Астана қаласы, №24 орта мектеп



Дата30.11.2016
өлшемі1,51 Mb.
#2863
Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп

Астана қаласы, №24 орта мектеп

Мұғалім

Жаңабек Дана Әкімжанқызы

Күні

29.01. 2015 ж

Сыныбы

5 «Ә»

Пәні

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы


С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Мақсаты

«Ақсақ киік» өлеңінің негізгі идеясын ұғына білу.

Міндеті


Топтық жұмыс барысында оқушы өз пікірін қоса білуге ықпал ету.

Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше  ой түюге баулу.

Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты мейірімділікке   тәрбиелеп, жаман әдеттен жирендіру.  


Күтілетін нәтиже

Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді.

Білімін тәжірибеде қолдана алады.

Ойын ашық айта алады.


Қолданылған модульдер

(+ белгісін қою)



  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану +

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету +

  3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер +

  4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау+

  5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу

  6. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық +

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау



6 мин

М .Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңін жаттау








Қызығушылығын ояту

(Эвокация)



2 мин




Оқушылар сурет бейнеленген қағаз қиындыларын алып, құрастырады.

Құрастырған суреттері бойынша топқа бөлінеді.






Жаңа сабақ


4 мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, бәйтерек ағашы туралы не білеміз?

Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап , қасиет тұтады.Тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол алып, көкпен жарыса өседі.

Біздің қазақ халқы өз ұлын, батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «Бес арыс», «Үш бәйтерек» деп өмір сүрген қоғамына, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді.  «Үш бәйтерегіміз» кімдер екен? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). 

«Абайдың інілері, Қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деп жырлағандай бүгінгі



сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.

Сәкен Сейфуллин жайлы.


1916жылы ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ етіп түскенде,ақын халық жағына шығады.Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады,қазақ елі бостандық алып,бодандықтан құтылды деп сенеді.Ол дереу Ақмолаға келіп,жаңа заман жолындағы күреске араласады. Содан соң құғын-сүргінге ұшырап атаман Анненковтың «азап вагонында» көрмегенді көріп, әрең қашып шығады.
Арнайы дайындалған бейне ролик көрсетіледі.

«Ақсақ киік» өлеңі оқылады



Мағынаны тану

(Реализация)




18 мин



1.ЖИКСО әдісі



2. 1-топ «Ақсақ киік» өлеңін құрылысына қарай талдайды. Киік туралы мақал-мәтелдер табады. (Сынып кітапханасын пайдалану)


1.С.Сейфуллин жайлы және тақырыпқа байланысты «киік» туралы танымдық мәтінді ұжымдық оқыту арқылы жүзеге асырамын.

Оқушылар мәтінді төрт бөлікке бөліп оқып, бірін- біріне түсіндіреді.

1-топ С.Сейфуллин жайлы

2-топ Киік жайлы оқығандарын ортаға салып, топпен жұмыс істеп қорғайды.


2-топ Ғаламтордың көмегімен қазіргі таңда киіктердің саны қанша деген сұраққа жауап іздейді.

  1. Ой толғаныс

  2. (Рефлексия)

8 мин


1.«Дебат» әдісі

«Киікті ату дұрыс емес»

2. «Киіктің зары» (кітаптан алынған), «Киік- қазақ даласының бейнесі» тақырыбында эссе, хат жазу.




  1. Үй тапсырмасы

1 мин

«Ақсақ киік» өлеңінен үзінді жаттау




  1. Бағалау

4 мин

Топбасшылары бағалайды

Критерийлер бойынша

  1. Кері байланыс

2 мин

Әр түрлі көңіл күйді білдіретін смайликтер таратылады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып тақтаға іледі.


Өз сұрақтарын, пікірлерін артына жазады. Келесі сабақ барлығы ескеріледі.



45 мин


Сабақтан кейінгі рефлексивті талдау

Сабақтың тақырыбы

С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақтың мақсаты

«Ақсақ киік» өлеңінің негізгі идеясын ұғына білу.

Сабақ барысы

Мұғалімнің ролі

Оқушы белсенділігі

Қызығушылығын ояту кезеңі

(Эвокация)





1

Үй тапсырмасын сұрадым

1

Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым», «Қысқы жолда» өлеңдерін жатқа айтып берді.

2

Сурет қиындылары арқылы топқа бөлдім.



2

Топқа бөліне отырып, суреттер жайлы айта кетті.


3

«Ақсақ киік» өлеңінің әні болғандықтан жаңа сабақты әнін тыңдатқызып болған соң түсіндірдім.

3

Оқушылар қызығып, мұқият тыңдады.

Мағынаны тану кезеңі

(Реализация)





4

«Жиксо» әдісі арқылы танымдық мәтінді ұжымдық оқыту арқылы іске асыру көзделді.




4

Оқушылар танымдық мәтінді жақсы меңгерді. Алдымен өздері жеке оқыды, оқығандарын жұппен талқылады. Өз топтарына келіп, топпен кезекпен кезек айтты. Түсінгендерін плакатқа арнайы оқу құралдары арқылы жазды. «Сәкен» тобы алып бәйтеректі бейнелеп, Сәкен шығармашылығын бәйтерек бұтақтарына орналастырған. «Киік» тобы кесте түрінде көрсеткен.



5

Сергіту сәтін өткіздім.


5

Оқушылар сергіп қалды.








6

1-топ «Ақсақ киік» өлеңін құрылысына қарай талдаттым.

2-топты ғаламтормен жабдықтап «Қазіргі таңда киіктердің саны қанша?» деген сұраққа жауап табу тапсырмасын бердім.



6

1- топ оқушылары тақтаға өлеңді талдады. 17 шумақ, әр шумағы 4 тармақ, әр тармағы 3 бунақ, 11 буыннан тұратынын айтты. Ұйқас түрлеріне де тоқталды.

2- топ оқушылары ғаламтордан мәлімет алып, мониторинг жасады.

Жасаған жұмыстарында бірнеше қате болды. (Бұлар енді үйреніп жатқан 5-сынып )


Ой толғаныс

(Рефлексия)




7

«Дебат» әдісін түсіндірдім.




7

Әр топ қызығушылық танытып тапсырманы орындады.

«Киікті ату дұрыс емес» пікіріне 1-топ «Келісемін», 2-топ «Келіспеймін» деген позицияны ұстады. Оқушылар өз ойларының тереңдігін көрсете білді. Жауаптарын қазіргі заманмен байланыстыра айтты.





8

2 топтың оқушыларына «Киік-қазақ даласының бейнесі» тақырыбында эссе жазу тапсырмасын бердім.

8

Оқушылар эссе жазуда сабақтан алған әсерлерін қоса жазыпты.



9

Үй тапсырмасын бердім.

9

Оқушылар күнделіктеріне жазып алды.

10

Оқушылардың бағалағандарын тыңдап, қорытынды баға қойдым.

10

Оқушылардың критерийлерге сүйене отырып бағалауды үйренгені көрінді.

11

Кері байланыс жасау үшін смаиликтерді тараттым.


11

Парақшаларға өз ойларын, ұсыныстарын жазып тақтаға ілді.

Қолданылған модульдер

Келесі модульдерді қолдандым


Оқушылар не үйренді?





  1. АКТ

  2. СТО

  3. Оқыту және оқудағы жаңа тәсіл (диалог)

  4. Оқыту үшін бағалау

  5. Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту (Өз бетінше оқу)



  1. Өз бетінше оқуды;

  2. Диалог жасай отырып, жұппен жұмыс істеуді;

  3. Өз ойын ерекше формада еркін жеткізуді;

  4. Топпен бағалауды

Не сәтті өтті?


Зерттеушілік тапсырмалар тақырыпты толық ашуда, оқушылардың қызығушылығын арттыруда өте тиімді. «Дебат» әдісі де оқушылардың ойын дамытады.

Нені дамытқым келеді?

Оқушылардың терең ойлауын, сөз саптауын дамытқым келеді.



Ол үшін не істеймін

Оқушылардың ойын, тілін дамытатын әдіс-тәсілдерді жиі қолданамын.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет