Астана аќшамы



Дата12.09.2020
өлшемі27,5 Kb.

Астана ақшамы.- 2011.- №129.- 10 қараша.

Өкешқызы Г.


Қатерден қорғану қажет

Астанада 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биылғы жылдың тоғыз айында АҚТҚ дертін жұқтырғандар саны 1,2 есеге артқан. Қалалық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен елорда әкімдігінде өткен баспасөз маслихатында осы мәселе талқыланды.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығының орынбасары Сәуле Құрманованың айтуынша, жыл басынын бері қаламызда адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы АТҚТ дертін жұқтыруға қатысты 70 оқиға тіркелген. Олардың арасында жасөспірімдер де бар. Бұл мәселе сала мамандарын қатты алаңдатып отыр.

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен, яғни жұқтырған қорғаныш тапшылық белгілерімен күрес күні. Осыған орай, ұйымдастырылған басқосуда қалалық СПИД орталығы директорының орынбасары Салтанат Мусина елордалық жасөспірімдер арасында, сондай-ақ жалпы тұрғындармен алдын алу-түсіндіру жұмыстарының үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда Астанада АҚТҚ-ға шалдыққан 458 адам тіркеліп, олардың 32-сі көз жұмған. Астананың 125 мың тұрғыны немесе олардың жалпы санының 18 пайызы адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын анықтау бойынша тестіден өтті. Өкініштісі, кеселді жұқтырғандардың дені-29-30 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар. Жұқпаның көбіне жыныстық қатынастар арқылы берілетін ескерген мамандар бұл ретте жан-жақты сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.



Аталмыш шарадан соң Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Астана қаласы АҚТҚ орталығымен бірлесіп, елордадағы жоғары оқу орындарында «Қауіпсіздік маршруты» атты акция ұйымдастырылды. Кеше осындай шара С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтті. Онда сала дәрігерлері жастарға ауруды жұқтырудың жолдары мен одан сақтану, алдын алу шаралары туралы әңгімеледі, семинар-сабақтар өткізді. Мамандар АҚТҚ жұқпасы турасында тереңірек әңгімелеп, аталмыш аурудан емделетін дәрінің жоқтығын ескертті.
Каталог: assets -> docs
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
docs -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
docs -> Емтиханға қалай дайындалу керек? Психологиялык дайындық қандай болу керек?
docs -> Дүниеден қайту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет