Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы


Аймақтың әлеуметтік саласы



бет4/6
Дата08.06.2018
өлшемі466 Kb.
#41515
1   2   3   4   5   6

2.2.2. Аймақтың әлеуметтік саласы
Демографиялық потенциал

Алға ауданының соңғы жылдардағы демографиялық жағдайын аймақ тұрғындарының туу деңгейінің көбеюі мен өлім деңгейінің азаюы салдарынан қолайлы деп айтуға болады. Алайда соңғы 10 жыл ішінде Алға ауданының демографиялық дамуында өсім мен шығынның түрлі факторлары орын алды.



Аудан халқының саны. 2015 жылдың 1 – қаңтарына 40182 адам болды немесе аудан халқы соңғы 5 жылда 1118 адамға көбейді.

Сәбилердің дүниеге келуі артуда. 2014 жылы 902 сәби дүниеге келді, немесе өсім 15,2 % құрады.

Соңғы 10 жыл аралығында аудандағы табиғи өсім 363 адамды құрады. 2009 жылдан 2010 жылдың қаңтарына дейін ауылдық жерлердегі халықтың саны 276 адамға көбейді. Қалалықтардың үлесі аудан халқының 51,0 % құрайды.

Халықтың орналасуының тығыздығы. Алға ауданы облыстағы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып саналады. Орта есеппен аудан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы км.6,2 адамнан келеді.

Өлім және дүниеге келу. 2011 жылдан бері халық өлімі төмендеп келеді. 2015 жылы 1-қаңтарына аталған коэффициент 1000 адамға 0,4 тен келді, бұл 2011 жылғы коэффициентке қарағанда 0,1 есе төмен. Сәбилер шетінеуі бұрынғы дәрежеден едәуір төмендеді.



Халықтың тұрмыс дәрежесі

Алға ауданында 2014 жылы 1 қызметкердің номинальды жалақысының мөлшері 68060 теңге болды, бұл 2010 жылға (42949 теңге) қарағанда 25111 теңгеге көп.


Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

2011-2015 жылдары ауданда 5 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Олар: Үшқұдық, Болгарка мектеп бақшасы, Шибой орта мектебінде 70 орындық, №4 Алға орта мектебінде 60 орындық шағын орталық, Алға қаласындағы тұрғын үйдін бірінші қабатында орналасқан 75 орындық «Қасиет АБИ» ЖШС-нің мемлекеттік серіктестігі жеке балабақша.

Бүгінгі таңда аудандағы 34 мектепке дейінгі мекеме 2602 баланы қамтиды. Оның ішінде 895 орындық 21 шағын – орталық, 1707 балаға арналған 13 балабақша бар. Барлығы 1-7 жасқа дейінгі (6334 бала), немесе 78,5 %, 3-6 жас аралығында (3008 бала) 99,6 қамтылған.

Жалпы білім беру

Аудандағы мектептер саны 31, соның ішінде 17 орта, 10 негізгі, 4 бастауыш, мектепте 6784 оқушы бар.

2011-2015 жылдары аудан көлемінде 280 оқушыға арналған 3 мектеп жаңадан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 2012 ж. 120 орындық Шибаевка орта мектеп, 100 орындық Ақырап негізгі мектебі, 2015 ж. Бесқоспа орта мектеп.

Өткен 5 жыл ішінде аудан мектептерінде 17 жаңа модификациялық (химия, биологи, ЛМК) кабинеттер жабдықталды. Бүгінгі күні ауданда 53 жаңа үлгідегі оқу кабинеттер (химия-10, биология-10, физика-21, ЛМК-21) іске қосылып, 50,9 % құрап отыр.

7 мектепте және 2 балабақшада 2011-2015 ж. аралығында 359457,7 мың теңгелік күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданда 1045 педагог еңбек етеді. Олардың 113 жоғарғы санатты, 386 бірінші санатты мамандар.

22 мектепте инклюзивті білім беру жүзеге асырылып, мұндай оқушылардың бәрі оқу процесінде қажетті әдістемелік құралдармен, арнаулы бағдарламалармен қамтылған. Барлық мекемелерде пандустар орнатылған. 2013 ж. үйден оқитын балаларға, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар алу үшін республикалық бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлінді.

Жаңа 2015-2016 оқу жылының басталуына және жылыту маусымына дайындық туралы ақпарат.

Алға ауданы бойынша жалпы білім беру ұйымдар саны 31 мектептен, 7 балабақшадан, 4 қосымша білім беру мекемесінен және 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінен құралады. Алға аудандық білім беру ММ-не қарасты 43 білім беру мекемесінің 8 мекемесі орталық жылу жүйесіне қосылған, 29 мекеме автономды жылу жүйесімен жылытылады, соның ішінде: газбен 18 мекеме, қатты отынмен 11 мекеме ал пешпен жылытылатыны 6 мекеме.

2014-2015 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін жергілікті бюджеттен Алға қаласында орналасқан 5 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 1600,0 мың тг. қаржы бөлінген. Ауылда орналасқан білім беру ұйымдарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарды жүргізу үшін 11123,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде 23 мектепке 7993,0 мың тг, бала бақшаларға 3130,0 мың тг. Бөлінген қаражатқа сыр (еденге, жарға, терезелерге), водоэмульсия, ізбес тас т.б. тауарлар алынды. Тамды орта мектебінің және Шибаевка орта мектебінің ауласында балаларға арналған «Ойын алаңын» жасауға «Аманат» ЖШС 594,4 мың теңгеге және «Көк құдық» ЖШС 614,9 мың теңгеге келісім шарт жасалды, жұмыстар аяқталды. Жерұйық негізгі мектебінде 440,0 мың теңгеге терезе, Көлтабан негізгі мектебінде 517,0 мың теңгеге терезе, Тоқмансай негізгі мектебінде 600,0 мың теңгеге 39 терезе ауыстырылды. Қарахобда орта мектебінің жылыту жүйесін жөндеуге 460,0 мың тг. қаржы бөлінді.

Үшқұдық мектеп-бақшада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша 35592,0 мың.тг қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 31617,0 мың.тг., облыстық бюджеттен 3975,0 мың. тг. Үнемделген қаржы 2216,9 мың теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «МБ-Лашын» ЖШС 33375,1 теңгеге келісім шарт жасалды. Келісім шарт бойынша қаржы толықтай аударылды. Қаржыны 100 % игерді. Мектептегі ағаш терезелер пластик терезелерге ауыстырылды, көне есіктердің орнына жаңа есіктер қондырылды, еденге кафель төселіп, электр жүйесі толықтай алмастырылды.

Білім беру мекемелерін қатты отынмен қамтамасыз ету үшін «СнабСтройСервис Регион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 31532,0 мың теңгеге 2427,4 тонна қатты отынды тасымалдау үшін келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда 24544,2 мың теңге аударылды. Қазіргі таңда 2427,4 тонна көмір тасылды. Отынды тасымалдау жұмыстар аяқталды.

Тамды аула клубының жанында автономды газды қазандығының құрылысын жүргізу үшін, жергілікті бюджеттен 10433,0 мың.тг. қаражат бөлінді, ашық конкурс қорытындысы бойынша «Ерзат» өндірістік кооператив 10276,0 мың тг. құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Қарабұлақ орта мектебінің жанында автономды газды қазандығының құрылысын жүргізу үшін 25362,0 мың тг. қаражат бөлінді, ашық конкурс қорытындысы бойынша «Ерзат» ӨК құрылыс жұмыстарын 21188,9 мың тг. жүргізуде.

А.Байтурсынов атындағы орта мектебіне жылыту қазандығын сатып алуға 700,0 мың тг. бөлінді. Ашық конкурс бойынша мектепке маркасы КСГ-100 екі котел алынды. Келісім шарт «Алманов Б.К.» ЖК 499, 1 мың тг. жасалды.

Ағымдағы жылы Тоқмансай орта мектебінің жылыту жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 14235,0 мың тг. қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «МБ-Лашын» ЖШС 13316,7 теңгеге келісім шарт жасалды.

Барлық жөндеу жұмыстар аяқталды, жұмыс қабылдау комиссия 26 тамызда өтті. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы 4 қыркүйекке жоспарлануда.


Арнайы орта білім беру.

«Алға индустриялық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі Алға қаласында орналасқан. КСРО Үкіметінің Мемлекеттік еңбек резервтері туралы жарлығының негізінде 1956 жылы Бессараб машина – тракторлар станциясы базасында Ақтөбе облысы Ключевой ауданы Ильинка ауылында №118 Бессараб ауылшаруашылық-механикаландыру училищесі болып құрылған. Мақсаты ауданның ауылшаруыашылық салаларында механизаторлар, сонымен қатар КСРО-ның барлық аймақтары мен облыстарында 6 ай оқу көлемінде тракторшы, комбайншы, темір ұстасы, сауыншы, шопан мамандарын даярлау болып табылады. 1960 жылы училище 1 және 2 жылдық тереңдетілген оқу құрылымына ауысты. Жаңа мамандықтар енгізілді: 3-сатылы тракторшы-машинист, ауылшаруашылық құрылғыларын жөндеу және басқару жөніндегі темір ұстасы, автокөлік жүргізушісі, кең көлемді бағыттағы тракторшы-машинсті, темір ұстасы.

1968 жылы №118 Бессараб селолық кәсіптік – техникалық училищесі болып өзгертілді. 1977 жылы басшылықтың шешімімен училище 3 жылдық оқу мерзімінен орта білімді мамандар даярлайтын №118 Бессараб селолық кәсіптік-техникалық училищесі болып ауысты.

Қазіргі заман талабына сай, Алға қаласында жаңа кешен құрылысы жүргізіліп, шілде айында училище Алға қаласына көшірілді. 1982 жылы №16 Алға селолық кәсіптік – техникалық училищесі болып атауы өзгертілген. 1997 жылы Алға қалалық №2 кәсіптік мектеп болып қайта құрылды. Алға училищесінде еліміздің кәсіпорындары үшін 20 000 астам жас білікті мамандар даярланды. Училищенің көптеген түлектері жаңашыл және озат мамандар болып шықты.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «№5 Алға кәсіптік-техникалық лицейі» мемлекеттік мекемесі 21.12.2004 жылы №380 бұйрығымен «№5 Алға кәсіптік лицейі» болып өзгертілді.

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы шілде айының 10 жұлдызындағы №240 қаулысына сәйкес «Алға индустриялық – техникалық колледжі» болып қайта құрылды.

Оқу мемлекет бюджеті есебінен күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде төмендегі мамандықтар мен кәсіптер бойынша оқыту жүргізілуде:

1504000 – Фермер шаруашылығы

1504042 – Аспаз / оқу мерзімі 2 жыл 10 ай



1114000 – Дәнекерлеу ісі

1114042 – Электргазбендәнекерлеуші / оқу мерзімі 2 жыл 10 ай



1401000 – Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

1401012 – Тас қалаушы / оқу мерзімі 2 жыл 10 ай



1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1201072 – Автокөлікті жөндейтін слесарь / оқу мерзімі 2 жыл 10 ай



1211000 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

1211032 – Тігінші /10 ай



1504000 – Фермер шаруашылығы

1504062 – Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі / оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 10ай



1405000 – Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану

1405012 – Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары

Колледж ғимараты жалпы көлемі 7078 кв.м оқу-өндірістік кешені 2 корпустан тұрады.

№ 1 оқу ғимараты 3 қабатты, онда оқу және әкімшілік кабинеттері, 2-ші оқу ғимаратында шеберхана орналасқан. Пайдалы аудан 7027,8 кв.м. құрайды, 1 студентке 2,5 кв.м. пайдалы ауданнан келеді.

Соңғы үш жылда барлық кабинеттердің жиһаздары толығымен ауыстырылды. Оқу корпусында 9 жалпы білімдік пәндер кабинеті, 7 арнайы пәндерге, 2 компьютер класы және әдістемелік кабинет, кітапхана оқу залымен, медпункт, спортзал дайындық залымен, 200 орындық акт залы және 100 орындық асхана бар.

Штаттық кестеге сәйкес 30 штатық оқытушы және 24 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс жасайды.




Оқу жылы

Контингент

Қабылдау

Бітіру

2015-2016

297

125

121

2016-2017

301

125

124

2017-2018

302

125

125

2018-2019

327

150

125

2019-2020

352

150

125

Колледжде жеке кәсіпкерлермен ЖШС-мен және т.б. тең құқылы бірлесіп жұмыс істеу негізінде әдеуметтік серіктестік құрылымы дамып келеді. Студенттер өндірістік тәжірибені колледж келісімшартқа отырған базалық өндіріс орындары мен нысандардан өтеді. Білікті маман даярлауда өндіріс орындарымен келісімшарттар бар.

Әлеуметтік серіктестіктің шеңберінде кәсіпорындармен, құрылымдық бөлімшелермен жүйелі жұмыстар жүргізіледі.


Денсаулық сақтау

  1. жылы өмір сүру дәрежесі 70,3 жас болса, 2015 жылы ол 71 жасқа дейін өсті. Бұған аудандағы демографиялық өзгерістер жағымды ықпал етті.

Ауданда тәулік бойы 70 кереуеттік, күндіз 75 керует жұмыс жасайды. Алға орталық аудандық ауруханасы ауысымында 500 адамды қабылдайтын аудандық поликлиника 8 дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт пен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа медици налық қызмет көрсетеді

Аудан бойынша орта медицина қызметкерлері - 224, оның ішінде ауылдық жерлерде - 58. 50 орта медицина қызметкерінің біліктілік санаты бар, олардың ішінде 16 - жоғары, 20- бірінші және 14 - екінші дәрежелі білікті мамандар. Есепті кезеңде 46 орта буын медицина қызметкерлері, 19 дәрігер арнайы мамандандырудан өткен.

Соңғы 3 жылда ауданда аналар өлімі тіркелген жоқ.

2015 жылы ауданда дүниеге келген 1000 балаға шаққанда сәбилердің шетінеуі 7,9 % болды.



Әлеуметтік маңызы бар аурулар.

Соңғы жылдары жүрек тамыр жүйелері ауруы аудан халқының өлімі жағынан бірінші орын алады. (ол барлық өлімнің 24,2 % -ын құрайды).

Қан айналым жүйелері аурулары 2015 жылы 100 мың адамға шаққанда 160,9%ооо құрады. Аудан бойынша қан айналым жүйесі ауруынан қайтыс болу облыстық көрсеткіштен төмен.

Туберкулезге қарсы көмекті жетілдіру жөніндегі қабылданған шаралар 2015 жылы туберкулезбен ауыруды 100 мың адамға шаққанда 37,7 %ооо (2014 жылы- 51,1%ооо азайғандығын көруге болады. Туберкулезден қайтыс болу 2015 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда -7,7 °/оооо (2014 жылы - 2,6°/оооо ) ұлғайғандығын белгілі.

Туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау қиын емделетін туберкулез ауруы түрлерінің (емдеу тұрақтылығының көптігімен) едәуір орын алатындығынан өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

2020 жылға дейін туберкулездің дәрілік тұрақты формаларымен ауруды азайту және облыста туберкулез инфекциясын кеміту жөнінде шаралар қабылдау міндеті тұр.Туберкулездің алдын алу мен халықтың санитарлық сауаттылығын арттыруға үлкен күш жұмсалуда.

Материалдық-техникалық жабдықтау.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша 2015 жылдың қаржылық 664950,1 мың теңге көлемінде жұмсалды(2014 жылы 638533,3 мың теңге).



2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша жұмсалған шығын-435176,3 мың теңге, оның ішінде:

  • еңбек ақы төлеуге салықты шегере отырып -445262,0 мың теңге немесе жалпы қаржыландырудан 69,9% құрайды;

  • азық -түлік алуға - 7764,4 мың теңге-1,2%;

  • дәрі-дәрмектерге -91550,6 мың теңге-13,8%;

  • тұрмыстық тауарларды сатып алу мақсатында-38727,1 мың теңге 5,8%;

  • коммуналдық қызметке (коммуналдық шығындар, жылыту, электр энергиясы,байланыс қызметтері,отын сатып алу) – 25766,7 мың теңге-3,9%;

  • субподрядка келісім-шарт бойынша медициналық қызметтерді төлеу үшін-11297,0 мың теңге-1,7%;

  • ағымдағы ремонт және тағы басқа да шығыстарға -17240,0 мың теңге-2,6%;

  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында-3203,1 мың теңге-1%;

  • іссапар шығыстары-3251,4 мың теңге-1%

Емхананы және аурухананың 2 қабат күрдел1 жөндеу барысында 44858,0 мың теңге жұмсалынды.

Жөндеу кезінде ағаш есік пен терезелер пластикке, жарықтандыру жүйесі, ыстык және салқын сумен жабдықтау жүйесі сантехника, хирургия бөлімшесінің әрлеу жұмысы жүргізілді, аптека, диагностика бөлімі,физио, рентген және тағы баска 1 қабаттағы кабинеттер ауыстырылды.

2015 жылы Қарабұлақ ауылының дәрігерлік амбулаториясы, Бесқоспа ауылының медициналық пункті, Қарақұдық ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінде автономды газ қазандығының құрылысы жүргізілді.
Жұмыспен қамту құрылымы

2015 жылдың 1-қаңтарына халық саны 40,3 мың адамды құрады, оның ішінде жасы 15 - тен асқан экономикалық белсенді тұрғындар саны 22,1 мың адам. Соңғы жылдары еңбек нарығында жұмыс жасайтындар қатары қалыпты көбейіп келе жатқаны байқалады. Аймақ бойынша жұмыспен айналысу дәрежесі 96,3 %. Статистикалық мәліметтер бойынша Алға ауданында 2012 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді түрғындар қатары 21,6 %-ға көбейді, бұл дегеніміз Алға ауданына басқа жерлерден жұмысқа қаблетті адамдардың көптеп келуі.

2016 жылдың 1 - қаңтарына жұмыс істейтіндер саны 18,1 мың адам, жалдамалы жұмысшылар — 10,5 мың адам, өз бетімен жұмыс жасайтындар - 7,6 мың адам болды. Ауданда жұмыссыздар қатары азайғаны байқалады. Егер жұмыссыздық 2012 жылы 4,5% болса, 2016 жыл басына 3,8 % құрайды, бұл облыстық көрсеткіштен 0,9 % төмен.

2016 жылдың 1 - қаңтарына Алға ауданында 565 адам, оның жұмыссыз жүргені 407 адам жұмысқа қабылданды.

2015 жылы ауданда 580 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару құрылысы және жылжымайтын мүлікпен айналысулар санының артқаны байқалады. Өз бетімен жұмыс жасайтындар негізінен ауыл шаруашылығында істейді. Аймақтық АӨК ауыл шаруашылығында кадрлардың жетіспеуі өзекті мәселе болып отыр. Алға ауданының тұрғындарының көші қоны жоғары. Негізінен ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударушылар саны басым. Ауыл шаруашылығындағы ең басты мәселе жалақының төмендігі.

Аймақтың дамуының әлсіз жақтары, еңбек жасындағылардың көш-қонуы, гендірлік жүйедегі жұмыспен қамту және жұмыссыздық.

Бірқатар позитивті үрдістер де бар.

Аудандағы жұмыссыздардың санының азаюы.

Экономикалық белсенді тұрғындардың санының өсуі.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың жағымды үрдісі.
Мәдениет

Алға ауданы бойынша мәдениет саласында 31 мәдениет ошақтары тұрақты жұмыс жасайды. Атап айтқанда 14 мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер, 15 кітапхана, «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК, Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейінің Алға аудандық филиалы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Мәдениет мекемелеріндегі штаттық бірліктер саны – 105.

Аудан бойынша барлығы 38 үйірме жұмыс жасайды, оған қатысушылар - 324 адам. Мәдениет үйі жанынан құрылған барлығы 7 көркемөнерпаздар ұжымы бар. Оның ішінде 5-еуінің (Достар, Ақжол квартеттері, «Заманай» халықтық театры, «Алға ТВ» киностудиясы, Аллажар отбасылық ансамблі) «Халықтық», 2-еуінің - «Айгөлек», «Қызғалдақ» би ансамблдерінің - «Үлгілі» атақтары бар.



Сала проблемалары: Аудандағы мәдениет саласының өзекті мәселесі – мәдениет ұйымдарының МТБ әлсіздігі. 31 мәдениет объектілерінің 11-нің, яғни 35,5 %, оның ішінде 12 клубтық мекеменің 9-ның (75%), 13 кітапхананың 2-нің (15,4 %) ғана өз алдына дербес ғимараттары бар. Аудандық орталықтандырылған кітапхана мен балалар кітапханасынан басқа ауылдық кітапханалар клубтарда, әкімшілік, мектеп ғимараттарында орналасқан. Қарағаш ауылдық округі орталығы Самбай ауылында ғимараттың жоқтығынан ауылдық клуб жабылып қалды. Алдағы уақытта аталған ауылдық елді мекенде бүгінгі заман талабына сай жаңа типтік жобадағы ғимарат салыну қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда Ақай, Үшқұдық ауылдық мәдениет үйлері, Қарахобда ауылдық клубы ғимараттары күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Аудандағы 13 кітапхананың 3-інде: аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Ізтай Мәмбетов атындағы аудандық балалар және Маржанбұлақ ауылдық кітапханаларында, яғни 23,1 %-ында ғана РАБИС бағдарламасы орнатылған. Көптеген ауылдық елді мекендерде кітапханаларға РАБИС бағдарламасының жаңа нұсқасын орнату жұмыстары қажетті телефон, компьютердің болмауы, интернет желісіне қосылмауы себепті кейінге қалдырылуда.



Перспективалар: Жергілікті бюджетте қаржы тапшылығынан аудан бойынша мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінбей отыр.

Ауданның мәдениет ұйымдарының ақылы қызмет көрсетуден түскен табыстары олардың мәдени іс-шараларынан ауыспайды, Сол себепті мәдениет ұйымдарының материалдық базасын нығайтуға, оның ішінде мәдениет нысандарын күрделі жөндеуге, автокөлік сатып алуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінуі қажет етіледі.

Жас мамандарды тұрақтандыру үшін олардың жағдайларын жасаумен қатар (тұрғын үй), мектеп түлектерін мәдениет мекемелерінде жұмыс жасау үшін шығармашылық жоғары және арнаулы орта орындарына тарту бойынша белсенді бағдарламалық жұмыстар жүргізілуі керек.

Мәдениет саласының қазіргі жағдайы мынадай негізгі факторлармен сипатталады: материалдық – техникалық базасының әлсіздігі, кітапханалардың кітап қорының жеткіліксіз жаңартылуы және толықтырылуы. Осыған байланысты алдағы уақытта мәдени әлеуетті дамытуды қолдау, тұрақты қаржыландыру, халыққа көрсетілетін мәдени қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыс жасалатын болады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет