Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия



бет4/5
Дата24.11.2016
өлшемі1 Mb.
#2421
1   2   3   4   5


2.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу

«Еңбекке баулу» оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді.

Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда АКТ қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр.

Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.

Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.

Дербес компьютерде жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы дербес компьютер деген не екенін, дербес компьютер қалай жұмыс істейтінін, дербес компьютер қайда қолданылатынын, қандай комьютер сатып алу керек екенін, дербес компьютердің негізгі (ішкі және сыртқы) құрылғыларын, ақпараттың өлшем бірліктерін, компьютерге күтім жасау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, дербес компьютер туралы бастапқы мәліметті (жіктелуін), дербес компьютерге бағдарламаларды орнату және оларды жою тәсілдерін білуі; дербес компьютерді дұрыс қосып, өшіре алуы, пернетақта мен тінтуірді дұрыс пайдалана алуы, дербес компьютерге сыртқы құрылғыларды қоса алуы, компьютерге бағдарламаларды орнатып, оларды жоя алуы, қажетті міндеттерді орындауға жарайтын дербес компьютер таңдап ала алуы тиіс.

Windows амалдық жүйесін пайдалану жөнінде пайдаланушы амалдық жүйе деген не екенін, амалдық жүйе дербес компьютерді қалай басқаратынын, қандай амалдық жүйелер бар екенін, Windows қалыпталған бағдарламаларын (Блокнот, WordPad, Paint), Жұмыс үстелі ұғымын, Windows терезесінің құрылымын, қалталар мен файлар деген не екенін, Каталогтар бұтағы деген не екенін, Жетектегіш деген не екенін, Аралық сақтағыш деген не екенін, Іздеу бағдарламасы деген не екенін, Мұрағаттар деген не және олар не үшін қажет екенін, Windows анықтамалық жүйесі деген не екенін білуі; терезелерді басқара алуы (бірнеше терезенің өзара әрекеттесуін жүзеге асыруы), қалыпталған бағдарламаларды іске қосып, пайдалана алуы, Windows анықтамалық жүйесін қолдана алуы, Жетектегіш бағдарламасын қолдана алуы, файлдармен және қалталармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін (жасау, атау беру, атауын өзгерту, көшіру, жылжыту, файлдар мен қалталарды жою, себетке жойылған файлдар мен қалталарды қалпына келтіру) меңгеруі, файлдарды дискетке, флэш-картаға көшіріп, ықшам дискілерге жаза алуы, өз компьютерінде файлдар мен қалталарды таба алуы, мұрағат жасап, файлдар мен қалталарды мұрағаттан шығарып ала алуы тиіс.
Жергілікті желі және компьютерлік вирустардан қорғану жөнінде пайдаланушы жергілікті желі, сервер, желілік басып шығарғыш, компьютерлік вирустар деген не екенін, компьютерлік вирустардан қорғану тәсілдерін білуі; жергілікті желінің қор көздерін қарап шыға алуы, өз дербес компьютері мен жергілікті желідегі қор көздеріне қатынасуды жүзеге асыра алуы, жергілікті желідегі басып шығару тәсілдерін меңгеруі, вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалана алуы (ішкі және алынатын құрылғыларды вирустардың бар-жоғына тексере алуы) тиіс.

MS Word-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы MS Word деген не екенін, Word терезесінің құрылымын, мәтіндік құжаттың құрылымын, негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, құжат жасау және онымен жұмыс істеу тәсілдерін (мәтін бөліктерін ерекшелеу ережелері және т.б.), кестелерді, суреттерді, Өзпішімдер мен WordArt нысандарын кірістіру, кескінді өңдеу тәсілдерін білуі; Word көмегімен құжаттар жасай алуы, суреттер, жиектер, бояу, өң және WordArt нысандары көмегімен құжаттарды әсерлі етіп безендіре алуы, құжаттар ішінде кестелер жасап, безендіре алуы, емле ережелерін тексеруді жүзеге асыра алуы, құжатты пішімдеу (қаріппен, дерек атауларымен, тізімдермен, бағандармен жұмыс істеу) тәсілдерін меңгеруі, суреттерді кірістіріп, оларды өңдей алуы, құжаттарды басып шығара алуы тиіс.

MS Excel-де жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы MS Excel деген не екенін, Excel терезесінің құрылымын, кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар), негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, ұяшықтарды пішімдеу және өңдеу тәсілдерін (үстеу, жою, біріктіру және т.б.), Өзтолтыру ұғымын, Өрнек ұғымын, Өзқосынды ұғымын, Деректерді сұрыптау ұғымын, диаграммаларды құрастыру тәсілдерін білуі; Excel көмегімен құжаттарды безендіре алуы, кестелерді туынды және біртекті мәліметтермен толтыра алуы, ұяшықтарды пішімдей алуы, ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы, формулалар көмегімен қарапайым есептеулерді жүргізе алуы, мәліметтерді артуы, кемуі және алфавит бойынша сұрыптай алуы, кестелерді негізге ала отырып графиктер мен диаграммалар құрастыра алуы тиіс.

MS PowerPoint-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы PPT деген не екенін, қалыптар көмегімен көрмелер жасаудың тиімді тәсілдерін білуі, слайдтарды безендіру және көрмелерді жасау кезінде жасақтама мен қалыптарды пайдалана алуы, жан бітірімдерді баптай алуы, көрмелерді көрсете алуы тиіс.



Internet-те жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы Internet деген не екенін, провайдерді таңдау кезінде қойылатын талаптарды, E-mail, ftp, www, ip–телефония мүмкіндіктерін, Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу негіздерін, ақпараттық-іздеу порталдары деген не екенін, «Е–Үкімет» ұғымын, Internet қызметтері түрлерін, Е-төлемдерді жүзеге асыру тәсілдерін, электронды пошта қалай жұмыс істейтінін, ұялы телефон арқылы Internet-ке шығуды, қашықтан оқыту деген не екенін білуі; үйде отырып Internet желісіне қосыла алуы, қажетті ақпаратты іздей алуы, түрлі іздеу жүйелерінің сұрату тілін қолдана алуы, алынған ақпаратты өз дербес компьютерінде сақтай алуы, Internet қызметтерін пайдалана алуы, форумдарды, чаттарды пайдалана алуы, жеке тегін пошта мекен жайын ала алуы, үйде отырып пошта жүйесін баптай алуы, хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алуы, хаттарға файлдарды тіркей алуы тиіс.


І-ІІ семестр /8 сынып / Технология

Сабақ№



Сабақ тақырыбы

Сағат

Мерзімі





Көрнекілігі

Қосымша оқулықтар


Үй тапсырмасы

8а

8б

8в

Іскерлік дағдыны қалып-

тастыру

Оқыту әдісі

Жаңа технологияны пайдалану










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

WINDOWS-ТЫ МЕҢГЕРУ

1

Кіріспе

1





























2

АЖ деген не және ол дербес компьютерді қалай басқарады?

1





























3

АЖ қысқаша шолу

1





























ФАЙЛДАРМЕН ЖӘНЕ ҚАЛТАЛАРМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУ

4

Файлдар мен қалталар деген не? Файлдардың аттары

1



























5

Файлдар және қалталар жасау Қалталар мен файлдардың атын өзгерту

1



























6

Себетке жойылған қалталар мен файлдарды қалпына келтіру

1



























7

Дискетке жылдам көшіру

1



























8

Шығармашылық жұмыс№3

1





























9

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1






























ДЕРЕКТЕРДІ МҰРАҒАТТАУ. КОСПЬЮТЕРЛЕРДІ ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ

10

Деректерді мұрағаттау. Компьютерлерді вирустан қорғау

1



























11

Мұрағаттар деген не?

WinZip, WinRAR Мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс



1




























12

Мұрағатты әзірлеу

Мұрағат жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері



Мұрағаттан бөліп алу

1




























13

Компьютерлік вирустар

1


























14

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1


























WORD-ТА ЖҰМЫС ІСТЕУ. ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ СӘНДІ ЕТІП БЕЗЕНДІРУ

15

Құжаттарды әзірлеу тәсілдері

1




























16

Мәтінді енгізу ережелері

1


























17

Құжаттаы пішімдеу. Жиектер және бояуды безендіру

1




























18

Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар

1






























EXCEL-ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ

19

Электронды кестелерді әзірлеу


1






























20

Өрнектерді пайдалану және қарапайым есептеулер . Өзқосынды.

1






























21

Диаграммалар құрастыру

Құжатты басып шығару



1



























22

Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар

1


























POWER POINT-ТА ЖҰМЫС ІСТЕУ

23

Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері

1




























24

Слайдтарды безендіру

1


























25

Жан бітірімді баптау. Көрмелерді көрсету

1




























26

Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар

1




























27

WINDOWS-ТЫ МЕҢГЕРУ

1




























28

ФАЙЛДАРМЕН ЖӘНЕ ҚАЛТАЛАРМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУ

1




























29

ДЕРЕКТЕРДІ МҰРАҒАТТАУ. КОСПЬЮТЕРЛЕРДІ ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ

1




























31

WORD-ТА ЖҰМЫС ІСТЕУ. ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ СӘНДІ ЕТІП БЕЗЕНДІРУ

1




























32

EXCEL-ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ

1




























33

POWER POINT-ТА ЖҰМЫС ІСТЕУ

1




























34

Қайталау

1




























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет