Ауа-тамшы инфекцияларының қоздырғыштары


Жануарлардың сезімталдығы



бет13/13
Дата07.02.2022
өлшемі25,12 Kb.
#91955
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
42ffe523-c525-4ded-be96-e9ed28791b85

Жануарлардың сезімталдығы.
М. tuberculosis қоздырғышына адам өте сезімтал болса, жануарлар мен құстардың
сезімталдығы төмен.
Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқасы, қояндар жоғары сезімтал.
Адамға М. bovis қоздырғышы ауру малдың сүтін тағамға қолданғанда жұғады.
M. avium қоздырғышы тек құстарда емес, жануарлар мен адамдарда да ауру тудыруы мүмкін.
Инфекция көзі.
Адам, сирек жануарлар.
Тарау жолы.
Ауа- тамшысы, ауа- щаңы, кайде тағам арқылы.
Ұрыққа ауру анасынан жұғады.
Клиникалық формалары.
1.Өкпе қабынуы.
2.Өкпелік емес: асқазан, ішек, бауыр, ми қабықшасы, сүйек, бүйрек т.б. түрлері.
Қабынған органдарда әуелі төмпешік пайда болады. Ол төмпешік лейкоциттер мен
гиганттық клеткалар жиынтығынан тұрады және оның ішінде микобактериялар болады.
Организмнің ауруға қарсы күресін төмпешіктің сыртын дәнекер ұлпаның қоршауымен
түсіндіруге болады.Бұл кезде микроб төмпешіктің сыртына шыға алмайды.
Оны Гона ошағы деп атайды, бұл туберкулез таяқшасының ең алғашқы енген ортасы.
Туберкулез ауруының ашық және жабық түрлері бар.
Жабық процесте - құрттар қақырықпен, несеппен т.б.бөлінбейді.Адамдардың 80%-ы құрт
таяқшасын жұқтырған деген пікір бар, бірақ клиникалық тұрғыдан олар сау адамдар
қатарына жатады. Ал осы адамдар қолайсыз жағдайға душар болып, иммунитеті төмендеген
жағдайда, төмпешік некрозға ( ыдырау ) ұшырайды. Бактериялар сыртқы ортаға шығып
жаңа аумақтарды зақымдайды, сөйтіп ашық процесс пайда болады. Кейде бүкіл ағзаға құрт
тарап, генерализденген процестен адам өліп кетуі мүмкін.
Иммунитет.
Адамда туберкулезге қарсы біркелкі резистенттілік қалыптасқан, яғни микробты жұқтырып
алса да адам ауырмайды. Оны инфекциялық ( залалды ) иммунитет деп атайды.
Ол адам ағзасының қорғаныс факторларының әсерінен пайда болады.
Алдын-алу.
Ауру адамды тез арада оқшаулау, диагнозын қою т.б.
Арнайы алдын-алу.
Француз оқымыстылары Кальметт пен Герен ашқан БЦЖ ( BCG ) вакцинасын қолдану.
Оны жаңа туған нәрестелерге иықтың сырт бетіне - тері ішіне егеді.
Ревакцинацияны 7 -12 жас аралығында, одан соң 30 жасқа дейін 5 - 6 жыл сайын жүргізу
қажет.
Емдеу.
Антибактериальды препараттар: ПАСК, фтивазид, стрептомицин т.б.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Патогенді микобактериялардың биологиялық қасиеттері немен түсіндіріледі?
2. Қандай патогенді микобактерияларды білесіздер?
3. Күл қоздырғышы қандай қоректік орталарда өседі?
4. Туберкулез ауруындағы клиникалық белгілері және иммунитет ерекшелігі қандай?
5. Көкжөтел ауруының клиникалық белгілері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет