Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет2/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
госы

Мәуереннаһр (араб.: ما وراء النهر‎ — Ma Wara' un-Nahr, дәлме-дәл — «өзен әр жағы»), тағы да Трансоксиана (лат. Transoxiana) және Фараруд (парсы: فرارود‎ — Farārud) — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлер. Бұл атау 7 – 8-ғасырлардағы арабтардың Орталық Азияға жорықтарынан кейін пайда болды. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 – 712 ж. Бұхара мен Самарқандты, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты (Отырар) алып, ислам дінін, араб тілін енгізді. 9 – 10-ғасырларда Мәуереннаһр ирандық Самани әулеті (892 – 999) құрған мемлекет құрамында болды. 10-ғасырдың аяғынан бастап Қарахандар қолына түпкілікті көшіп, кейін мұнда Батыс Қарахан қағанаты құрылды. 12-ғасырда Хорезм шаһтарына бағынып, 13-ғасырда Шыңғыс хан империясының, 14-ғасырдың 70-жылдарынан бастап Әмір Темір мемлекетінің құрамында болды. 16-ғасырда Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияға жорығынан кейін көшпелі өзбек мемлекетінің қол астына өтті. 16-ғасырдың аяғында қазақ ханы Тәуекел Әндіжанды, Ташкент пен Ферғананы басып алып, Мауереннаһрдың солтүстік бөлігін Қазақ хандығының құрамына қосты. 17-ғасырдың 2-жартысынан бастап мұнда Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты Орталық Азия хандықтары құрылды. Мәуереннаһрдың Самарқанд, Бұхара, Ходжент сияқты қалалары Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталықтары болды. Мәуереннаһрдан ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли ибн Сина, Бұхари, Рудаки, Ұлықбек, т.б. шықты.[1][2]
Қазір бұл жерлер Өзбекстан (соның ішінде Қарақалпақстан да), Қазақстан, Түрікменстан және Тәжікстанның жерлерінің бөліктеріне сәйкес.
2 сурак
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда маңызды қызмет атқарады. Біріншіден, ол Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады. Екіншіден, Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі. Үшіншіден, бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.
2008 жылы Елбасы бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданып, Ассамблеяның құқықтық мәртебесі кеңейтілді.
Қазіргі таңда Ассамблея 23 республикалық және 470-тен астам аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын қосып«Достықтың инфрақұрылымына» айналды.

3 сурак озинин оайын



28 билет
1 сурак- Қаған - хандардың ханы, бас хан деген үғымды білдіреді - ерте түрік мемлекеттерінің басшысы. Түрік, батыс және шығыс түрік, Түргеш, Қимақ секілді қағандықтарды басқарған. Ол жоғарғы билеуші, әскербасы болды. Оған белгілі бір тайпа өкілдері сайланған. Қағандықтағы жоғары лауазымдарға қаған өз туыстарын тағайындап, соларға арқа сүйеп отырған. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерді басқарды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті. Соғыс ашу немесе бітімге келу, шетелдік елшілерді қабылдау, құрылтай жиналысын шақыру, ру басшыларын тағайындау, алым-салықты қадағалау, т.б. Істермен айналысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет