Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


  ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЛЕКСИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)


ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЛЕКСИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жанжигитов Сырым Жанмуратович 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті докторанты,
Ғылыми жетекші – Бекжан Әбдуәлиұлы
Астана, Қазақстан 
Аннотация:
 Бұл мақалада құқықтық лексика мәселелері, оның зерттеу дәрежесі 
сөз етіледі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақша заң жобалары, оқулықтар, сөздіктерге 
қысқаша шолу жасалып, терминология комиссиясы бекіткен терминдер мен 
терминқолданыста болып жатқан жарыспалылық мәселелері қарастырылған. 
Тірек сөздер:
заң, сөздік қор, термин, терминология, заңнама, лексика, нұсқа, 
аударма. 
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында» мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен 
нығайту мақсатында бірнеше міндеттерді шешу алға қойылып отыр. Соның бірі ретінде: 
«Қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасам процестерінің, оның ішінде терминжасам 
принциптерін ғылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық 
жүйесін енгізу" болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселе өмірде белсенді түрде 
жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні білімнің барлық саласында қазіргі қазақ термин ілімінің 
жүйеленуі бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. 
Заң терминдерін жасауға бағытталған жұмыстар заң саласында да жүргізіліп отыр. 
Осы салада айтарлықтай жұмыстар орындалғандығын ерекше атап кеткен дұрыс. Оған 
дәлел - Қазақстандағы қабылданатын заңнамалық актілердің бәрінің қазақ тіліне 
аударылуы, атап кетсек, ҚР Конституциясы, кодекстер, заңдар, ҚР Президентінің 
жарлықтары т.б. Бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің жүзеге асуына және дамуына 
қосылған үлкен үлес болып табылады. Бірақ осы салада үлкен жетістіктер бола тұрса да, 
заң терминдерін жасаумен тікелей айналысатын көптеген ғалымдардың, заңгерлердің, 
аудармашылардың 
айтуы 
бойынша, 
төмендегіше 
кемшіліктер 
кездеседі: 
министрліктермен қабылданатын заңнамалық актілердің, кодекстердің құжаттың 
мәтіндерінің қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларында сәйкессіздіктер, терминдердің 
көп варианттылығы. Бұл орайда заңгерлер маңызды шешімдерді қабылдауда үлкен 
қателіктерді болдыртпау үшін, белгілі бір заңнамалық актінің түпнұсқасын (орыс тілінде 
жазылған) негіз етеді. Сондықтан да қазіргі таңда заңгер-ғалымдардың алдында үлкен 
міндет - заң терминдерінің ортақ жүйесін құру, терминдердің мағынасын нақтылау
кателіктерді болдыртпау мақсаты тұр. Заң терминдерінің жасалуы мен калыптасу әрекетін 
жоғары білімді маман-терминологтардың басқаруы қажет. Себебі термин ұғымын дұрыс 
түсіну, оның негізгі қасиеттерін білу, ең алдымен, сауатты, қажетті кәсіби деңгейдегі 
терминологияның жасалуын қалыптастырады. Ө.Айтбаев ғалымдар көзқарастарын 
біріктіре келіп, терминге төмендегіше анықтаманы ұсынады: «... термин дегеніміз, ең 
алдымен, негізінен белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы 
лексика болып шығады. Оның басты белгілері дәлдік, қысқалық, жүйелілік» [1]. Ғылым 
үшін терминнің ерекше маңыздылығы оның кез-келген ғылыми-техникалық мәтіннің 
негізгі мағыналылық жүгін көтеруінде жатыр. 
Қазақ терминологиясының термин жасауда жақсы тәжірибесі бар. Бұның бір дәлелі 
ретінде біздің алғашқы тілші-ғалымдарымыздың терминологиялық мұрасы алынады. 
Олардың еңбектері шынайы терминжасамның үлгісі болып табылады. Сондықтан да заң 
терминдерін жасауда заңгерлер, ең алдымен, қазіргі қазақтерминолог-ғалымдардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет