Ғ.Қараш көшесі Бұрынғы атауы – Акмолинская көшесі. Ғ.Қараш көшесі Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, Асанқайғы көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1155,1 м.
Ғұмар Қараш − ақын, қоғам қайраткері. 1911-13 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Ғ.Қараштың «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.