроцель деп атайды.
Омыртқалылар зоологиясы пәні жануарлардың сыртқы, ішкі қурылысын, географиялық таралуын, мекен ортасын, қоректенуін, көбеюін, дамуын, систематикасын, шығу тегін зерттейді.
Басқа жануарлар мен салыстырғанда омыртқалы жануарлардың үлкен маңызы бар. Омыртқалы жануарлар құрылықты, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейдi. Сондықтан оларды бүкiл жер шарына түгелдей тараған деуге болады.
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлi салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткенi үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың iшiнде азық үшiн өсiретiндерi де, терi, жүн беретiндерi де, көлiк және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлерi де бар.
Табиғатта тiршiлiк ететiн көптеген тағы түрлерi үй малдарының жаңа пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады. Сондай-ақ, жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып, ет, май, бағалы терiлер сияқты шаруашылыққа қажеттi өнiмдер аламыз.
Хордалылардық теориялық және практикалық жағынан маңызы зор. Барлық үй жануарлары осы хордалылар типiне жатады (ет, сүт, май, терi, т.б.)
Көптеген хордалылардың, мысалы ондатр, суыр, зорман, бұлғын және т.б. жануарлардың кәсiптiк маңызы өте жоғары. Хордалылардың кейбiр өкілдері ауыл шаруашылығының зиянкестерi (кемiргiштер-тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар, көптеген түрлерi орман, балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерiн тигiзедi. Хордалылар типiнiң өкiлдерi адамдардың және ауыл шаруашылық малдарының қауiптi ауруларын сақтаушы және тасушы рөлiн атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит т.б.
Хордалылар типiне жануарлар дүниесiнiң эволюциялық қатарының ең жоғарғы сатысында тұрған организдер жатады. Тип өкiлдерiнiң сырт көрiнiсi мен құрылысы, тiршiлiк ету тәсiлдерi бәрiнде бiрдей емес. Өйткенi, бұл типке өзiмiзге таныс ланцетниктер, балықтар, бақалар, кесiртке мен жыландар және әртүрлi құстар мен аңдар жатады. Тiптi, адам да осы типтiң өкiлi. Тип өкiлдерi iшiнде сырт көрiнiсi құртқа ұқсаған түрлерде бар. Бiрақ, тип өкiлдерi осындай әр алуан өзгешелiктерiне қарамастан, олардың құрылысында бұларды бiр-бiрiмен жақындастыратын, бәрiне ортақ бiрнеше белгiлерi бар.
Бәрiнiң де денесiнiң ұзына бойына созылып жатқан iшкi тiрек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпiмдi созылып жатқан тұтас зат. Төменгi сатыдағы хордалыларда хорда өмiр бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезiнде мезодерма қабатынан дамиды.
Хорданың үстiңгi бөлiмiнде нерв жүйесiнiң орталығы нерв түтiгi орналасқан. Бұл түтiктiң ішкi қуысын – невроцель деп атайды. Нерв түтiгiнiң құрылысы барлық хордалылар үшiн тән сипат. Дамудың барысында барлық хордалыларда нерв түтiгiнiң алдыңғы бөлiгi өсiп, үлкейiп бас миына, ал қалған бөлiгi жұлынға айналады. Орталық нерв жүйесiнен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды.
Ас қорыту түтiгiнiң алдыңғы бөлiгi, сыртқы ортамен екi қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды – желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тiршiлiк ететiн төменгi сатыдағы хордалыларда да (личинка хордалылар-асцидия; бас сүйексiздер-ланцетник, бас сүйектiлердiң iшiнде – дөңгелек ауыздылар, балықтар, ұрықтың даму кезiнде қос мекендiлер) өмiр бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезiнде болады да, содан кейiн жойылып кетедi. Жоғарыда айтылған үш негiзгi ерекшелiгiмен бiрге тағы да басқа хордалыларды сипаттайтын ерекшелiктерi бар. Ол хордалылардың денесiнде екiншi реттегi қуыстың (целом) пайда болуы. Хордалылар екiншi ауызды жануарлар. Бiрiншi ауыздың орнына аналь тесiгi пайда болады. Суда және құрлықта тiршiлiк ететiн бұл жануарлардың 50 мыңға жақын түрлерi белгiлi. Кейбiреулерi ұшуға бейiм, көпшiлiгi еркiн қозғалады. Хордалыларға бас сүйексiздер, личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар (миногалар мен личинкалары), балықтар, қосмекендiлер, бауырымен жорғалаушылар құстар мен сүтқоректiлер жатады.
Хордалылар типi өзара ерекшелiктерiне қарай үш тип тармағына бөлiнедi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет