Қатысушылар: Мұғалімдер Қажетті құралдар



Дата07.02.2022
өлшемі314,7 Kb.
#85796
Байланысты:
тренинг


Мектеп ұжымында жағымды қарым-қатынас орнату жолдары” тақырыбында психологиялық тренинг
Мақсаты: Мұғалімдерді өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.
Қатысушылар: Мұғалімдер
Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, түрлі –түсті бояулар, жапон әліппесі.
Тренинг жоспары:

  1. Сәлемдесу

1. Амандасу.
2. «Жапон әліппесі» жаттығуы.
3. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.
4. «Су асты патшалығы» әуен терапиясы
5. Қортынды.
2. «Жапон әліппесі» жаттығуы
А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу
И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ
С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи
Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до
Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фу
Ж – су О – мо Х – ри Я – на
Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы: әдемі Бегайым деген жапон тілінде катэкурин Зукужикаки.
3.«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.
Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.
Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.
Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, сақина.
Таудөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.
Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді
4. «Су асты патшалығы» әуенді терапия
Құрметті бүгінгі тренинг сабаққа қатысушы мұғалімдер. Осы тернинг сабақтан алған сезімдеріңізбен көңіл-күйлеріңізді іштей сезініп, өздеріңіз көптен күткен арман тілектеріңізді, ниеттеріңізді ойларыңызға түсіріп, жайменен көздеріңізді жұмып, денелеріңізді босатып, ыңғайланып отырыңыздар.
Барлығымыз өз арманымызға жету үшін «Су асты патшалығына» түсіп барамыз. Суы қандай тұп-тұнық. Іштей осыны сезініңіздер. Сіздер патшалықтан алтын балықты іздестірулеріңіз керек. Барлығымыз суға түстік, су асты сондай жылы, денеміз еш тітіркенбейді. Алтын балықты іздеп жүрсіздер. Су астында балықтар неткен көп, барлығы сондай әсем, әрқайсысы өзінше әдемі, көздің жауын алады. Кенеттен су астынан бір сәуле шықты ол - Алтын балық. Сол алтын балықтан әрқайсыңыз өздеріңіздің үш тілектеріңіз бен арман ниеттеріңізді іштей сұраңыздар. Сонда алтын балық тілектеріңізді естіп орындауға уәде береді. Барлығымыз жайменен көзімізді ашамыз.
Енді алдарыңыздағы алтын балық бейнесінен қалаған кішкентай балықшаларды алуларыңызға болады. Балықшалардың артында сіздерге арнап жазылған сөздерді оқуларыңызға болады. Болашақта осы арман-тілектер міндетті түрде орындалады деп сеніңіз. Құрметті қонақтар осы тренингтен алған әсерлеріңізді айтам деушілер бар ма? (Мұғалімдердің әсерлерімен бөліседі).
Рахмет!!!
5. Кері байланыс. Қорытынды.
Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет