Атырау облысы білім беру басқармасы



бет6/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
3.Құрылымдық скважиналартіректік, параметрлік скважиналарды
бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды нақты шынайы зертеу жəне аталған құрылымдарды іздеу-барлау жұмыстары жобаларын дайындау мақсатымен қазылады. Құрылымдық бұрғылау мен геофизикалық зерттеу нəтижелелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін жəне құрылымдық картасын тұрғызу үшін пайдаланады.
4.Іздеу скважиналары геологиялық іздеу жұмыстары мəліметтері бойынша дайындалған кен орындарының мұнай мен газдың барлыған анықтау немесе оның жаңа қорларын ашу үшін қазылады. Іздеу скважиналары бұрғылау барысында тау жыныстарының үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орынның геологиялық қимасын шынайы зерттейді.
5.Барлама скважиналары өндірістік мұнай мен газдың барын анықтағаннан кейін кен орындарда оның қорын есептеу, кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.
6.Пайдалану скважинасы деп мұнай немесе газды өндіруге арналған скважиналарды атайды.
7.Айдау скважиналары деп қабатқа су, газ, бу айдауға арналған скважиналарды атайды. Бірақ, кен орнын игеру барысында мұнай өндіру скважиналарын айдау скважинасы ретінде қолдануға болады, кей жағдайларда керісінше.
8.Арнайы скважиналар кен орындарды игеру барысын бақылау мақсатында, қабаттың құрылымын (структурасын), коллектор қасиетін дəлірек анықтау үшін арналған. Пайдалану скважиналары ең негізгі жəне маңызды құрылыс болып табылады. Олардың саны кен орнындағы скважина қорының 70-80% құрайды. Пайдалану скважиналарының бұзылуы жəне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мұнай жəне газ өндірудің көлемін азайтады. Күрделі жөндеу жұмыстары ұзақ уақытты жəне үлкен материалды-техникалық қаражатты талап етеді. Сондықтан скважиналардың жұмыс істеу мерзімі сол кен орынды игерумен тең болу қажет, яғни шамамен 40-50 жыл. Пайдалану скважиналарында қолданылатын жабдықтардың сапасына қойылатын негізгі талап, олардың сенімділігі.

Скважина құрлысына жəне оның жабдықтарына қойылатын талаптар оны пайдалану шартымен анықталады, негізгі шарт кен орнының геологиялық ерекшелігі жəне скважинаны пайдалану режимі болып табылады. Пайдалану скважиналары бағаналарының геометриялық формасына байланысты екі түрлі болады: тік жəне көлбеу.


Скважина үш негізгі бөліктен тұрады – сағалық, бағаналық жəне сүзгілік (фильтрлік). Əр бөлік сəйкесті жабдықтармен жабдықталады: тізбек басы, бағыттауыш, кондуктор, пайдалану тізбегі, сүзгі (фильтр). Скважинаның ең төменгі шегі түбі деп аталады.
Пайдалану скважиналарының бағаналық бөлігі концентрлі орналасқан тау жынысына цементтелген шегендеуші құбырлар тізбегінен құралады.
Соңғы, яғни ішкі шегендеуші құбыр тізбегі пайдаланушы деп аталады жəне пайдалану объектісі – қабатты скважина сағасымен қосуға арналған.
Скважинаның сыртқы шегендеуші құбырлар тізбегі бағыттауыш –түсіріледі жəне оның сыртқы беті цементтеледі. Бақыттауыш тізбегінің ішіне кондуктор шегендеуші құбырлар тізбегі түсіріледі. Кондуктор барлық ұзындығы бойынша цементтеледі.







5

09

23



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет