Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы



бет2/6
Дата08.06.2018
өлшемі466 Kb.
#41515
1   2   3   4   5   6

2. Ағымдағы ахуалды талдау.



2.1. Ауданның жағымды және жағымсыз тараптарына баға беру, сонымен қатар елдің әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуына олардың ықпалы.

Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақты сектордың қалыпты дамуы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының оң динамикасының сипатымен бағаланады.



Аумақ және халық. Статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылдың 1 – қаңтарына Алға ауданының халық саны 44,3 мың адамды құрап отыр.

Әкімшілік – аумақтық жағынан 12 селолық округке, 30 ауылдық елді мекендерге бөлінеді. Аудан аумағында Алға қаласы орналасқан.



Алға ауданының ресурстық потенциалы.

Аудан аумағында зерттелген және әлі де зерттелмеген қатты пайдалы қазбалар қоры бар, оның ішінде:



  • фосфориттер – 1965 және 1983 жылдары барланған өндірістік қажеттілікке арналған қоры бар, оны қарапайым фосфорит тыңайтқышын-фосфорит ұнын алу үшін пайдалануға болады. Өндіру карьерлік әдіспен ұйымдастыруға болады. Шикізат қоры Тамды селолық округі аумағында және Алға қаласының батысынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі күнде фосфорит қорын алу жұмыстары басталған жоқ;

  • саз – керамзит алу үшін. 1986 жылы барланған өнеркәсіпке қажетті қор бар, ол Тамды селолық округі аумағында орналасқан. Кен шығаруды карьерлік әдіспен жүргізуге болады;

  • құрылыс құмы – құрылыс ерітінділері үшін; қор 1984 жылы барланған және Алға станциясыныңоңтүстік-батысына қарай 30 км. жерде орналасқан.

Ақтөбе облысын дамытуда Алға ауданының алатын орны:

Алға ауданы бірнеше жыл бойы әлеуметтік – экономикалық дамуда позитивті нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру өсіп, жұмыссыздар саны бірте – бірте азаюда, жалақы мөлшері де көбейіп келеді.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылдың 1 – қаңтарына 5716,8 млн.теңгені құрады, немесе 2013 жылға қарағанда 116,4 пайыз. Нақты көлем индексі 91,0 пайызды құрады.

Халықты ауылшаруашылық өнімдерімен және ішкі сауда нарығының тұрақтылығының негізгі факторымен қанағаттандыруға кепіл болып табылатын ауданның агроөнеркәсіптік кешені өндірістің бірқалыпты дамуымен, тиімділігінің артуымен сипатталады.

Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 10371,6 млн.теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 204,9 пайызды (5060,9 млн.тг) құрады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның нақты көлемінің индексі 104,2 пайыз.

2015 жылдың 1 – қаңтарына аудан аумағында жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1502, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,2 пайыз. Ондағы жұмысшылар 4969 адам (2013 жылға қарағанда 102,4 пайыз).

Бөлшек тауар айналымы 1691,0 млн.теңге құрады, бұл 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 106,4 пайыз.

Қайтадан ашылған және бос жұмыс орындарына жұмыс іздеп келген 1758 адамның 1380-і жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 731 жұмыссыз, жұмысқа орналастыру деңгейі 78,5 пайызды құрайды.

Уақытша қоғамдық жұмыспен 392 жұмыссыз қамтылды, немесе жылдық жоспардың 103,2 пайызы (380).

2015 жылдың 1 – қаңтарына жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда 2013 жылға қарағанда 0,1 пайызға азайып, 0,3 пайызды құрады.

Туудың көбеюі мен өлімнің деңгейінің азаюы салдарынан демографиялық индикаторлар жақсарды. Халықтың табиғи өсімі 446 адамды құрады.

Халықтың басқа мемлекетке және Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің арасында көшуі тоқтады. Көші-қон сальдосы 2014 жылы 553 адамды құраса, 2013 жылы 111 адамды құрады. Соңғы жылдары сәбилер өлімі мен туберкулезбен ауыру деңгейлері азайды.

Өткізілген шаралардың оң нәтиже бергендігіне қарамастан, бәсекеге қабілетті факторлардың көзқарасынан ауданның экономикалық әлеуетінің өсімі әлі де қамтамасыз етілмеген.

Ауданның демеуқаржыға тәуелділігі ең басты кілттік мәселе болып табылады. Бұл басты кілттік мәселені шешу үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыздандыруға, нарықтық инфроқұрылымды дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын игеруге, ауданда жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын ашуға мемлекеттің көмегі қажет.

Ауданның өндірістік потенциалын дамыту үшін бизнес жүргізуге қолайлы инвестиция салуға пайдалы аумақ ретінде ауданның оң имиджін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізу қажет.

Қаржы тапшылығынан агроөнеркәсіп кешені салаларын техникалық және технологиялық модернизациялау тиісті дәрежеде жүргізілмей отыр.

Негізгі проблемалардың бірі, өнеркәсіп өнімдерін нарыққа шығару қиындығы.

Аудан қаржылық демеушілікке тәуелді болғандықтан ивестициялық жобаларды қаржыландыру негізінен республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттерге және шаруа субъектілерін несиемен қамтуға байланысты. Бөлінген қаржы дамыған транспорттық инфрақұрылымды құруға, ауылдық жерлерде тұратындарды ортылықтандырылған сумен және газбен жабдықтауға, аудан халқын тұрғын үймен қамтуға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге жеткіліксіз.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына ішкі және сыртқы фокторлар да әсер етуде.

Өнеркәсіпті дамытуға банктен несие алуға қол жетімсіздігі және өнеркәсіп өнімдерін өткізудегі қиындықтар кері ықпалын тигізуде.

Қазіргі қаржы нарығы шағын және орта бизнесті бастауға, әсіресе ауылда ауыл шаруашылығы өндірістік қызметі немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысқысы келетін ауыл тұрғындары үшін мүмкіндік бере бермейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жұмысы ауа райына тәуелді болғандықтан аграрлық секторда өсімдік өнімдерін өндіру көлемінің жедел артуына жағдай жоқ. Өткізу нарығы болмағандықтан құс және шошқа етін өткізу нарығындағы дисбаланс та ішкі негативті факторға айналуы мүмкін.

Инфляция да экономикаға диструктивті ықпал етеді.

Экономиканың даму қарқының артуына көп жағдайларда ішкі факторлар әсер етеді.

Минералды шикізат базасының квалификациялы жұмыс күшінің жоқтығы жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты өнеркәсіп инфрақұрылымының нашарлығы аудан экономикасының дамуына тежеу болып отыр.

Өнеркәсіп секторындағы негізгі проблемалар:



  • негізгі қорлардың әбден тозуы;

  • инновациялық белсенділік дәрежесінің төмендігі;

  • инновациялық өнімді нарыққа шағыру жөніндегі сервистің нашар дамуы;

Өнеркәсіп өнімдері көлемінің артуына өңдеу саласының өсуі ықпал ететіні анық. Атап айтқанда, Бестамақ мал шаруашылығы кешенінде ет өңдеуді арттыру, «Аққұс» құс фабрикасының құс етін шығаруы, «Молочные истории» ЖШС ет өңдеуі.

Ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына ауылдық кәсіпкерлердің қажетті кепілді мүліктерінің болмауы және халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі тежеуіш болуда.

Дотациялық аудан болғандықтан, аудан бюджетінің шектеулілігі инвес-тициялық қызмет факторының әлсіздігі, сондай-ақ жеке секторға инвести-циялық қолдауға мүмкіндік бермей отыр.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуындағы игі фактор - әлеуметтік тұрақтылық, транспорттық – коммуникациялық инфроқұрылымның барлығы және облыс орталығына жақын орналасуы, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер ресурсының жеткіліктілігі, ауданның негізгі тағам өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ету мүмкіндігі, еңбек ресурстарының барлығы, электр қуаты мен сумен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдайдың жеткіліктілігі, халықты шағын және орта бизнесті дамытудағы белсенділігі және халықтың әлеуметтік қорғалуы.

Экономиканың өсуіне ықпал ететін фактор, банктердің қажетті дәрежеде несиемен қамтамасыз етуі де игі нәтижесін берері сөзсіз.
2.2. Аумақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайына талдау.

2.2.1. Аймақ экономикасы.
2015 жылдан бастап ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы, әлемдік қаржы дағдарысының тереңдеуі және экономиканың нақты секторындағы даму қарқының баяулауы жағдайында өтуде. Осыған қарамастан аудан экономикасының ахуалы барлық салаларда қалыпты тұрақтылықты сақтады.

Ауданның агроөнеркәсіптік секторының экономикасы мен өндірістің дамуының жоғарылауы байқалуда. Мысалы, 2013 жылы ауылшаруашылығында нақты өнім өндіру көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 100,3% - ға көбейіп, 10653,9 млн.теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу көлемі 13,0 %, жергілікті бюджеттің кірісі 4,5 % өсті. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің индексі 109,4 % көбейді. Негізгі капиталға құйылған инвестициялық өсім 104,2 % құрады.

2014 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуында дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында даму үрдісі сақталды.

Өнеркәсіп өндірісі, инвестиция, бюджетке салықтық түсім, шағын және орта бизнесті дамыту динамикасының өсуі қамтамасыз етілді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп индексінің көлемі 109,4 %, ауыл шаруашылығының нақты өнімінің өсу қарқыны – 116,7 % құрады, негізгі капиталға салынған инвестиция 216,4 %, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,2 % көбейді.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жұмыссыздар санының көбеюіне тосқауыл қойылып қана қоймай, оның дәрежесі де біршама төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 0,5 % - дан 0,3 % - ға дейін кеміді.

Аудан халқының тұрмысын жақсартуға және экономиканың қалыпты дамуына демографиялық және көші – қон жағдайының қалыптылығы мен балалардың дүниеге келуінің көбеюі де ықпалын тигізді. Айлық орташа жалақы 68060 теңгені құрады, немесе 2008 жылға қарағанда 10,0 % -ға көбейді.


Өнеркәсіп

2013 жылы экономика саласында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд. 913,2 млн.теңгені құрады. Негізгі капиталға 5,1 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылды, немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2 пайыз.



«Кроун Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мұнай өнімдерін сақтайтын (6000 куб көлеміндегі 6 резервуар) өндірістік база эксплуатацияға енгізілді және «Ақтөбе Дреллинг Сервис» ЖШС-нде құрылыс материалдарын шығаратын (жылына 30 мың куб) цех іске қосылды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2014 жыл ішінде 5,7 млрд. тг құрады /91%/. Бұл көрсеткіштің азаюы алкоголь өнімдерін шығаратын «АкРоссПищепром» кәсіпорнының желтоқсан-маусым айларында объективті себептермен өндіріс тоқтатуынан болды.



2015 жылы өнім көлемі 5710,5 млн.теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 100,0 пайыз құрады.

Бұл салада 2015 жылы жобалық құны – 2100,0 млн.тг құрайтын «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасына «Молочные истории» ЖШС-нде «Ет өңдеу кешенінің құрылысы» жобасы енгізіліп, іске қосылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында су, электр, кәріз желілері жүргізіліп, жол салынды.
Индустриалық даму

Агроөнеркәсіп кешенін индустриялизациялау- оның салаларын техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, ғылыми жетістіктер мен инновациялық жаңалықтарды енгізу, нақты сектордың мұқтаждығына сәйкес кадрлар жүйесін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Алға ауданы бойынша 2013-2015 жылдар аралығында Индустриаландыру Картасына барлығы 3 жоба енгізілді.

2013 жылы:


  1. «Ақтөбе Дриллинг Сервис» ЖШС – жылына 2000 м3 полистеролбетонды блок шығыратын цех,жобаның құны 70,0 млн.тенге, ашылған жұмыс орны 16.

2014 жылы:

  1. «Неохим» ЖШС– жылына 36,0 мың тонна известь өндіретін цех, жобаның құны 858,0 млн.тенге, ашылған жұмыс орны 80.

2015 жылы:

  1. «Молочные истории» ЖШС- жылына 7200 тонна ет өндіретін ет өндіру кешені, жобаның құны 2200 млн.тенге. Ашылатын жұмыс орны -88.

Алға қаласының индустриалдық аймағы

Алға қаласының солтүстік-батыс бөлігінде жалпы көлемі 100 га құрайтын «Алға» индустриалдық аймағы» орналасқан.

Индустриалды аймақ (ИА) 2 функционалдық аймақтан құралған:

1-функционалдық аймағы - 14га. Өндірістік кәсіпорындар үшін «ПарисаАВ» ЖШС /гофратара өндіретін завод (жылына 12 мың дана/, «Асылбек» ш/қ /картон- қағаз фабрикасы – айына 20 т өнім /, «ПолиВест» ЖШС / полиэтилен өнімін шығаратын завод – айына 100 тонна/.

2-функционалдық аймақ - 84га. Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндіріс «Молочные истории»ЖШС / ет өңдеу комбинаты сағатына 15 бас ірі қара, 150 бас қой, жылыжай кешені 20 000 тн /, ЖК Курмантаев А. / трансформатор құрайтын цех 150 трансформаторов жылына/, «Фирма Янка» ЖШС / ЖБИ заводы жылына 12 мың дана/ , «Каир ЛТД» ЖШС /кабель өнімдері, пластик трубалар өндіретін завод -5400 км, оптикалық талшықтар-7560 км, электр кабелдері -6480 км, пассивті компоненттер 4,4 млн.дана/, ИА басқаратын компания нысаны. Жалпы тартылатын инвестиция көлему 6,4 млрд.теңге құрайды. Жаңадан 624 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

.

Аграрлы-өнеркәсіптік кешен



Аграрлы-өнеркәсіптік кешен аудан экономикасында бірден - бір ірі және әлеуметтік мәні бар секторлардың бірі болып табылады. 2015 жылы нақты өнім көлемі бағаға шаққанда 14,8 млрд. теңгені құрады (НКИ 105,2%).

Өсімдік шаруашылығы.

Ауданның егін шаруашылығы астық өсіруге бағытталған. Негізгі дақылдар жаздық бидай, арпа және тары. Егістік алқабында жетекші орынды жаздық бидай алады, оның үлесі 70 %, алайда, соңғы жылдары табиғаттың қуаңшылығына байланысты дәнді - дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. 2010 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардың егістік алқабы 66,9 мың га, ал жалпы егістік алқабы 52,6 мың га төмендеген. Майлы дақылдар егістік алқабы көбейіп келеді. 2015 жылы 5,5 мың га құрады немесе2010жылмен салыстырғанда 3,3 га жоғары.

Соңғы 6 жыл қорытындысына толық талдау жасай келе ауданға дәнді дақылдар егістік алқабын ұлғайтудың тиімділігі жоқтығын байқауға болады. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал азығы алқаптары 14,4 мың га көбейтілді.


2010-2015 жылдардағы егістік алқабының құрылымы


Жылдар

Егістік алқабы, барлығы, мың га

оның ішінде

Дәнді-дақыл, мың га

оның ішінде, бидай, мың га

Картоп, га

Көкөніс және бақша, га

Майлы дақылдар, га

Жем, га

2010

101,0

87,2

71,1

0,72

0,42

2,2

7,1

2011

80,7

64,6

59,5

0,68

0,38

7,8

7,1

2012

72,9

55,6

36,5

0,68

0,51

6,8

9,4

2013

53,2

34,2

23,3

0,5

0,53

4,1

13,9

2014

57,1

29,3

16,2

0,5

0,55

1,0

25,7

2015

48,4

20,3

8,3

0,5

0,57

5,5

21,5

2015 ж. 2010 жылға %

47,9

23,3

11,7

69,4

135,7

250,0

302,8



Аудан тұрғындарын картоппен және көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылда картоп 500 га,көкөністер 386 га алқабына егілді сонын салдарынан 6575 тоннаға дейін картоп, 5917 тоннаға дейін көкөністер өнімдерінің өндірісін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш 69 мың адамды картоппен, 65 мың адамды көкөніспен жылдық қажеттілігін қамтиды, ал біздің ауданда халық саны 40,3 мың адамды құрайды.

Өсімдік шаруашылығының өндірісі 2015 жылы дәнді дақылдар 4,4 мың тонна, картоп 6,6 мың тонна, көкөніс пен бақша 9,2 мың тонна құрады.

2007 жылдан бастап өсімдік шаруашылығының өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың бағасы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары бойынша субсидия бөлінеді. Сонымен қатар осы бағдарлама бойынша 2015 жылы 70 АШТӨ 218,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Сондай-ақ бағдарлама бойынша «Ауыл шаруашылығы қорғалған топырақта өңдеп өсірген дақылдарға кеткен шығындарын субсидиялау» "Құлагер" ш/қ 132,6 мың теңгеге қаржыландырылды. Бүгінгі таңда ауданда 6 көкөніс сақтау жалпы сыйымдылығы 1,9 мың тонна (ЖШС "Үміт-Надежда" - 1, ш/қ "Алға-Ескендір" - 1 ЖШС "Тоқмансай" - 2, ш/қ "Восток" - 1, ш/қ "Садик" - 1) қоймалар бар, олардың ішінде 2-ғана қолданылады (ш/қ "Алға-Ескендір" –Тамдыда және ш/қ "Садик" - Қарақұдықта).

Тұрақтандырылған бағаны сақтау үшін, халықты картоппен және көкөніспен қамтамасыз ету үшін, қыс мезгілдегі өз өнімдерін сақтау үшін қоймаларды салу қажет.

Машина - трактор паркін жаңарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мәселен 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудан шаруашылықтары 172 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жалпы сомасы 488,0 млн. теңге сатып алынды.

Мал шаруашылығы.

Мемлекеттік саясатты іске асыруға, мал шаруашылығы саласында тұрақты мал санының өсуін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өнімділігін арттыру, мал мен құс өнімділігін жақсарту, малдың төлдеуін молайту.Алға ауданы шошқа және сиыр етін Қазақстан Республикасы аймақтарына және Ресей Федерациясына ірі жеткізуші болып табылады, сондай-ақ облыс аумағына құс еті мен қой етін жеткізеді.Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде мал өнімдерін өндіру ұлғайып отыр және мал басы артып жатыр.2014 жылмен салыстырғанда өсуі байқалады, ірі қара мал басының 0,9% - ға, қой мен ешкі 0,1% - ға, шошқа-43,4%, жылқы-3,5%, құс 1,5% - ға өсті. Түйе басы сол деңгейде құрап қалды 104 бас. Мал шаруашылығы өнімдері: сүт-1,8%, жүн 0,1% - ға өсті. Ет өнімі 394,2 тоннаға азайып 98,1% құрап отыр.

"Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық", "Ырыс" бағдарламалар шеңберінде асыл тұқымды малдарды сатып алуға жұмыстары жүргізілуде. Мәселен 2011-2015 жылдарға арналған "Сыбаға" бағдарламасы бойынша аудан шаруашылықтары 778 бас аналық ірі қара мал сатып алынды. "Құлан" бағдарламасы бойынша 2015 жылы 4 шаруа қожалығы және 1 ЖШС 181 бас аналық биелерді сатып алынды. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалықтары 1142 бас саулықтар сатып алынды.

"Ырыс" бағдарламасы бойынша ш/қ "РусАрт" 50 бас және ш/қ "Аманбай" 100 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 2007 жылдан бастап субсидия бөлінеді.Олар өнімділігі мен сапасын арттыру үшін, мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін. 2015 жылы 1914,9 млн. теңгеге субсидия бөлінді.

Азық-түлік өндірісі.

Ауданда негізгі ет өндірушілер болып табылатын "АкТеп" ЖШС - сиыр етін өндірісі, "Парижская коммуна" ЖШС - шошқа етін өндірісі, құс фабрикасы "Ақ құс" АҚ "Көктас-Ақтөбе" - құс етін, ш/қ "Реймқұл" – сиыр және жылқы етін.

Алға қаласында ЖШС "Молочные истории" 2015 жылдың желтоқсан айында ет өңдеу кешені пайдалануға енгізілді жобалық қуатылығы 15 бас сағатына (7200 тонна/жылына).

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер өндіретін өнімді экспортқа бағытталған. Өткен жылы 2211,2 тонна ет экспорты құрады, оның ішінде "АкТеп" ЖШС сиыр еті - 505,2 тонна, ЖШС "Парижская коммуна" - шошқа еті - 1706 тонна.

Инфрақұрылымын дамыту

Аудандық инфрақұрылымды құру мақсатында ауданда үш ауылдық тұтыну кооперативі (АТК "Айбек" - 41 разъезд Ақтөбе қ., АТК "МАТ" - Алға қ., АТК "Алшагыр" - Токмансайский а/о),мал союмен айналысады. 2009 жылы ауданда "Сервисно - заготовительный центр "Алга" ЖШС құрылған.Техниканы сатып алу үшін "Ақтөбе" АТК-91,3 млн. теңге бөлінді.2012 жылы отырғызуға және жинауға қызметтер атқарылды олар 50 га картоп, сонымен қатар мал союға олар 13,0 млн. теңге құрады. Қазірдің өзінде үш жыл астам СДО істемейді, ал АҚ ҰК АТК "Ақтөбе" - " барлық техникасы қайтарылған. СДО "Алға" банкроттық рәсімін өтуде.

Ветеринария

Ветеринария саласындағы эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға 40,4 млн. теңге, ауру жануарларды санитарлық союды - 2,8 млн. теңге бөлінді, бағдарлама бойынша міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру
және жануарларды алып қоюсыз қайта өңдеу , жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты және иелеріне - 10,6 млн. теңге өтеу құнын төлеуі.Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін және топографиялық карталарда сібір жарасы ауырған малдардың көмген жерлерін нақты көрсете отырып шекараларын құруға аудан бюджетінен 4,1 млн. теңге, оның ішінде РМК-ның "НПЦ-Зем" ресімдеу бойынша мемлекеттік актіге - 1,8 млн. теңге, ресімдеу үшін топографиялық карталар мен шарт "МКК Казгиодезия" 1,5 млн. теңге бөлінді.Ауданда 3 типтік (Үшқұдық, Алға, Бестамақ) мал қорымы бар, ал қалған округтерде қарапайым. 10 ауылдық округке 10 мал қорымы құрылысы қажет етеді. Сондай-ақ, ауданда 3 мал сою пункті (АТК "Айбек", АТК "МАТ", АТК "Алшагыр") және 2 мал сою алаңы (ш/қ, "Исламбек", ш/қ "Құлагер").

Инвестициялар

Жыл сайын ауыл шарушылығының негізгі капиталға инвестиция өсуде. Егер 2010 жылы инвестициялар 1154,8 миллион теңге құраған болса, 2015 - 4957,2 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылдың деңгейіне 4 есеге көп.

"Агробизнес" бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы ЖШС "Молочные истории" ет өңдеу кешені пайдалануға берілді, ш/қ "РусАрт" тауарлы сүт фермасы қолданылуда. Төмендегідей 2016 жылы іске қосу жобалар жоспарлануда; 390 мал басты тауарлы сүт фермасы ш/қ "Аманбай", қымыз өндіру цехы ш/қ "Есет", шұжық тұшпара консервіленген цехы АТК "Айбек", құс фабрикасын қайта жаңарту "Ақ құс".

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет