Астана қаласының білім басқармасы


-тапсырма Эссе талаптарын сақтай отырып, ертегіні жалғастырыңыз



бет9/14
Дата30.09.2023
өлшемі4,23 Mb.
#183107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Эссе жұмыс дәптері
Саясаттану және әлеуметтену. 2019-2020. І триместр (копия), копилка, Генезис концепции УР, Дәріс № 5, eeumkd mal az ktand ru (1), 7 сынып қазақ т таңдау (1) (5), 10 дәріс. Саяси мәдениет (1)
1-тапсырма Эссе талаптарын сақтай отырып, ертегіні жалғастырыңыз
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды...


2-тапсырма ««Менің ғаламторсыз өткізген бір күнім»
200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
19 тақырыбы: Ауылым-алтын бесігім


1-тапсырма: Ой шақыру


1.Ауыл деген сөзді естігенде сен қандай сезімде боласың?
2.Көз алдыңа нелер елестейді?
3.Туған жеріңе қандай жақсылықтар жасағың келеді?



2-тапсырма «Ауылым менің тамаша» эссе жазыңыз ( 100 сөз)

20 Тақырыбы Ырыс алды-ынтымақ




1-тапсырма Берілгеннің мәтінге тақырып қойып, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімін анықтап, жоспар құрыңыз.

Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені халықтар достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.


Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел деген атаққа ие болды.
Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет