Ауа-тамшы инфекцияларының қоздырғыштары



бет4/13
Дата07.02.2022
өлшемі25,12 Kb.
#91955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
42ffe523-c525-4ded-be96-e9ed28791b85

Клиникасы. Жасырын кезең 3 күннен 20 күнге дейін (орташа 1-апта). Ауру ағымында 3 кезең бөлуге болады. Катаральдық, спазмдық және шешілу.
1-кезең катаральдық 2 апта. Дене қызуының субфебрильдік көтерілуі, құрғақ жөтел. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. 1-2 апта ішінде жөтел күшейіп, ұстамалы мінезге бірте бірте ие болады.
2-кезең-спазмдық. 2-3 апта, жөтел толқындарының сериясы бірінене соң бірі пайда болады. Дем тарту – ұстамалы, ысқырып дем алады. Ұстамалы дем тартуды-реприза деп атау келісілген, бірақ бұл ұстаған жөтелұстамасы 3-5 реттен 20 ретке дейін және оданда коп болуы мүмкін. Науқас жүзі қызарып, көгеріп, көк тамыр бұлтиып, көз жастанып, қанталап, басы алға қарай ұмтылып, тілі қатты алғасозылып, осы кезде тіл үзенгісі зақымданып жара пайда болуы мумкін. Ауыр жағдайларда мұрыннан қан кету, көздің ақ қабатына қан құйылуы, зәр шығып кетуі және дефекация болуы мүмкін. Жөтел ұстамасы созылған жабысқақ қақырық бөлінуімен немесе құсумен аяқталады. Ересек балалар арасында жөтел ұстамасы алдында ауру пайда болады-балалалар мазасызданып, секіріп тұрып, сүйінетін жер іздиді. Ұстамасы ұстау кезеңдері аралығында балалардың жалпы жағдайы онша өзгеріссіз, балалар белсенді ойнайды, тамаққа тәбеті жақсы. Қарағанда –беті ісінген, өңі боз, көздің ақ қабатына қан ұйыған, тіл үзенгісі жараланган, эмфизема белгісі бар(перкуторлықдыбыстын қорапты болуы),өкпеде құрғақ сырыл. Ауырғанына байланысты жөтел ұстамасы бірнешеден бастап 20-25, оданда көп 40-50 және жоғары болуы мүмкін.
3-кезең-шешілу - реприза жоғалып, қақырық оңай бөлінеді. Ауру ұзақтығы-1-4ай. 1 жасқа дейінгі балалар арасында ауру ағымы ауыр және ұзақ, спазмдық кезең 2-3 айға ұзарады, апноэ, ауыр бронхит, пневмония жиі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет