Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет18/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
госы

Хрущев жылымығы – бұл кезеңді «жылымық» деп КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты аталды. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалды. Билік басына келген жаңа кеңес басшылары сыртқы саясатты да жұмсартуға ынта білдірді.
Тоқырау жылдары – 1965–1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр дамуы. Өнеркәсіп, өндіріс орындарының өнім, табыс бермей дағдарысқа ұшырауы.

2 сурак
Көшепелілер бұрынғы заманда киіз үйді қолданған. Тіпті олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі де бар.Олар:жылқы игеру,киіз үй,петроглифтер яғни тас бетіне салынған суреттер.




3 сурак
Ия келисемин
Алаш қозғалысының көшбасшысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі – Әлихан Бөкейхан болды. Ол туған жерінің тарихын терең зерделеп, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы маңызды тарихи оқиғалардың барлығына белсенді қатысты. Алаш идеясының тұжырымдамалары Ә. Бөкейханның ұлт-азаттық қозғалыс, отарлық езгідегі қазақ қоғамының жағдайы туралы зерттеулері мен терең талдауларында жасалған. Ә. Бөкейхан ел болашағын болжауда өткен тарихты танып-білу қажеттігі туралы былай жазады: «Тарих – түзетуші және үйретуші. Келешек күннің болашағын білуде тарих анық құрал болады». Болашағы зор ел боламыз десек, әрбір азаматтың ұлттың тарихы мен оның сабақтарын білу қажеттігін Алаш көсемі былай деп ескертеді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешектің қандай боларына көзі жетпейді».
Әлихан Бөкейхан жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырушыларының бірі ретінде Алаш идеяларын алға тартып, ұлттық тарихты оқып-үйренудің маңызын атап өтті.
Қазақ көшбасшысы Қазақ хандығының Ресей империясы бодандығына түсу себептерін анықтау үшін ұлт тарихын терең зерделеді. Ол қазақтардың тәуелсіздігінен айырылуының басты себебі – бұрынғы ел билеушілерінің қол астындағы ру-тайпалар мен жүздерді біріктіріп, сыртқы отаршылдық қауіпке қарсы жұмылдыра алмауында деген тұжырымға келді. 1913 жылы былай деп жазды: «Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады». Ол хандық билікті қалпына келтірудің нәтижесіздігін түсінді. Ұлт тәуелсіздігіне тек белсенді саяси күрес арқылы ғана жетуге болатынын айтты. Осы мақсатпен кадет партиясына мүшелікке өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамытудың эволюциялық жолымен қазақ мемлекеттілігін жаңғырта аламыз деген пікір ұстанды. Ә. Бөкейхан Қарқаралы петициясын дайындауға қатысып, петицияны жоғары билікке тапсыруда да алдыңғы қатарда болды.
Ә. Бөкейхан өз заманындағы сот ісін жүргізуден гөрі ежелгі қазақ даласындағы билер сотының әділдігін жоғары бағалай отырып, патша үкіметінің тұсындағы жағдай туралы былай деп жазды: «Қазақ орысқа қараған соң би жоғалды. Кім орысқа жағымпаз болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы шешен билерден келе жатқан әділ билік жорасы парақор билермен аяқасты болды. Пара беріп, ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды».
13 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет