Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы Қалалық информатика пәні мұғалімдерінің семинары Тақырыбы: Web бетшелерін құру



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
#27500
1   2   3

НТМL тілі мағынасы «гипермәндік белгілеу тілі» деп ашылады. Естілуі керемет болғанымен, іс жүзінде барлығы оңай. НТМL файлы дегеніміз — htm немесе һtml кеңейтілуі, браузерімізде (браузер — Интернеттің қарап шыққышы мысалы, Internet Ехрlоlег немесе Netscape Navigator) көретін беттің мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар - тегтер. Көптеген жағдайларда бұл тілді білудің тіпті керегі де жоқ, сен үшін бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі — кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы деп санауға болмайды. Ол НТМL-дың мүмкіндіктерінің барлығын бірдей пайдалана алмайды, ондағы мәтіннің көрінісі де браузердегідей емес және т.б.

Неғүрлым маңызды НТМL редакторы деп Місrosoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word – қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиын болмайды.



Місrosoft FrontPage 2000-ның нұсқасының (бұдан былай FrontPage 2000 немесе жай FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы НТМL-ді бүге-шегесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелегілерің немесе тақырып түсін өзгерткілерін келсе, Word-тағыдай мәтіннің қажетті үзіндісін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар — іс бітті. FrontPage НТМL -дің тиісті кодын өзі генерациялайды.

Қаласаңдар, тікелей Редакторда НТМL кодын жазып, сол уақытта, браузерді іске қоспай-ақ, өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады. Редактордың тамаша мүмкіндікгерінің бірі - оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде ( what уои sеe іs what you get -не көрсеңіз, соны аласыз). Бұл олар браузерде Редактордағыдай болатынын білдіреді. Күні кеше ғана НТМL кодтарында әрбір ұсақ-түйекті қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жеткілікті. FrontPage Редакторында жұмыс істеу Місrosoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсас. Мұнда да жартылай қалың қаріп, курсив және астын сызу, маркер-ленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word - тағыдай іске асырылады; орфографияны да Word - тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы. Word - тағыдай FrontPage Редакторы бір мезгілде бірнеше файл ашуға мүмкіндік береді, ал Редактор беттермен әрекет жасайтын болғандықтан, ол бір мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп еркін айтуға болады. Бұл мүмкіндік бір беттен басқасына жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы. Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшіріп, (барлық HTML кодымен қоса) оны редакциялауға мүмкіндік береді. Өздерінің басқа сайттарыңнан жылдам ақпарат алғыларың келген жағдайда бұл ыңғайлы болады. Бетте кезекті элементті орналастыра отырып, қарапайым принципті ұстануға тырысыңдар: кәдімгі мәтіндік процессорда жұмыс істеп жатырмын деп санаңдар, мысалы, Microsoft Word - та. Редакторда көптеген бет элементтерімен манипуляциялау әдістері өздеріңе Word -пен жүмыс істегенде таныс әдістерге толығымен ұқсас. Көптеген меню және инструменттер панельдері де Word -тағы сондай элементтерді қайталайды.





Мұқағали Мақатаев
(1931-1976)


М. Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақтың қара өлеңінің құдіреті.

Ф.Оңғарсынова

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.

Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.




Каталог: uploads -> doc -> 0fa4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa4 -> Сабақ Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби. Отырарлық ғалым»
0fa4 -> Сабақ Тақырыбы: "Мақта қыз бен мысық"
0fa4 -> Қазақ тілі пәнінен Сабақ жоспары Оқытушы
0fa4 -> Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет