Қатысқаны: 8 Қатыспағаны: Күн тәртібінде



бет1/2
Дата28.02.2022
өлшемі343,1 Kb.
#133635
  1   2
Байланысты:
Хаттама өзгеріс
3МП-18-1мем.іс.03.11.20ж.Қорытынды, Каспийский государственный университет технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова, который на сегодняшний день сумел занять свое 2

Хаттама №1
Мерзімі: 29.08.2021 ж.


Қатысқаны: 18
Қатыспағаны:2
Күн тәртібінде:
1. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
2. 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру;
3. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 9,10 сыныптардың күнтізбелік жоспарларын талқылау;
4. Математика бірлестік мұғалімдерінің күнтізбелік, вариативтік компоненті бойынша таңдау,қолданбалы курстарының,қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыс жоспарларын талқылау, бекітуге ұсыну;
5. Біліктілік санатын көтеретін мұғалімдерді ұсыну, жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау.

Сөйлегендер:


1 мәселе бойынша информатика пәнінің мұғалімі Оразымбетова Г.Қ. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.


2 мәселе бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Оразымбетова Г.Қ. 2021-2022 оқу жылында атқарылатын «Математика және информатика» кафедрасының жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда «Математика және информатика» кафедрасы 2021-2022 оқу жылында «Білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын, шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында жұмыс жасайтындығы айтылды. «Математика және информатика» кафедрасы алдына пәннің білімдік процесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатын қояды. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жоспары құрылып, атқарылатындығы айтылды. Сонымен қатар биылғы оқу жылындағы кафедра мұғалімдерінің сапалық құрамымен, аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімімен және олардың жасайтын жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, әкімшілік бақылау жазба жұмыстарының тапсырмалары былтырғы жылы кеткен кемшіліктер ескеріле отырылып құрастырылғандығы айтылды.


4 мәселе бойынша информатика пәнінің мұғалімі Шүкірбаева Ш «Математика және информатика» пәндер кафедрасы мұғалімдерінің күнтізбелік, вариативтік компонет бойынша курстарының, қорытынды аттестаттау жоспарлары жайлы сөйлеп, кафедра мұғалімдерінің арасында талқыланды.
- Күнтізбелік жоспар жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. 5-11-сыныптарда білім беру процесіне арналған күнтізбелік сабақ жоспары «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар, 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі және Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 27 қарашадағы 496 бұйрықпен өзгерістермен және толықтырулар енгізілген) негізінде жүзеге асырылды. Cонымен қатар «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізінде жасалды.


- Оқу жоспарының вариативті компонентіндегі берілген сағаттар математика, информатика пәндеріне қосымша курстармен және үйірмелермен толықтырылғандығы жөнінде айтылды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет