Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



бет3/4
Дата17.06.2018
өлшемі0,58 Mb.
#42564
1   2   3   4

Кештің мақсаты: Оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлең мазмұнын терең ұғына білуге, поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығын насихаттау.

(Жүргізушілер кезекпен оқиды)

1-жүргізуші:-Туған жерің?

2-жүргізуші: -Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

1-жүргізуші:- Туған жылың?

2-жүргізуші: -1931 құрдасымын Шәмілдің

1-жүргізуші: Жынысың кім?

2-жүргізуші:- Еркекпін ғой,еркекпін.

1-жүргізуші: Партияда барсың ба?

2-жүргізуші: -жоқпын,бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

1-жүргізуші: - Шыққан тегің?

2-жүргізуші: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

1 жүргізуші:- Білімің ше?

2-жүргізуші:- Орташа ғой,алайда оны жоғарыға балаймын.

1-жүргізуші: -Ана тілің?

2-жүргізуші:- Қазақша. Қысылғанда орысша да немісше тағы бар.

1-жүргізуші: -Қайда істедің?

2-жүргізуші:- Мынау «Еңбек кітапшам» танып ал.

Оқымаған дипломсыз демесең

Бір басымнан бар мамандық табылар.

1-жүргізуші: -Міндеттісің бе әскерге?

2-жүргізуші: -Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

1-жүргізуші: -Сөгіс алып көрдің бе?

2-жүргізуші: -Ол жағынан періште дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

1-жүргізуші:- Шетелдерде болдың ба?

2-жүргізуші: Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап

Қалсам болды,өлсем болды жайыммен

Осы отырған орнымда-ақ.

1-жүргізуші: -Мекен жәйің?

2-жүргізуші: Жерде өскен ақын деген пендемін.

Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер,құрметті ұстаздар,өлең сүйер қауым!

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған,

Өзін әнмен тамсандырған,-



деп біз бүгін заманымыздың жарқ еткен жұлдызы,лирик ақын М.Мақатаевтің шығармашылығына арналған "Мен өмірге жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кешін өткізгелі отырмыз. "Жүрегінің түбіне кір жасырмай", қалың қазақпен ағына жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен өмір-өзенді,қуаныш пен қайғыны,сағыныш пен мұңды,ерлікті шынайы да көркем кестелейді.

2-жүргізуші Мен -дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам,жазам жырды мен жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Өлмеу үшін,құлқыңды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

"Жаздым үлгі жастарға бермек үшін",

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін!

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп Абайша жырлаған ақиық ақын М.Мақатаев небәрі 45-ақ жыл өмір сүрді. Тірі болса ,ақпанның тоғызында 82 жасқа жеткен болар еді.

Бүгін менің туған күнім.

Ой,бәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай қойғаны -ай.

Мына жұртқа жақпады ма әлде нем?!

Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?

Халқым,сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Тойланбаса, тойланбасын, не етейін,

Той көрмей-ақ,сый көрмей -ақ өтейін.

Қаламымды берші маған,құрдасым,

Болашаққа арыз жазып кетейін,- деп ақын өзі туралы осылайша айтып өткен еді өмірден.

М.Мақатаевтың өз дауысымен өлеңдері оқылады

"Пай,пай,өмір" өлеңі оқылады

1-жүргізуші: "Мұқағали Мақатаев -қазақ тарихындағы ең оқырманы көп,қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол-ең алдымен ақын. "Қазақ жырының құдіреті" дейді ақын Фариза Оңғарсынова. Олай болса, Мұқағали поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.

"Поэзия" өлеңі оқылады

2-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды.Мұқағалидің сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып,қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.( «Саржайлау» әнінің шығу тарихы айтылады)

"Саржайлау" әні орындалады

2-жүргізуші: Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға,оның сылдырап аққан суына, самал желіне , мақпал түніне бал кезден-ақ ғашық болып өссе керек,алған әсерін өлеңіне өре де білген.

"Қарасаз"

"Өмір сүрейік алмасып" өлеңдері оқылады

"Күрең күз" әні орындалады

1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала-бағбаншысы. Арулар-асыл жандар. Оларға деген махаббат,сүйіспеншілік сезімі- жырдың алтын арқауы. Ана туралы, әйел туралы жырламаған ақын кемде-кем. Соның ішінде М.Мақатаевтің әйел туралы жазған өлеңдері ерекше.

"Әйелдер-ай"

"Арулар асыл жандар"

"Шеше сен бақыттысың" өлеңдері оқылады

1-жүргізуші: "Сүйікті балаларым менің ,- дейді ақын өз күнделігінде. -Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп,абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан,жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен,жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болады.

"Әке " өлеңі оқылады

«Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады

"Жас қайын" әні орындалады

Каталог: uploads -> doc -> 06e4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06e4 -> Баяндаманың тақырыбы: “Химия-биология сабағында ойын элементтерін, жаңа инновациялық технологияны пайдалану
06e4 -> «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру»
06e4 -> Бекітемін: «Өзін-өзі тану» пәнінен интеграцияланған
06e4 -> Тіл мәртебесі ел мерейі сеилханова Гулдерай Аскаровна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет