Ата-аналармен жұмыс


Ата-ана балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі146 Kb.
#93881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
5 ата-анамен жұмыс
5 ата-анамен жұмыс
Ата-ана балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Бала өнегелi болса сөз жоқ, ол көрiктi болады. Сiз, құрметтi ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгiлi. Ал “кейде” не “күнде” балаңыз “2” деген нашар баға алса, онда оған ренжисiз, сөгесiз, тiптi тiлдеп те жiбересiз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керiс тудырмай-ақ түсiнiсiп, жөн сiлтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық тұрғыдан берiлетiн төмендегi 14 кеңеске құлақ түрiңiз.

  1. Таңертең /не түсте/ бала сабаққа барарда баланы жайлап қана оятыңыз. Сiздiң биязы үнiңiз бен күлкiңiз-ақ ұйқысын ашуы тиiс. Кешегi бiр терiс қылықтарын айтып, босқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесiн жұқартпаңыз.

Яғни, тамағын iшпей жатып ұрыс-керiс ұйымдастырмаңыз.

  1. Егер балаңыз сабақтан кешiгетiндей болып жатса, онда “бол да болдың” астына алып айқайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзiңiз кiнәлiсiз;

  2. Баланы сабаққа /әсiресе, таңертең/ ашқұрсақ түрiнде жiбермеңiз;

  3. “Бұзақы болма”, “Қисалаңдамай тыныш жүр”, “Бүгiн екi алсаң, құртамын” деген ескертулердi жиi айта бермеңiз. Керiсiнше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуiне тiлектестiк бiлдiрiңiз;

  4. Есiктен кiрмей жатып, “Бүгiн қандай баға алдың?” деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз, оның сабақтан шаршап келгенiн ескерiңiз.

Егер бала әлденеге ренжiп келсе, бiрдеңенi айтпақшы болса, “сенi тыңдауға уақытым жоқ” демей, арнайы көңiл бөлiп, мұқият тыңдаңыз;

  1. Бала әлденеге ашуланып жүрсе, үндемеңiз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзi-ақ айтады;

  2. Балаңыздың қылығы үшiн мұғалiм сiздi шақыртып алса, өзара әңгiмеге баланы қатыстырмаңыздар.Үйге келген соң балаңыздың да пiкiрiн тыңдап барып, қателiктерiн жайлап түсiндiрiңiз;

  3. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесiн мезгiлi – сабаққа әзiрленудiң сәттi кезi;

  4. Бiр мезгiлде барлық сабаққа әзiрленудi талап етпеңiз. Әр сабаққа үзiлiс жасау арқылы әзiрленген дұрыс;

  5. Сабаққа әзiрленiп жатқан баланың желкесiнен төнiп тұрмаңыз. Дөрекi сөйлемеңiз. Одан да көмектесiп, бiрлесiп дайындалыңыз;

  6. “Егер сен сабақты орындамасаң” деп басталатын тәртiпке шақыру баланың жүйкесiне әсер етедi. Одан да өзiңiз кiрiсiп, жайлап жетектеп отырыңыз;

  7. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емiн-еркiн, жақын тартып, әңгiмелесiп тұрыңыз;

  8. Балаңыздың көңiл-күйi нашар болса, басы ауырса, бiрден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкiн;

  9. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрiгермен кеңесiңiз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет