Атаулы күндер сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2023-2024 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз



Дата03.11.2023
өлшемі23,58 Kb.
#189213
Байланысты:
Атаулы күндер 2023-2024
320 (копия), 320 (копия), 2 апта Инклюзивті білім беру Майбасар Сая, Supplemental Essays Doc, Индуизм — Уикипедия, талдау, талдау

АТАУЛЫ КҮНДЕР
Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2023-2024 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
Суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл
1223-1277 жылдары билік құрған, Египетте мамлюк мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ұлы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл
Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл
Қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл
Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл
Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, ғұлама ғалым Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл
Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақын-жазушысы, ақылойшысы, демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл
Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғы-сының ержүрек батыры Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл
Қазақ жазушысы, редакторы. Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл
Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, жазушы Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл
Мәдениеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов Қорының Президенті Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
Абай Күні Жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда Ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы, жазбаша қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай күні атап өтіледі. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күні (1845 жылғы 10 тамыз) «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысына сәйкес ресми түрде Қазақстанда мереке күні болып атап өтіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет