Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 

тәжірибелеріне және қазақ терминоло-гиясы саласындағы алғашқы зерттеушілер 
еңбектеріне сүйенуі керек. Тек осындай әрекет арқылы ғана, өткен жылдар тәжірибесін 
ескере отырып, терминолог-ғалымдардың ұсыныстары мен кеңестерін назарға ала 
отырып, ортақ терминологиялық жүйенің, соның ішінде заңға қатысты терминдердің 
қалыптасуына жағдай жасай алады. 
Қазіргі уақытта салалық терминологияны ұлттық сөздермен анықтаудың 
тенденциясы жүріп жатыр. Заң саласындағы заң терминдерін сапалы түрде аударумен 
тілшілер, заңгерлер, аудармашылар айналысып жүр. Дегенмен, бұл салада да кездесетін 
қателіктер мен кемшіліктер аз емес. Халықаралық заң термиңдерінің қазақ тілінде 
баламалары болмағандықтан, олардың орнына басқа да мағынада қолданылатын 
мағыналас сөздерді алады. Бұған Е.Сафуанидің сөзі нақты дәлел болмақ: "Заң мәтінінде 
"функция" деген сөз жиі кездеседі. Заңымыз барынша қазақша болсын деген оймен 
сөйлемнің мағынасына қарай бірде "қызмет", бірде "міндет" деп аударып жүрміз. Ал 
кейде сөйлемде "деятельность", "задача", "функция" деген сөздер қатар келіп қалғанда 
бұрын "қызмет", "міндет" деп жазьп келген сөзімізді амалсыздан "функция" деп жазуға 
мәжбүр боламыз" [2]. Аудармадағы мұндай жағдайларды басқа да кәсіби іс-әрекет 
саласындағы сияқты заң құжаттарын аударуда да мүлдем жіберуге болмайды. Бұл 
ұғымдардың түсініксіздігі мен құжат мазмұнының бұзылуына әкеп соғады. Осының 
нәтижесінде азаматтар арнайы заң білімдері болмағандықтан, қате ақпараттарды 
қабылдайды. 
М.Айымбетов мақаласында кодекстерді қазақ тіліне аударудағы жіберілген 
көптеген қателіктерді атап көрсетеді. Заңгер Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі 
жобасы мәтінінің аудармасын редакциялаған кезде, ешқандай сын көтермейтін заң 
терминдері аудармасын кездестіргенін айтады. Мысалы, кодексте "показания" термині 
"жауап" сөзімен (дұрысы - "айғақ"), "срок давности" тіркесі "ескілік мерзімі" (дұрысы - 
"ескіру мерзімі") деп аударылған. Мұндай мысалдарды М.Айымбетов көптеп келтіреді. 
"Осы жобаның тағы бір тұстарында "подозреваемый" термині біресе "күдікті", біресе 
"сезікті" деп ала-құла аударылады". Аудармашы "сезікті" деген дұрыс баламасына 
тоқтағысы келмей, "күдіктіні" қоса қолданады", - дейді М.Айымбетов [3]. Мақала авторы 
бұл тәріздес ала-құлалық басқа да заң құжаттарында кездесетіндігін айтады. Мысалы, 
азаматтық кодексте (1999 ж.) "недвижимое имущество" тіркесі «қозғалмайтын мүлік» деп 
аударылса, басқа заңдарда, соның ішінде "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 
заңында "жылжымайтын" терминімен корсетілген. Автор қай терминді негізге алу 
кажеттігін сұрайды. Бұл тәріздес сұрақтар әлі де көптеген заңгерлер арасында көп талас 
тудырады [3]. 
Аудармашы М.Ізімұлы заң терминдерін аударудың стильдік жағына назар 
аударады. «... біздің сөздік жасаушыларымыздьң ең үлкен кемшілігі - терминдердің әдеби-
публицистикалық, ауызекі бейнелі баламаларын ғылыми атау ретінде ұсынушылығы, 
олардың экспрессивті (сезімге әсер етушілік) мәнін ажырата алмаушылығы. Оның 
салдарынан адамзат баласының ортақ игілігі - ғылым мен техниканың үлгісі ретінде 
тіршілігімізге табиғи жолмен келіп, санамызға сіңіскен территория, статус, Конституция, 
паспорт, амнистия, архив, музей т.б. терминдерді аумақ, мәртебе, Ата заң, төлқұжат, 
рақымшылдық, мұрағат, мұражай бейнелі сөздермен ауыстырмақ болады», - дейді 
М.Ізімұлы [4]. Ол терминологиялық сөздіктерде стильдердің қолданылуында қателіктерді 
жіберуге болмайтындығын айтады, әрбір терминнің өз колданылу шеңбері бар. Ал 
стильдік қолданыста қателік жіберу заң терминінің сапалы аударылуына кедергі келтіреді. 
«Өзгелерден мәні ажыратылып, сипаттамасы дараланған ұғымның, заттьң өзіне телінген, 
өзіндік этимологиясы бар бір ғана атауы болуға тиіс. Тілдің ішкі мүмкіндіктерін 
пайдаланып, кірме сөздерді төл баламалармен ауыстырған кезде осы қағиданы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет