Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 

басшылықка алу, "сыбайлас" создерді топтастыра қарау, терминдердің синонимдік 
қатарының жарыспалы, тұрақсыз атаулардың пайда болуына жол бермес еді. Мысалы, 
постановление – қаулы, резолюция - қарар, решение - шешім, определение - ұйғарым, 
устав - жарғы, указ - жарльқ, положение - ереже, правила – кағида, инструкция - нұсқау, 
распоряжение - өкім, ... т.б
», -
дейді М.Ізімұлы [4]. Ал бұл тұста аудармашымен келіспеуге 
болмайды. 
Құқық ғылымына катысты ең алғашқы сөздіктер өткен ғасырдың 50- жылдарында 
жарық көрді. Ең бірінші сөздіктің авторы- Т.М.Күлтеев. Аталған сөздік "Юристік ғылым 
терминдері" тақырыбымен «Терминологиялық сөздіктің" құрамына енді. Сөздікте 900- ге 
жуық заң терминдері қамтылған. Соның ішіндегі 116-сы кірме терминдер. Жоғарыда 
айтып өткен "Терминологиялық сөздікке" заң терминдерінен басқа да тағы әлеуметтік 
экономика, тарих, медицина, геология, тау-кен ғылымы, металлургия тәрізді алты сала 
кірді. 
Тек Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін, 90-жылдардың екінші жартысынан 
бастап, соңғы 7-8 жыл көлемінде оннан астам заң сөздіктері жарық көрді. Бұлар - 
Ғ.Сапарғалиевтің "Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі", Н.О.Дулатбековтың "Заң 
терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігі", Т.Атжанов, Ғ.Хашымов 
пен Н.Атжановтың "Заң терминде-рінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі". 
А.Ибраеваның "Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша қысқаша 
түсіндірме сөздігі", Р.Ү.Жамбылованың "Заң терминдерінін қазақша-орысша, орысша-
қазақша анықтамалық сөздігі". 
Осылардың ішінен Сорос-Қазақстан кайырымдылық қорының қатысуымен жарық 
көрген "Ағылшынша-орысша-қазақша заң терминдері сөздігін" ерекше атауға болады. Ол 
3000-га жуық терминдерді қамтыған. Аталған сөздіктің негізгі мақсаты - ағылшын 
тіліндегі заң әдебиеттерімен жұмыс жасауды және оларды қазақ, орыс тілдеріне аударуды 
жеңілдету. Сөздікке заң ғылымының барлық саласында қолданылатын терминдер енді. 
Е. Абайдельдиновтың "Краткий словарь терминов казахского обычного права" 
сөздігін атап кеткен де дұрыс. Бұл сөздік қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізінде 
құрылғандығымен ерекше. Сөздік көптеген жаңа заң терминдерінің этимологиясын 
берумен катар, заңға қатысты қолданылатын фразеологизмдердін мағынасын да ашып 
көрсетеді. 
Кейінгі жылдары қазақ тілі мамандары ғылымның жеке-жеке салалары бойынша 
терминдерді зерттеп, олардың теориялық және практикалық жақтарына талдаулар 
жүргізуде.
Терминдерді екі сферада (қарастыратын, көрінетін жерлерін айтып отырмыз) 
кездестіреміз: осы уақытқа дейін жүйелі жинақталған сөздіктерде ( салалық терминдердің 
жай сөздігі, түсіндірме сөздігі, аударма сөздігі т.б) және көрінетін жері (ғылыми 
мақалалар, монографикалық еңбектер т.б). Осы қорлар тіл мамндарының терминдер 
туралы зерттеулерінің негізгі материалдары болуға тиіс. Терминдер тұйық құбылыс емес 
дедік. Өйткені олар жалпы ұлттық әдеби тілдің бөлшегі ретінде жалпыхалықтық негізде 
дамиды, сол лексикаға өту арқылы оны байытады, грамматикалық механизмдерді де содан 
алады. Сондықтан тіл маманы терминдерді зерттегенде, оның негізгі көзі болып 
табылатын жалпыхалықтық тілді еш уақытта естен шығармау керек, оның қыр-сырын 
біліп, ондағы терсминдік ұғымды білдіру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу керек. 
Мысалы, қазақ тілінде "
тетік
” деген сөз бар. Ол әрбір істің орнын тауып, оның дәл 
орындалу мүмкіншілігін тауып ("
көзін тауып
”) орындалу деген мағынаны білдіреді ( 
"
істің тетігін табу”).
Қазіргі кезде осы сөз терминдік ұғымды да, жалпы лексикадағы 
көптеген мағыналарды да білдіреді. Терминдік ұғымда "
деталь”
мағынасындағы 
механика ғылымына ( "
деталь машины")
қатысты ұғым атауы болса, жалпы мәеде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет