Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


Зәр шығару жүйесi. Арнайы зәр шығару мүшесi жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбiр клеткаларда жиналып сол организм iшiнде қалып қояды. Ас қорыту жүйесi



бет6/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Зәр шығару жүйесi. Арнайы зәр шығару мүшесi жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбiр клеткаларда жиналып сол организм iшiнде қалып қояды.
Ас қорыту жүйесi. Кіретiн ауыз сифоны арқылы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады. Ауыз жұтқыншақпен, жұтқыншақ асқазанмен және таға тәрiздi iшекпен, iшек сыртқа шығатын сифонға ашылған аналь тесiгiмен жалғасады. Су ағынымен iлесiп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер бездi нашауық эндостильдiң түбiне жиналып, эпители кiрпiкшелерiнiң қозғалуының арқасында, шырынға оралған єоректiк заттар iшекке түседi де сол жерде қорытылады.
Көбеюi. Тiршiлiк ету ортасына бейiмделгендiгi соншалықты, олар тек жынысты жолмен ғана емес, жыныссыз жолмен де көбейедi. Личинка хордалылардың бәрi қос жынысты (гермафродиттер).Ұрықтануы аналығының iшiнде және сыртқы ортада болады. Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқалардан өз бетiмен жүзетiн личинкалар дамиды. Олар ересектерiне ұқсамайды. Көптеген түрлерi жыныссыз жолмен көбейедi. Жыныссыз көбеюi бүршiктену арқылы орындалады. Асцидияларда отырып тiршiлiк етуiне байланысты көпшiлiк мүшелерi дамымаған.
Дамуы. А.О.Ковалевский асцидияның дамуын мұқият зерттегенге дейiн, жануарлар жүйесiнде олардың орны белгiсiз болып келдi. Ғалым өзiнiң зерттеуiнiң нәтижесiнде асцидияның дамуы ланцетниктердiң эмбриональдық дамуына ұқсас екенiн және личинкаларының да дене құрылысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын көрсеттi. Личинкаларында хорда мен нерв түтiктерi жақсы дамыған. Личинкалары өз бетiмен бар болғаны бiр күн, кейде бiрнеше сағат қана жүзiп жүредi де су астындағы бiр заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк етедi. Бiр жерде бекiнiп тiршiлiк етуiне байланысты денесi өзгерiске ұшырайды, атап айтқанда хорда, нерв түтiктерi дамымай жойылып кетедi. Сөйтедi де денесi ересек асцидияның дене пiшiнiне ұқсап қап тәрiздi болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ланцетниктің сыртқы қурылысы.

  2. Ланцетниктің тері қапшығы.

  3. Ланцетниктің ет жуйесі

  4. Ланцетниктің нерв жуйесі

  5. Ланцетниктің сезім мушелері.

  6. Эндостильдің қызметы

  7. Эндостильдің қурылысы

  8. Ланцетниктің көбеюі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет