Ат қою азан шақырып балаға ат қою. Балаға ат қою мәселесіне қазақтар ерекше мән берген


Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын



бет2/2
Дата27.04.2022
өлшемі35,16 Kb.
#141174
1   2
Байланысты:
ат қою
Лекция 10, biznes-uroki, biznes-uroki
Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,
Жас бала жол үстінде бодырмасын,-
деп дауыстайды. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:
Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын – деп бата береді.
Бата беріліп болған соң, баланың сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады. Ақ тілекті аналар шашу шашып, тілектер айтылады. Баланы атқа мінгізетін жігіт атқа отырып, көрші-қолаң, ауылды аралатады. Бала есігінің алдына келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне тапқаны үкі, шашақ, таппағаны теңге, моншақ қадайды, бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Мал сойылып, қонақ шақырылып, ат шаптырылып, той қылады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Баланың атқа міну қуанышына арналған той өміріндегі тойлардың ең елеулілерінің бірі болып саналады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдына салтанатпен жүргізген. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ертоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады. Сол кеште ашамайды баланың басына жастап қояды.
Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты деген сөз – азаматтың бастамасы. Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскендіктен бе, әлде көшпенді өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңына ерте ілеседі. Бұл тіршіліктің бәрі бұрын қазаққа атпен бітетін. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады. Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп, елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жаумен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер.
БАТА сөз – халық шығармашылығына жататын тілі кестелі, мазмұны келісті сөз үлгісі әрі ұлттық этикеттің аса бір мәнді саласы. Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан ізгілікті салт-дәстүрінің бірі – ақ бата беріп, түзу тілек айту. Бата беру халқымыздың ежелден келе жатқан салт – дәстүрінің бірі десек, көптеген салт – дәстүрдің өзіндік рәсімі, орындалу шарты болады. Бата берудің де жалпыға ортақ өзіндік рәсімі мен шарты бар. Бата сөз маңызды бір істі бастарда, сондай-ақ басталған іс нәтижелі аяқталғанда беріледі. Бата беру кезінде дәм-тұздың болуы шарт. Өйткені, құр аяққа бата жүрмейді. Бата беруші адам, әдетте оны батагөй деп атайды, ел-жұртқа сыйлы, қарындасқа қадірлі, жолы үлкен адам болуы тиіс. Қазақта күйеуге бата бергізбейді. Ас-тағам желініп болып, дастарқан жиналардың алдында батагөй қол жайып, өзінің жақсы ниетін айтып, бет сипайды. Өзгелер де айтылған жақсы ниетке түзу тілегіміз қосылсын дегендей қол жайып, бет сипайды. Бата сөзінің мазмұны ақ тілеу, адал ниетке меңзейді. Мұны ақ бата дейді. Кейде ел ішіндегі дәстүрді бұзып, ата салтын аттаған жанның шектен шыққан әрекетін құптамаған кезде ел үлкендері ондай жанға теріс бата беретін болған. Теріс бата беру салты, жалпы сирек те болса, жыр мұраларында, байырғы әдебиет үлгілерінде кездесіп отырады. Теріс бата алғандардың жолы болмайды. «Қыз Жібек» жырында Төлегеннің айдалада мерт болуы «әкесінің оң батасын алмай кетті дегенге» саяды. Ел арасында аса кең тараған баталарының бірі – ас қайыру батасы. Қазақтың той-жиыны, қуанышқа жайлған дастарқаны батасыз болмаған. Бата сөзде дастарқан иесіне, сол үйдің шаңырағына небір жақсы тілектер айтылады. Мұның өзі үй иесіне ілтипат көрсету ғана емес, дәм-тұзды құрметтеудің үлкен нышаны деуге болады.
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін, -
деп айтылатын байырғы бата жақсы тілек, адал ниетті аңғартады. Шаңырақ иесінің нені аңсап, нені көксейтінін аңғарған байқампаз батагөй кестелі сөзбен жағымды тілек айтып, жиналған жұртты жадыратып тастайды. Мәселен, дастарқан жайып, дәм татқызып отырған үйдің үйленгелі жүрген азамат ұлдары болса, солар тілге тиек болып, бата сөздің желісіне айналады. Үй иесінің ой-арманын дөп басқандай мына тәрізді бата-тілек айтылады:
Е, құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.
Ел арасына кең тараған баталардың бірі – жол батасы. Ұзақ жол, қиын сапарларға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, жолы үлкен, аузы дуалы ақсақалдан бата сұрайды. Мұндай бата сөзде «Жолың болсын, жолдасың Қызыр болсын; Қырық шілтен шылауыңда жүрсін; Оралымың сөз болып, ораздының жолын берсін; Бар пәлекет тұлпардың бір терімен кетсін» деген сөз орамдары айтылып, жақсы ниеттің жаршысындай болып тұрады.
Жол батасын алу рәсімі бүгінгі күнге дейін аға буын арасында сақталып келген. Майданға аттанып бара жатқан халқымыздың батыр ұлы Бауыржанға ақын Жамбыл ата:
Батырдың жолы болсын,
Самсаған қолы болсын.
Түсі де суық екен,
Ісі де долы болсын, -
деп, жауынгердің жігерін жани түсетіндей бата беріпті.
Ел ішінде мазмұны терең, тәлім-тәрбиелік мәні бар, тіл көркемдігі ерекше баталардың небір әдемі үлгілерін кездестіруге болады.
Байырғы баталардың тағы бір түрі – Найрыз батасы деп аталады. Наурыз батасының мазмұны кең болады. Жеке бастан гөрі елдің амандығын, молшылық заманды, бейбіт күнді көксеу сөзге арқау болады. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын; Ел бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын, қызылды уағымен көрсетсін» деген сөз орамдары айтылып, үлкен – кішінің бәріне «Жасыңа жас қосыла берсін. Жасың құтты болсын» дейді. Жасқа жас қосылды, жылға жыл қосылды, бұған жеткен де бар, жетпеген де бар», - деп шүкіршілік айтады. «Айымыз аман, жылымыз түгел болсын» деп бата жасайды.
Бұрынғы баталардың тағы бір түрі – рамазан батасы. Кезінде халық шығармашылығын жинап, бастырып, ол жөнінде едәуір құнды зерттеулер жазған қаламгер С.Сейфуллин тұрмыс-салт жырларын жан-жақты сөз ете келіп:
Болшыл, болшыл, болшыл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол.
Адам таппас сөзді бол,
Ор қояндай көзді бол, -
дегенді жарапазан батасының бір үлгісі деп көрсеткен. Рамазан батасы үш күнгі ораза айтта айтылады. Небір ізгі тілек, жақсы ниет бата сөзге тартылған желі болып, «құрбандығың қабыл болсын», «айт мерек (мүбәрәк) болсын, әумин!» деп бет сипап, бата береді. Сондай-ақ зират басында оқылатын дұғадан соң айтылатын бата бар. Дұға оқушы өлгенге иман, тіріге берекет тілеп, бет сипап бата жасайды. Ерте кездің өзінде – ақ көрнекті ғалымдар бата сөздерге назар аударып, оларды халық шығармашылығының үлгісі, этнографиялық материал ретінде жинап, бастырып отырған. Академик В.В.Радлов «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» (СПб., 1870. IIIт.) деген әйгілі еңбегінде бірнеше қазақ баталарын жариялаған. Қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинаушы ғалым А.Васильев «Бата сөз» (Орынбор, 1905) деген атпен баталардың тұңғыш жинағын шығарды. Көрнекті этнограф ғалым Ә.Диваевтың жинаған мол мұраларынан да байырғы баталардың нұсқаларын кездестіреміз (Дивавев Ә. Қазақтың халық творчествосы. Алматы: «Ғылым» 1989). Мағжан Жұмабайұлының «Ә.Дивавев жинаған әдебиет түрлерінен тізілген оқу кітабы» (Ташкент, 1924) деп аталатын еңбегінде ескілікті бата сөздер бар.
Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
1.Бала тәрбиесінің ерекшеліктері
2. Қазақтардың ат қоюы.
3. Амандасу салты
4. Қауымдық көмектер, асар, жылу жинау, жұртшылық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет