Атырау қаласы, Жұмыскер кенті Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі Насипова Тұрсын Аблкаресқызы



Дата25.12.2016
өлшемі24,38 Kb.
Атырау қаласы, Жұмыскер кенті

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі

Насипова Тұрсын Аблкаресқызы

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық

Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: - Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;

  • Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, үнтаспа, сызба

Тыныштық сәті

Музыка тыңдау. Табиғат аясында

  • Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмуға да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап – таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап жүр. Бәріміз осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгенімізге қуаныштымыз, болашағымызға сеніммен қараймыз. Осындай ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен.

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

Әңгімелесу


  • Өмірді тану не үшін қажет?

  • Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Дәптермен жұмыс

Алтын балықтан өзін-өзі тану пәнінен не үйреңгілерің келетінін сұраған тілектеріңді айтып беріңдер.



Тапсырма

«Өмірді танып білгім келеді» тақырыбына әңгімелеп беріңдер



Мәтінмен жұмыс

«Ата өсиеті» әңгімесін талдау, сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстыру.



Түйіндеме

Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.



Дәйексөз

Тақтаға: «Өзіңдң танығың келсе, адамдарға олардың ісіне қара» деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аудару, мәніне тоқталу, түсіндіру.

Шығармашылық жұмыс

3 - топқа бөліп, сұрақтарға жауап алу.



1-топ: Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?

2-топ: Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?

Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттерінің септігі тиді?



3-топ: Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу үшін не қажет?

Жаңа ақпарат

«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады»



Дәптермен жұмыс

1- тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру



2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салу

Қорытындылау

  • Оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю оған құштар болу – бақытты жақсы өмір сүруге көмектеседі.

Соңғы тыныштық сәті

Үнтаспадан «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдау. Бірге қосылып айту.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет