Атыс дайындығы тарауынан әскери жетекшілерге



бет1/11
Дата31.01.2018
өлшемі3,51 Mb.
#36452
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Атыс дайындығы

тарауынан

әскери жетекшілерге

көмекші құрал
(Оқу әдістемелік нұсқау)
Дайындаған:

И.И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектептің

алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

Шарипов Пархат

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – оның әр азаматының абыройлы міндеті. Қарулы күштердің ұрысқа дайындығы мен қабілеттілігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің негізгі кепілі – жанжақты дамыған, қазіргі техникамен қару-жарақты игерген, денсаулығы мен дайындығы жоғары әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернацианализм қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борышпен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті күшейтуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі «Әскери міндер мен әскери қызмет туралы» Заңына байланысты міндетті әскери қызмет 1 жылға өзгертілді. Сондықтан әскери қызмет етуге даярлау жалпы білім беретін және кәсіптік - техникалық мектептер мен арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән АӘД пәні болып табылады. Олай деуіміздің себебі қазіргі уақытта Армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтандыруына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделіленді. Қысқа мерзімде өздеріне сеніп тапсырған қару жарақ пен техниканы меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жас өспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметте дайындауға, өз Отынын ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуға тиіс.

Құрметті әскери жетекшілер мына өздеріңізге арналған көмекші құрал кітапшасындағы жауынгерлердің жеке қаруының даму тарихына тоқталдым. Болашақ жастарды тәрбиелеуде, оларға білім беруде көмегі тиіп жатса дұрыс деп ойлаймын.



ВИНТОВКА
Ойықты ұңғылы жеке отты қарудың арналу мақсаты оғымен, сүңгісімен және дүмімен қарсыластың адам күшін жою болып табылады.

Осындай жылдам атылатын винтовканың шығуына үлкен үлес қосқан Тула қару жасау заводының инструментальді шеберханасының бастығы С.И. Мосин болды.

Ол 1890 жылы бесатар винтовканы жасап әскери кеңеске тапсырды. Сынақта винтовка басқа винтовкалардан артықшылықтарын көрсетті.

1891 жылы бұл винтовка орыс армиясын жабдықтауға қабылданды, онда ол үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовка деп аталды.

1930 жылы бұл винтовкамен Қызыл Армия жауынгерлері де қаруланды. Ол кезде «Орыстың үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовкасы» деп аталды. Осы 1930 ж винтовкаға біраз өзгерістер енгізіліп СССР Революциялық әскери кеңесінің шешімімен Қызыл армияға «1891/30 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка» деген атпен қайта қабылданды.

Бұл тамаша конструктордың еңбегін Кеңестер Одағының Үкіметі, бағалап арнайы қаулы қабылдады С.И.Мосиннің қайтыс болуына 50 жыл толуына байланысты (1952 ж) Тула қаласында Ескерткіш орнатылып, ол кісінің атымен бір көше және механикалық техникумнің аты берілді.






1891/1930 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка Конструктор С.И.Мосин

Бұл винтовкамен бірге Кеңестер армиясының қару жарағына «1938 ж үлгідегі » сүңгісіз карабин қосылды. Карабин винтовка, ұзындығы жағынан қысқартылған және қолдануға ықшамдалған қару, онымен атты әскер бөлімдері мен артиллерия, миномет есептоптары қаруланды.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі көрсеткендей, соғыстың алғашқы айларында ақ «1891/1930 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка» өзінің ұзындығына байланысты қолдануға ыңғайсыз болды, ұрыс кезінде, оқпандағы байланыс жолдарындағы қозғалыс кезінде, елді мекендер мен ормандарда және әртүрлі кедергілермен бөгеттерден өту кезінде қолайсыздықтар байқалды.

1944 жыл 17 қаңтар жаяу әскер, атты әскер бөлімдері мен инженерлік бөлімдерді қаруландыру үшін сүңгісі алынбайтын, қайырылатын «1944 ж. үлгідегі» карабин қолданылды.

Ұлы Отан соғысының соңғы кездерінде бұл карабин жаппай қолданыс тапты.

«1944 ж. үлгідегі» карабин мен «1938 ж. үлгідегі» карабиннің айырмашылығы тек сүңгісінде болды.

«1891/30 ж.ж. үлгідегі» винтовка мен «1938 жылғы үлгідегі» карабиндердің тактикалық көрсеткіштері.


Негізгі көрсеткіштері

Винтовка

1891/30ж.ж.



Карабин

1938 ж


Карабин

1944


Калибрі (мм)

7,62

7,62

7,62

Жалпы ұзындығы сүңгі мен ұрыстың жағдайында (мм)

1669

-

1330

Ұзындығы сүңгісіз (мм)

1230

1020

1020

Ұңғысының ұзындығы (мм)

730

520

520

Сүңгісіз салмағы (кг)

4

3,5

3,5

Сүңгінің салмағы (кг)

0,5

-

0,4

Көздеу қашықтығы м

2000

1000

1000

Ұңғыдағы ойықтар саны

4

4

4

Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с

865

820

820



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет