Ата-аналармен жұмыс



бет10/16
Дата07.02.2022
өлшемі146 Kb.
#93881
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
5 ата-анамен жұмыс
5 ата-анамен жұмыс
Педагог-психолог кеңесi : Есiңiзде болсын! беймаза боп өмiр сүру адамды да, қоршаған жандарды да шаршатады.
Егер ата-аналар арасында өз-өздерiн кiнәлi сезiнетiндер болса, себебiн анықтауда консультацияға шақырып, өмiрдегi өзiнiң орнын таба бiлуiне көмектесiп, кеңес беру. Бұл жағдайда ескеретiн жайт: алғашқы консультация, адам өзi еркiмен, өзi қалаған уақытта өткiзу керек.


ОТА сауалнамасы (Отбасы тәрбиесiнiң анализi)
Бұл сауалнама отбасы тәрбиесiнiң түрi мен қалт кетушiлiк мiнезiн анықтайды. Бұны ашулы балалар және тәртiбi мен мiнезiнде ауытқу-шылықтары бар жеткiншектер отбасын зерттеуде қолдануға болады.
Сiздерге ұсынылып отырған сауалнамада балаларды тәрбиелеу жөнiнде кейбiр пiкiрлер бар. Олардың барлығы нөмiрленген. Дәл сондай нөмiрлердi сiз жауаптарға арналған беттен көресiз.
Сауалнамадағы пiкiрлердi рет-ретiмен оқыңыз. Сауалнамада берiлген пiкiрлермен келiссеңiз, жауаптарға арналған бетте осы пiкiрдiң нөмiрiн дөңгелектеп қойыңыз.
Егер де келiспесеңiз сызып қойыңыз, өзiнiздiң көзқарасыңызды жеткiзуге қиналсаңыз, жауаптарға арналған сұрақ беттегi нөмiрiнiң жанында сұрақ белгiсiн қойыңыз. Бұл сауалнамада дұрыс немесе бұрыс деген пiкiрлер жоқ. Сондықтан өз ойыңызша жауап берiңiз. Осы әрекетiңiз арқылы өзiңiзге және психологқа жәрдемдесесiз.
Асықпаңыз. Сәттiлiк тiлеймiз!
Нөмiрi ерекшеленiп белгiленген - 19, 39, 59, 79, 99 сұрақтарға ер адамдар жауап беруi тиiстi емес.

  1. Мен өз ұлым /қызым/ үшiн барлығын iстеймiн.

  2. Менiң көбiне ұлыммен /қызыммен/ айналысуға мәселен: ойнауға, сөйлесуге, бiр жерге бiрге баруға уақытым жетпейдi.

  3. Өзге көптеген ата-аналардың өз балаларына рұқсат етiлмейтiн заттарды, маған ұлыма /қызыма/ рұқсат етуге тура келедi.

  4. Мен ұлымның /қызымның/ қандай да бiр сұрақтарымен келгенiн ұнатпаймын. Өзi ойланып, өзi шешсе, жақсы болар едi.

  5. Оның көптеген достарына қарағанда, бiздiң ұлымыздың /қызымыздың/ үйдегi атқаратын мiндеттерi көп.

  6. Менiң ұлыма /қызыма/ үй шаруасы бойынша, бiрдеңе iстету өте қиын.

  7. Ата-анасы дұрыс не бұрыс ойлайтыны жөнiнде, балалардың өз көзқарастары болғаны жақсы.

  8. Менiң ұлым /қызым/ кешке үйге келгiсi келген уақытта келедi.

  9. Егер ұлың /қызың/ адам болсын десең, оның бiр де бiр жаман iстерiн жазалаусыз қалдырма.

  10. Егер мүмкiндiк болса, жазаламауға тырысамын.

  11. Ұлымды /қызымды/ басқа уақытта жазалайтын iстерi үшiн көңiл-күйiм жақсы болған кезде кешiремiн.

  12. Өз ұлымды /қызымды/ өз жұбайымнан да көбiрек жақсы көремiн.

  13. Мен үлкен балалардан гөрi, кiшкентай балаларды көбiрек жақсы көремiн.

  14. Егер менiң ұлым /қызым/ көпке дейiн қырсығып, не ренжiсе мен өзiмнiң iштей дұрыс iстемегенiме қынжыламын.

  15. Қанша армандасақ та бiзде ұзақ уақыт бала болған жоқ.

  16. Балалармен қарым-қатынас - негiзiнде шаршататын iс.

  17. Менiң ұлымның /қызымның/ кейбiр мiнезi, қылығы менiң көңiлiмнен шықпайды /ұнамайды/.

  18. Егер менiң жолдасым араласпаса, ұлымның тәрбиесi жақсы болар едi.

    1. Ер адамдардың көбi әйел адамдарға қарағанда жеңiлтектеу.

  1. Әйел адамдардың көбi ер адамдарға қарағанда жеңiлтектеу.

  2. Менiң ұлым /қызым/ - өмiрiмнiң маңызы.

  3. Көбiне ұлымның /қызымның/ қайда жүргенiн бiлмеймiн.

  4. Ұлыма /қызыма/өзiнiң қалаған киiмдерiн әпертуге тырысамын, тiптi ол киiм қымбат болса да.

  5. Менiң ұлым /қызым/ сөз ұқпайды. Оған бiр рет түсiндiргенше, өзiмнiң екi рет iстегенiм артық.

  6. Менiң ұлыма өзiнен кiшi iнiлерiн қарайлап жүруге тура келедi.

  7. Ұлыма /қызыма/ бiрдеңенi iстеудi тапсырып, содан соң шыдай алмай, өзiмнiң iстеуiме тура келедi.

  8. Балаларға ата- аналарының кемшiлiктерiн атап отыруға еш уақытта рұқсат етпеу керек.

  9. Менiң ұлым /қызым/ кiммен достасатынын өзi шешедi.

  10. Балалар ата- аналарын тек жақсы көру ғана емес, сонымен қатар олардан қорқуы да керек.

  11. Мен балама тым сирек ұрысамын.

  12. Ұлыма /қызыма/ бiздiң көңiлiмiз ауытқып тұрады. Бiресе бiз тым қаталмыз, бiресе барлығын да рұқсат етемiз.

  13. Жұбайымыз екеумiзге қарағанда, ұлым екеуiмiз бiр- бiрiмiздi жақсы ұғамыз.

  14. Ұлымның /қызымның/ тым тез ересек болып бара жатқаны менi толғандырады.

  15. Егер бала өзiн өзi жаман сезiне тұра /ауырып/ қасарысса, оның еркiне көну керек.

  16. Менiң балам әлсiз және аурушаң болып өстi.

  17. Егер менде бала болмаса, мен өмiрiмде көптеген нәтижегелерге жетушi едiм.

  18. Менiң ұлымның /қызымның/ мiнезiнде кетпейтiн бiр мiн бар. /мен оларды жоюға тырыссам да/

  19. Мен ұлымды /қызымды/ жазалағанда, жұбайымның маған тым қатал екендiгiмдi ескертiп, баласын жұбатуы жиi болып тұрады.

    1. Әйелдерге қарағанда ерлер әйелдердiң көзiне шөп салуға әуес.

  1. Еркектерге қарағанда әйелдер ерлердiң көзiне шөп салуға әуес.

  2. Ұлыма /қызыма/ деген қамқорлық менiң көп уақытымды алады.

  3. Маған ата-аналар жиналысын көп рет босатуға тура келедi.

  4. Балама өзi қалаған нәрсесiн, қанша қымбат болса да әперуге тырысамын.

  5. Мен ұлыммен /қызыммен/ ұзағырақ болсам, қатты шаршаймын.

  6. Ұлым /қызым/ аса маңызды және қиын iстердi орындайын деп жатқанда, мен оған бiрнеше мәрте түсiндiруiме тура келедi.

  7. Маңызды iстердi атқаруда менiң ұлыма /қызыма/ сенуге болады.

  8. Ата-аналар өз балаларына үйрететiн ең бастысы- оларды тыңдау.

  9. Менiң ұлым, темекi шеге ме жоқ па өзi бiледi.

  10. Ата-ана балаға қанша қатал қараса, бала үшiн сол жақсы

  11. Мен мiнезi жұмсақ адаммын.

  12. Балама менiң тарапымнан бiр нәрселер қажет болса, менiң жақсы көңіiл күйiмде жүрген сәтiмдi таңдайды.

  13. Ертең балам ер жеткен соң, мен оған керексiз болам - деп ойласам, менiң көңiл- күйiм бұзылады.

  14. Балалар өскен сайын, ара- қатынасымыз күрделенедi.

  15. Баланың жиi қасарысуы, ата- аналардың бұрыс көзқарасынан болады.

  16. Ұлымның /қызымның/ денсаулығы жайында көп ойлаймын.

  17. Егер балаларым жоқ болса, менiң денсаулығым қазiргiден гөрi жақсы болушы едi.

  18. Қолданған шараларға қарамастан, ұлымның /қызымның/ кейбiр маңызды кемшiлiктерi жойылмай тұр.

  19. Менiң ұлым /қызым/ жұбайымды ұната қоймайды.

    1. Ер адамдар әйелдерге қарағанда басқа адамның жанын ешбiр түсiнбейдi.

  1. Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда басқа адамның жанын ешбiр түсiнбейдi.

  2. Менiң ұлым /қызым/ үшiн өз өмiрiмдегi көптеген нәрселерден бас тарттым.

  3. Баламның күнделiгiндегi екiлiк немесе ескертпелер жайлы бiлмеген күндерiм болды. Себебi күнделiгiн қарамаймын.

  4. Мен өз ұлыма /қызыма/ ақшаны өзiмнен де көп жұмсаймын.

  5. Мен ұлымның /қызымның/ бiр нәрсе сұрағанын жек көремiн. Оған не қажет екенiн өзiм де жақсы бiлемiн.

  6. Менiң ұлымның /қызымның/ балалық шағы басқа достарына қарағанда қиындау.

  7. Үйде менiң ұлым /қызым/ iстеуге қажеттi деген нәрсенi емес, өзi не iстегiсi келсе соны iстейдi.

  8. Бала ата – анасын басқа адамдардан да көбiрек сыйлауы керек.

  9. Менiң ұлым /қызым/ ақшасын қайда жұмсайтынын өзi бiледi.

  10. Мен өз балама, басқа ата – аналарға қарағанда, қатал қараймын

  11. Жазалаудан пайда аз.

  12. Бiздiң жанұяның мүшелерiнiң ұлымызға /қызымызға/ қаталдығы бiркелкi емес. Бiреулерi еркелетсе, екiншiсi керсiнше өте қатал қарайды.

  13. Менiң ұлым /қызым/ менен басқа ешкiмдi жақсы көрмесе екен деймiн.

  14. Менiң ұлым /қызым/ кiшкентай күнiнде қазiргi күнге қарағанда көбiрек ұнайтын.

  15. Ұлыма /қызыма/ қалай қарау керектiгiн жиi бiле қоймаймын.

  16. Баламның денсаулығының нашарлығына байланысты, бала кезiнде оған көп нәрсенi рұқсат етуге тура келедi

  17. Бала тәрбиесi – қиын әрi алғыссыз еңбек. Оларға барыңды бересiң – орнына ештеңе алмайсың.

  18. Менiң ұлыммен /қызыммен/ қатынас жасауда жай сөз аз көмектеседi. Оған әсер ететiн- үнемi қатаң жазалаулар.

  19. Менiң жұбайым баламды маған қарсы қоюға тырысады.

  20. Жиi жағдайда ерлер әйелдерге қарағанда iс –әрекеттерiнiң, соңы неге апаратынын ойламай iстейдi.

  21. Жиi жағдайда әйелдер ерлерге қарағанда iс – әрекеттерiн, соңы неге апаратынын ойламай iстейдi.

  22. Менiң ұлымның /қызымның/ денсаулығы, халi туралы үнемi ойлап жүремiн.

  23. Баланың күнделiгiнде қолымды бiрнеше апта үшiн қоюға да тура келедi.

  24. Ұлым /қызым/ менiң тарапымнан өз қажетiн керегiн қайтсе де алады.

  25. Маған тыныш, ұяң балалар көп ұнайды.

  26. Менiң ұлым /қызым/ маған өте көп көмектеседi. /үйде, жұмыста/

  27. Менiң ұлымның /қызымның/ үйде атқаратын мiндеттерi аз.

  28. Бала ата-ананың айтып тұрғанының дұрыстығына күмән келтiрiп тұрса да олардың айтқанын iстеу керек.

  29. Менiң балам үйден шыққанда, қайда кетiп бара жатқанын сирек айтады.

  30. Жазалау құралы – белбеу болған жағдайлар болып тұрады.

  31. Баламның мiнезiндегi көп кемшiлiктер есейе келе қояды.

  32. Баламыз бiрдеңе бүлдiрсе шара қолданамыз. Ал бәрi тыныш болса оның мазасын алмаймыз.

  33. Менiң ұлым маған ұл болмаса, ал мен өзiм жастау болсам, мен оны ұнатып қалушы едiм.

  34. Кiшкентай баламен сөйлескен үлкен баламен сөйлескеннен гөрi қызықтырақ.

  35. Баламның бойындағы кемшiлiктерi үшiн тек өзiм ғана кiнәлiмiн, себебi дұрыс тәрбие бере алмадым.

  36. Тек бiздiң күш – жiгерiмiзбен ғана бiздiң ұлымыз /қызымыз/ тiрi қалды.

  37. Баласы жоқ адамдарға жиi қызғанышпен қараймын.

  38. Егер менiң ұлыма /қызыма/ еркiндiк берсе, ол сол жерде өзiне немесе қоршауындағы адамдарға кесiрiн тигiзедi.

  39. Жиi жағдайда мен ұлыма бiрдеңе айтсам, бұл сөздi жұбайым әдейi бұрмалап керсiнше сөйлейдi.

    1. Ер адамдар әйелдерге қарағанда өз басының қамын жиiрек ойлайды.

  1. Әйелдер ер адамдарға қарағанда өз басының қамын жиiрек ойлайды.

  2. Өзiмнен гөрi ұлыма /қызыма/ көп уақыт пен күш-жiгерiмдi жұмсаймын.

  3. Ұлымның /қызымның/ iстерi туралы мен аз бiлемiн.

  4. Ұлымның/ қызмның/ қалауы мен үшiн заң.

  5. Балам кiшкене күнiнде менiмен ұйықтауды ұнататын.

  6. Менiң ұлымның /қызымның/ асқазаны нашар.

  7. Балаға ата-ана тек ер жеткенiнше ғана керек. Сосын ол ата-ананы есiне сирек алады.

  8. Өз ұлым /қызым / үшiн мен қандай да болмасын iске барамын.

  9. Ұлыма/ қызыма /менiң шамамнан да тыс көп көңiл бөлу керек.

  10. Ұлым /қызым/ барлық қылығын кешiре салатындай маған сонша сүйкiмдi бола алады.

  11. Менiң ұлым кешiрек, 30- дан асқасын үйленгендiгiн қалаймын.

  12. Менiң ұлым /қызым/ қол- аяғы жиi мұздай болып тұрады.

  13. Баланың көбi – кiшкентай эгойсттер. Олар өз ата-аналарының сезiмдерi мен денсаулықтары жайында мүлдем ойламайды.

  14. Егер ұлыма /қызыма/ бар уақытым мен күшiмдi жұмсамасам - аяғы жамандыққа апаруы мүмкiн.

  15. Егер де бәрi жақсы болса, мен өз ұлымның /қызымның/ iстерiне аз көңiл бөлемiн.

  16. Балама жоқ деп айту мен үшiн қиынға соғады.

  17. Қазiр балам менiң көмегiмдi қажет етпегенi жаныма батады.

  18. Менiң ұлымның /қызымның/ денсаулығы басқа жасөспiрiмдердiң денсаулығына қарағанда нашар.

  19. Көптеген балалардың ата-аналарына деген алғыс сезiмi жоқ.

  20. Ұлым /қызым/ менiң жәрдемiмсiз ештеңе iстей алмайды.

  21. Бос уақытының көбiн үйден тыс жерлерде өткiзедi.

  22. Менiң ұлымның /қызымның/ ойын сауыққа уақыты өте көп бөлiнген.

  23. Маған бұл дүниеде баламнан басқа ешкiмнiң керегi жоқ.

  24. Менiң ұлымның /қызымның/ мiнезi тынышсыз.

  25. Тұрмысты тым ерте құрдым деп жиi ойлаймын.

  26. Осы уақытқа дейiнгi оқудағы, жұмыстағы жетiстiктерге балам тек менiң ұдайы көмегiмнiң арасында жеттi.

  27. Ұлымның /қызымның/ iстерiмен көбiнесе жұбайым айналасатын.

  28. Сабақтан кейiн менiң балам өзi ұнататын iстерiмен айналысады.

  29. Ұлымды бiр қызбен жүргенiн көрсем, көңіл күйiм бұзылады.

  30. Менiң ұлым /қызым/ жиi ауырады.

  31. Жанұя менiң өмiрiме жәрдемдескенiнен гөрi, оны күрделендiре түседi.

Алынған сауалнаманы қорытындылау.
Бұл шкалаға жататын жауап нөмiрiн тiркеу бланкiсiнде жылдам санау үшiн бiр жолда орналасқан. Жауап бланкiсiндегi дөңгеленген нөмiрдiң санын анықтаңыз. Жауаптарды тiркеу бланкiсiнде тiк сызықтан кейiн, әрбiр шкалаға арналған Д/м көрсетiлген. Егер дөңгелектенген нөмiрдiң саны Д/м-ға жетiп немесе одан асып түссе, онда зерiттелiп отырған ата-ананың тәрбиедегi көрсетiлген ауытқушылық түрi орныққан деп есептеледi.
Жауап беру парағы

Жауап нөмiрi

шкала

ДМ

1 21 41 61 81
2 22 42 62 82
3 23 43 63 83
4 24 44 64 84
5 25 45 65 85
6 26 46 66 86
7 27 47 67 87
8 28 48 68 88
9 29 49 69 89
10 30 50 70 90
11 31 51 71 91
12 32 52 72 92
13 33 53 73 93
14 34 54 74 94
15 35 55 75 95
16 36 56 76 96
17 37 57 77 97
18 38 58 78 98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет