Атырау облысы білім беру басқармасы


Скважина құрылысы мен түрлері



бет5/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
4.Скважина құрылысы мен түрлері
Скважина дегеніміз - жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.
Скважина негізінен тік жəне көлденең болады. Скважинаның жоғарғы
бөлігі скважина сағасы, түбі – түп аймағы, бүйір беті-қабырға, шектелген қабырға кеңістігі – скважина оқпаны деп аталады. Скважина оқпанының өсі бойындағы скважина сағасынан түп аймағы арасындағы қашықтық скважина ұзындығы, ал тік өстегі ұзындық проекциясын тереңдік деп атаймыз. Жалпы скважинаның құрылысына кететін күрделі қаржының мөлшері кен орнының орналасу тереңдігіне, скважинаны бұрғылаудың геологиялық шарттарына, географиялық орналасу шарттарына байланысты əртүрлі болады. Скважинаның ұзақ мерзімде жұмыс істеуі көп жағдайда оның конструкциясымен анықталады
Скважина құрылымының элементтері:
- скважина сағасы;
- түп аймағы;
- скважина қабырғасы;
- скважина осі;
- скважина оқпаны;
- шегендеу тізбегі.

Скважинаның конструкциясы - деп, диаметрлері мен ұзындықтары əртүрлі жəне скважинаға бірінен кейін бірі тобымен түсірілетін бірнеше
шегендеу құбырларын айтамыз. Шегендеуші құбырлар бірінен кейін бірі белгілі тереңдікке дейін түсіріліп, геологиялық қимадағы тау жыныстарына цемент тасымен бекітіледі.
Суды, минералды тұздарды, күкірттерді өндіру үшін скважиналар бұрғыланады, ал түрлі қалдықтарды көміу үшін арнайы скважиналар бұрғыланады, сонымен қатар скважиналарды түрлі заттарды жер астында сақтау мақсатында қолданады. Мұнай газ кəсіпорындардың қажеттілігіне қарай келесі скважиналардың түрлері қолданылады: тіректік, параметрлік, құрылымды, іздеу-барлаулы, пайдалану, айдау жəне арнайы.
1.Тіректік скважиналар ірі аймақтардың геологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай жəне газ жиналатын шөгінді тау жыныстарының таралу заңдылықтарын анықтауға арнайы қазылады.
2.Параметрлік скважиналар төмен тереңдіктердегі тау жыныстарының геологиялық құрылысын зерттеу жəне алдағы уақыттағы кен орындарын анықтап, оларда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен қазылады. Сонымен қатар тау жыныстары қимасының геологиялықгеофизикалық сипатталарынан сейсмикалық, геофизикалық ерттеулер қорытындысын анықтайтын мəліметтер алуға мүмкіндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет