Перьевая ручка



Дата01.09.2022
өлшемі5,56 Mb.
#148547
Байланысты:
Толық адам концепциясы
ББЖМ бұйрығы, вскармливание, ҚМЖ- Алимкулова

«Абай шығармаларындағы рухани құндылық»

  • Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
  • Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінің Шығыстық, Батыстық және ұлттық ең таңдаулы жауһарларын оқып, игеріп, солардағы озық идеяларды өз шығармаларында өрістетіп дамытты.
  • Ол өзіне дейінгі әдеби-философиялық мұралардағы идеяларды өзінің сау ақыл, ыстық жүрегінің сарабына салып, қорытып, өз заманының қоғамдық-саяси жағдайлары, халықтың рухани хал-күйі, келешек мүддесімен байланыста алып, жаңаша әдеби бағытта дамытты.
  • Әлемдік ақыл-ой қайнарларынан және өз жанынан сұрыптап алған асыл құндылықтарды өзінің көркем мұралары арқылы өз заманына ғана емес, келешек ғасырларға да рухани азық боларлық өлмес сөз, өшпес өсиет етіп ұсына білді.
  • Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.
  • Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
  • Парасаттылық
  • Ұлтжандылық
  • Дарындылық
  • Табандылық
  • Шыншылдық
  • Әділдік
  • Адалдық
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы
  • «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты.
  • Абайдың «толық адам» ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды
  • Абайтанушы ғалым,профессор М.Мырзахметұлы

Абай шығармаларындағы " Толық адам" бейнесі

  • Толық адам
  • Ыстық қайрат
  • Жылы жүрек
  • Нұрлы ақыл
  • Рақым
  • Махаббат
  • Ұят
  • Қанағат
  • Талап
  • Еңбек
  • Шыдамдылық
  • Терең ой , Білім , Зеректік
  • Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
  • Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек
  • Адам болам десеңіз
  • Бес нәрсеге асық бол
  • Бес нәрседен қашық бол
  • Талап
  • Еңбек
  • Терең ой
  • Қанағат
  • Рахым
  • Бес асыл іс
  • Бес дұшпан
  • Абай бұл мәселеге қара сөздерінде де толық тоқталды.18-қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек үшеуін айтыстырып барлығың бір болсаң,толық адам сонда шығады дейді. Отыз төртінші сөзінде : «Адам баласына адам баласының бәрі - дос» деген хакім Абай ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Мынау бізге жат, мынау бізге теріс деуге мүлде болмайды, мынау өзге діннен, мынау өзге ұлттан деп адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды.
  • Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
  • Сонда толық боласың елден бөлек - дейді.
  • Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет