Атырау облысы Индер ауданы Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің



бет1/2
Дата31.03.2020
өлшемі1,03 Mb.
#61109
  1   2
Байланысты:
Сабақ жоспары ,журнал үшін Кенжегалиева Райханнан

Атырау облысы Индер ауданы Қалам Есқалиев

атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Кенжеғалиева Райхан Ғиниятқызы

Бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі

Бөлімше: Мінез – ақылдың сауыты

Мектеп: : Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Сынып:

Қатысқандар :12




Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Ж3. сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

5.Ж1.берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын

қарапайым жоспар құру.



5.ӘТН4.сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді

зат есім орнына қолдана білу;






Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

- Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындайды.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын

қарапайым жоспар құрады.



- Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім

орнына қолдана біледі.






Кейбір оқушылар орындай алады:

- Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.

- Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім

орнына қолдана біледі.




Бағалау критерийлері:

Білім алушы:

- Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.

- Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім

орнына қолдана біледі

- Өз пікірін өмірмен байланыстыра отырып білдіреді.




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну,қолдану.




Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

- Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.

- Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім

орнына қолдана біледі

- Өз пікірін өмірмен байланыстыра отырып білдіреді.




Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:




Мінез-құлықтың түрлері, сангвиник, холерик, флегматик ,меланхолик




Диалог құруға /шығарма жазуға пайдалы тіркестер:




Сюжетті суреттер мен тіркестер

-Мәтіннің тақырыбын анықтауға арналған тапсырмалар.





Талқылауға арналған сұрақтар:




-Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші»болады деп ойлайсыз?

-Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

-Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

-Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?





Ишара:




Құндылықтарға баулу






Пәнаралық байланыс:

Тарих,қазақ әдебиеті,информатика




Алдыңғы оқу:

«Сыртқы келбет және өмір салты» тақырыбы туралы білетіндерін еске түсіру




Сабақ барысы




Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар


Басы

2 минут


1.Арғымақ аттың құйрығы – 
Әрі жібек, әрі қыл,
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл.

2. Адал мінез адамдар:
Арттағыларға жол салып
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар:
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.

(мақал-мәтелдерді қима қағаздарға бөліп тастау,сыртқы бетіндегі суреттерді

дұрыс құрастырғанда, мақал-мәтел шығару, тақырыбын анықтау , сол бойынша

оқушыларды топтастыру)






Қима қағаздар,

«Google.ru»-дан алынған мақал-мәтелдер жинағы.



Ортасы

4 минут

3минут

15минут


11 минут

«Шығыс базары» әдісі арқылы оқушылармен өткен сабақты пысықтау,бір-біріне

сұрақ қойғызу , әр оқушы қораптағы жатқан бір –бірден кез келген оқушының атын

суырып, содан соң сол аты аталған оқушыға сұрақ қояды, сұраққа жауап беруші оқушы

өз атын сұраққа жауап бере отырып сатып алады.

Сұрақтар:

1.Адамның сырт келбетіне қарап баға беру дұрыс па?

2.Өз-өзіңе қандай баға берер едің?

3. Өзіңді басқалардан жоғары ұстау дұрыс деп ойлайсың ба?

4.Кербез, тәкаппарлық жақсы қасиет пе?

5.Жақсы болсаң, жердей бол,


Бәрін шыдап, көтерген.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.

6. Абайдың «Он сегізінші сөзінде» не туралы айтылған еді?


(Видеороликті көрсету. «Адамның көзіне қарап мінезін тану»)

«Түрткі болу сұрақтарын» қойып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.

Бұл видеоролик не туралы болды? Сендер өздеріңнің қандай адам екендіктеріңді

көздеріңнің түстері арқылы біле алдыңдар ма?
Адамның мінезі қандай болады?

Тағы да видеороликке назар салсақ:



«Адамның мінезі жыл мезгілдері сияқты» атты видеоролигін көрсету.

Берілген оқу мақсаттарына сай оқушыларға тапсырма беру:

Ж. Жазылым алды тапсырма

Үнтаспа. Мінез-ақыл сауыты

Оқушылар үнтаспаны тыңдайды.Тыңдап болған соң, берілген ақпаратты зерделей отырып,

өз ойын жүйелеп жазады.

«Сұрақ-жауап» әдісі

Жүсіп Баласағұн бабамыз бақытқа жеткізетін қандай пайдалы үш нәрсені атап көрсетті?

Мінезі бар адамның ұяты бар дегенді қалай түсінесің?

Дана Абайдың адамның мінезін өзгертуге болады деген пікіріне келісесің бе?



ТЖ.Жазылым тапсырмасы.

Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құраңдар.Әңгіме құрау барысында

кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттауда сын есімді, оның шырай түрлері мен

сын есімді зат есімнің орнына қолданып жазыңдар.









ТЖ.Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Әр топ өз жұмысын қорғау барысында төмендегі бағалау парағын басшылыққа алады.



Р/с

Бағалау критерийі

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1

Сюжет желісі бойынша әңгіме құрастырады.










2

Кейіпкерлердің мінез- құлқын сипаттайды.










3

Кейіпкерлердің мінезін сипаттауда сын есімді қолданады.










4

Кейіпкерлердің мінезін сипаттауда сын есімнің шырайларын қолданады.










5

Әңгімеде заттанған сын есімдерді қолданады.











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет