Ауа-тамшы инфекцияларының қоздырғыштары



бет9/13
Дата07.02.2022
өлшемі25,12 Kb.
#91955
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
42ffe523-c525-4ded-be96-e9ed28791b85

Алдын алуы: Науқасты оқшаулау. Зарарсыздандыру. Тасымалдаушыдан күл таяқшасын табу. Арнайы сақтандыруы АДС, АКДС препараттарын 3 айлық жастан бастап балаларға егу болып табылады. АДС – анатоксині арқылы ревакцинация тек балалық шақта емес, сонымен қатар ересек адамдарда әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Айтылған препараттардан басқа, аллергияға сезімтал адамдарда иммунизациялау үшін құүрамында антиген мөлшері аз АКДС – М, АДС – М, АД – М анатоксиндерін қолданады, бірақ рсы препараттардың иммуногендігі төмен болады.
Арнайы емдеу. Күлге қарсы антитоксикалық сарысу қолданады. Егу мөлшерін емдеуші дәрігер анықтайды. Сонымен қатар антимикробты препараттар қолданады.
Тақырыбы: Туберкулез қоздырғышы

Туберкулез ( лат. сөзі tuberculosis-төмпешік ) - жұқпалы ауру.


Қоздырғышы - патогенді микобактериялар ( М. tuberculosis ) - өкпе, ас қорыту, тері, сүйек, зәр шығару т.б. органдарды зақымдайды.
М. tuberculosis - адамдарда ауру туғызады (92%);
М. bovis - ірі қара малдарда ауру туғызады (5%);
M. avium - құстарда ауру туғызады (3%), бұл шартты-патогенді түрге жатады, кейде адамдарда да
ауру туғызуы мүмкін.
M. murium – тышқанда ауру туғызады.
Қоздырғышты ашқан неміс ғалымы Роберт Кох ( 1882 жыл ).
Морфологиясы.
М. tuberculosis - ұзындау келген, жіңішке, спора, кейде микрокапсула түзеді, Грам әдісімен
«+», яғни көк түске, Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялатын микроб.Қозғалмайды.
Полиморфты.
М. bovis - тік келген, қысқа,жуан,кейде иілген,цитоплазмасында тұқым тәрізді түйіршігі бар
немесе гомогенді, Грам «+»,қозғалмайды, спорасы жоқ, микрокапсула түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет