Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет32/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5
лекция 4, лекция 4, лекция 4, Политическая система каз А5, Document, Document, 8, 8, 5В050400-Журналистика, 5В050400-Журналистика, Политическая система каз А5, Политическая система каз А5, 5В050400-Журналистика (1)
Г. Алмондты болып жатқан процестерді талдау ғана емес, 
саяси жүйенің тұрақты құрылымдарының айқындаушы 
мәні қаншалықты екені қызықтырды. Сол себепті оның 
талдауында «құрылым» термині «мәдениет» терминімен 
қатар басты орынды алады.
19 
Almond A.G., Verba S. The Civic Culture: Political Attitudes and Democracy in Five 
Nations. Boston, 1963; Политология. Под ред. Ачкасова В.А., Гуторова В.А. СПб.: 
Питер, 2005. - С. 109-112.


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
41
«Құрылым» дегенде саяси жүйені қалыптастыратын 
қызмет айтылуда. Адамдар қызметінің саяси процеске 
қатысатын нақты бөлігі рөл деп аталады.
Рөлдер – бұл, саяси жүйені қоса санағанда, барлық 
әлеуметтік жүйелер жасақталатын бірліктер болып саналады. 
Осыған орай саяси жүйенің негізгі компоненттерінің бірі – 
саяси рөл. Өзара байланысты рөлдердің нақты жиынтығы 
құрылымды құрайды. Мәселен, сот қызметкері (судья) – 
рөл, сот – рөлдер құрылымы. 
Жүйеге деген функционалды талаптарды постулаттау 
тұтас тәсілдеме үшін іргелі болып табылады. Баламалардың 
шектеулі санынан таңдалған және қоғам өміріне қажетті 
мақсаттардың қандай да бір көлемі бар. Бұл мақсаттар 
нақты әрекеттерге айналу үшін жүйе белгілі бір қызметтерді 
орындауы тиіс. 
Қоғамдық ғылымдарда функциялар – мақсатқа 
сәйкес қызмет. Мақсатқа сәйкестік жүйенің шеңберімен 
анықталады. Бағытталған немесе мақсатты қызметтер 
«айқындар» деп, басқалары «жасырындар» аталады, 
әрекеттер мен құрылымдарды туындатушылардың бәрін 
терең түсіну үшін ескерілуі қажет.
Құрылымдық-функционалды әдістің артықшылығы 
саяси акторлар мен топтардың, әсіресе жасырын қызметінің 
маңыздылығын түсінуге септігін тигізуінде.
Г. Алмондтың пікірінше саяси жүйенің кіріс және 
шығыс факторларын сол жүйенің негізіндегі қызметтер 
тұрғысынан талдау қажет. Ол мынадай сұрақтар қояды: 
• кім? (яғни, қандай құрылымдар); 
• қандай қызметтер атқарады?; 
• қандай жолмен? 
Саяси жүйе деп «саяси шешімдер қабылдауға қатысы бар 
әрекеттің барлық түрлерін» түсінуді ұсына отырып, ол нақты 
саяси қызметтер мен рөлдер атқаратын институттарды 
саяси жүйе құрамына кіргізеді. 
Д. Истонның жолымен жүре отырып Г. Алмонд та «кіріс» 
және «шығыс» функцияларын бөліп көрсетті, сонымен 
бірге әр саяси институтқа белгілі бір саяси рөл бекітті.
«Кірісте» саяси әлеуметтену қызметтерін белгілі бір 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
42
дәрежеде саяси жүйенің барлық элементтері, оның барлық 
институттары жүзеге асырады, «кірістің» басқа қызметтері 
нақты саяси институттар арасында таралады.
Осылайша мүдделерді біріктіру функциясы саяси 
партиялар құзырына жатады, ал мүдделі топтар мүдделерді 
білдіру қызметін орындаулары керек, сол екі арада 
бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық коммуникация 
қызметін атқарады, басқаша айтқанда халық пен билік 
институттары арасында өзара байланысты қамтамасыз 
етеді.
«Шығыста» мемлекеттік биліктің әр тармағы да белгілі 
бір қызметтерді атқарады. 
Заң шығарушы билік институттары барлық азаматтар 
үшін міндетті сипатқа ие өзара қарым-қатынас қағидалары 
мен нормаларын жасайды.
Бұл қағидаларды қолдану қызметі атқарушы билік 
органдарына жүктелген. 
Сот органдары қағидаларды сақталуын қадағалау 
қызметін жүзеге асырады. 
Осылайша, саяси рөлдер мен қызметтердің нақтылануы 
мен бөлінуі арқылы саяси жүйенің өзінің ғана емес, 
қоғамның да тұрақтылығы, өзгерген жағдайда оның 
бейімделу қабілеті қамтамасыз етіледі. 
Жалпы алғанда, Г. Алмонд саяси жүйені: 
• бір жағынан, тұрақтылықты сақтай отырып қоғамда 
қайта құрулар жасауға қабілеттілік ретінде; 
• екінші жағынан, өзара тәуелді элементтер жиынтығы 
ретінде сипаттайды, сонымен бірге біртұтастың 
(мемлекеттің, партияның, элитаның) әрбір элементі жүйе 
үшін өмірлік маңызы бар қызметтерді орындайды.
Саяси жүйенің коммуникативті моделін шыққан тегі 
австро-венгр американдық теоретик Карл Дойч жасады. 
Ол саяси жүйені қоғамның қойылған мақсаттарға жету 
жөніндегі күш-жігерін басқару және үйлестіру процесі 
ретінде, коммуникациялар мен ақпараттық ағымдардың 
желісі ретінде түсінген.
20
20 
Қараңыз: https://ru.wikipedia.org/wiki/Дойч Карл; http://nicbar.ru/tp_06.htm. 
24.04.2016


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
43
К. Дойч саяси жүйенің ақпараттық-кибернетикалық 
моделін 
ұсынады, 
оның 
аясында 
ақпараттық-
коммуникативті ағымдар қозғалысының түрлі фазаларымен 
байланысты төрт блокты бөліп көрсетеді:
• жүйе «кірісте» ақпаратты қабылдау және іріктеу (ішкі 
және сыртқы рецепторлар арқылы); 
• ақпаратты өңдеу және бағалау; 
• шешім қабылдау; 
• шешімді жүзеге асыру және жүйе «шығыстан» «кіріске» 
кері байланыс.
Бірінші фазада саяси жүйе ішкі саяси және сыртқы саяси 
«рецепторлар» арқылы ақпарат алады, ол «рецепторларға» 
ақпараттық қызметтер (мемлекеттік және жекеменшік), 
қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары және т.б. Бұл блокта 
келіп түсіп жатқан мәліметтерді іріктеу, жүйелеу және 
бастапқы талдау жүргізіледі.
Екінші фазада саяси жүйе іріктелген ақпараттың өңделуін 
қамтамасыз етеді, ақпарат «жады мен құндылықтар» 
блогына түседі, онда ол, бір жағынан бұған дейін жиналған 
мәліметтермен салыстырылады, екінші жағынан, осы 
саяси жүйеде үстемдік еткен нормалар, стереотиптер және 
құндылықтар көзқарасы тұрғысынан бағаланады. 
Үшінші фазада үкімет «шешім қабылдаушы орталық» 
ретінде жүйенің ағымдағы жағдайын реттеу жөнінде тиісті 
шешім қабылдайды. Саяси жүйенің негізгі басымдықтары 
мен мақсаттарына ағымдағы саяси жағдайдың сәйкестігі 
дәрежесін берілген қорытынды бағалауды алғаннан кейін 
шешім қабылданады. 
Төртінші фазада «эффекторлар» деп аталатындар 
(ішкі саяси және сыртқы саяси атқарушы органдар) үкімет 
қабылдаған шешімдерді жүзеге асырады. 
Осы ретте «эффекторлар» қызметінің нәтижелері 
жүйеден «шығыс» кезінде жаңа ақпаратты тудырады 
(ішкі саяси және сыртқы саяси), ол ақпарат кері байланыс 
арқылы қайтадан «кіріске» түседі де бүкіл жүйені қызмет 
етудің жаңа циклына алып шығады. 
Басқа интерпетацияда («процессуалды») К. Дойч 
процесті бір бірінің ізімен орналасқан төрт блокқа – 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
44
қоғамды басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникативті 
процесін құрайтын субпроцестерге бөлді.
Бірінші блокта көптеген қабылдаушы элементтер 
орналасқан, аталған элементтерге түрлі қайнар көздерден 
сыртқы және ішкі ортадан ақпараттың үздіксіз ағындары 
келіп түседі:
• мемлекеттік және қоғамдық; 
• ресми және бейресми; 
• ашық және жабық.
Бұл блокта қажетті мәліметтерді іріктеу және оларды 
кодтау жүргізіледі. 
Екінші блокта алынған ақпарат мемлекетте үстемдік 
еткен құндылықтармен, дәстүрлермен, нормалармен 
салыстырылады, көзделген мақсаттарға сәйкес іріктеледі, 
жинақталып, сақталады.
Процестердің ықтимал даму нұсқалары және олар 
тудырған өзгерістер үшінші блокқа немесе шешім қабылдау 
орталығына беріледі. 
Дайын шешімдер жүзеге асырылуы үшін орындау 
блогына беріледі, онда орындаушылар шешімдерді 
орындап қана қоймай, жүйенің өзінің жағдайы туралы 
ақпарат береді - жүйенің «кіріске» кері байланыс белгісін 
жеткізеді.
Саяси жүйенің эффективтілігі: 
• келіп түсіп жатқан ақпараттың саны мен сапасына; 
• оның коммуникациялық желілерінің жағдайына 
байланысты. 
Саяси жүйеге:
• басқару үшін қажетті қоғам мен бүкіл қоршаған ортаның 
жағдайы туралы дәйектердің көлемі - сыртқы ақпарат
• жүйенің өзінің жағдайы мен динамикасы туралы ішкі 
ақпарат түсіп тұруы керек. 
К. Дойчтың пікірінше, саяси жүйенің мақсаты - тұрақты 
дамуды және барлық саяси топтар мүдделері арасындағы 
динамикалық тепе-теңдіктік қамтамасыз. 
К. Дойч саяси жүйеде жүзеге асырылатын
коммуникацияның үш негізгі түрін бөліп көрсетеді: 
• жеке бейресми коммуникациялар, мәселен,


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
45
депутатыққа 
кандидаттың 
сайлаушылармен 
еркін 
жағдайдағы дербес қатынастары; 
• ұйымдар мен қысым топтары арқылы жасалатын 
коммуникация, мәселен, үкіметпен байланыс саяси 
партиялар арқылы, кәсіподақтар және т.б. арқылы 
жасалғанда; 
• бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасалған 
коммуникация (баспа және электронды). 
Саяси жүйеге келесі қозғаушы күштер әсер етеді:
• жүйеге деген ақпараттық жүктеме (үкіметтік 
бағдарламалар көлемі, осы бағдарламаларда көзделген 
өзгерістер жылдамдығы); 
• жүйенің қойылған мақсаттарға және қызмет етудің 
өзгеріп жатқан жағдайларына қатысты реакциясының 
кешеуілдеуі;
• өзгерістерге деген жүйенің өзінің реакциясы өсімінің 
үлкендігі: жүйенің жаңа нәрсеге қатысты реакциясы 
неғұрлым көп болған сайын, жүйе соғұрлым қойылған 
мақсаттан ауытқиды; 
• жүйенің алдын ала әрекет етуге, алдын алуға қабілеті, 
яғни жаңа проблемаларды шешуге дайындығы.
К. Дойч үш заңдылықты бөліп шығарды: 
1. Мақсатқа жеткенде табыс мүмкіндігі ақпарттық 
жүктемеге және жүйе реакциясының кешеуілдеуіне кері 
пропорционалды. 
2. Жүйенің қызмет ету табыстылығы жүйе реакциясы 
өсімінің үлкендігіне байланысты, алайда өзгерістердің 
шекті мәніне жеткенде бұл заңдылық керіге айналады.
3. Жүйенің табысты жұмыс жасауы оның алдын ала 
әрекет ету, алдын алу, үкіметтің болашақты көре білу және 
мақсатқа жетуге қауіп төнген жағдайда қажетті әрекеттерді 
қолға алу қабілеттеріне байланысты.
Осылайша, К. Дойч саяси жүйені кибернетикалық жүйе 
ретінде қарастырды, онда саясат қойылған мақсаттарға 
жету жолында адамдардың күш-жігерін басқару және 
үйлестіру процесі ретінде ұғылады.
Саяси жүйе мақсаттарды түйіндеу мен оларды түзетуді 
қоғамның жағдайы және оның аталған мақсаттарға деген 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
46
қатынасы жайлы: мақсатқа дейін қалған қашықтық жайлы; 
бұған дейінгі әрекеттердің нәтижесі жайлы ақпараттың 
негізінде жасайды.
Саяси жүйенің қызмет етуі сыртқы ортадан келіп түсетін 
толассыз ақпарат ағымының сапасына және оның өзінің 
қозғалысы жөніндегі ақпаратқа байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет