Ауыспалы аттестацияның сұрақтар тізімі Пәні: «Хирургиялық аурулардың негіздері»



бет2/7
Дата21.11.2022
өлшемі130,37 Kb.
#159150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сұрақтар тізімі
Семинар модернизм (1) (1), ДОГОВОР ФИНАНСОВОГО ЛИЗИНГА № ALM-0005-22 1-20стр, transfer-receipt-13 10172202405, Реферат та ырыбы Медициналы интроскопияны негізі Орында ан (1), Литература 0 класс четверть Суммативное оценивание за раздел «Пл
Ситуациялық есеп № 1
Құрылыс алаңында 34 жастағы құрылысшы электроарамен (болгарка) темірді кескенде жарақаттанып қалды. Қарағанда: Жәбірленушінің терісі бозарған, есі анық, білектің ортаңғы бөлігінде терең жара бар, жарадан шапшып ал-қызыл қан ағып жатыр.
1.Травматизмнің түрің атаңыз.
2.Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.БМК көрсетпеген жағдайда, қандай асқыну болуы мүмкін?

Ситуациялық есеп № 2
Күндізгі стационарда түскі ас кезінде науқас кенет жөтеліп, «әтеш дауысы» тәрізді дыбыс шығарды, тыныс алуы және сөйлеуі тоқтады. Қарау кезінде науқас есі бар, тынысы анықталмайды, сұрақтарға жауап бермейді. Қарап тексергенде: беті қызарған, ылғалды, көзі жасаурап отыр, пульсі 97 рет. /мин
1. Жедел көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз.

Ситуациялық есеп № 3
Суық кезде аялдамада тұрақты мекені жоқ ер адамның жатқаны анықталды. Қарау барысында: терісі бозарған, есі анық емес, сұраққа жауапты қайтаруға зауығы соқпайды.Терісі суық, тамыр соғысы 64 рет минутына, ҚҚ (қан артериалды қысым) 90/60мм.сын.бағ.
1.Сіздің қойған диагнозыңыз?
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3. Бұл адамды аруханаға жатқызу керек пе?

Ситуациялық есеп № 4
Хирургия бөлімшесіне, 24 жастағы ер адам келіп түсті, науқас әлсіздікке, "кофе қоюы" тәріздес құсықтың болғанына шағымданады. Асқазанынының бірнеше жыл ауратынын айтады. Екі күн бұрын қара май тәріздес үлкен дәреттің болғанын байқаған. Кешеден бері "кофе қоюы" тәріздес құсықтың 3 рет болғанын айтады. Қарау барысында :жалпы жағдайы бір қалыпты, терісі мен шырышты қабаттары бозарған, пульс 96 рет минутына, ҚҚ 110\70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпиғастрий аймағында ауырсыну бар. Үлкен дәреті қара түсті. Қанда: Эритроциттер 3,5 *10\л, Нв-100г\л
1. Диагноз?
2. Бұл науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
3.Қандай қан тоқтататын (гемостатик) дәрі-дәрмектерді қолдануға болады?

Ситуациялық есеп № 5
Жер көшкіні салдарынан 36 жастағы ер адамның оң аяғын топрақ басып қалды.Құтқару қызметі 2,5 сағаттан кейін келді. Зардап шеккеннің есі анық емес, сұраққа жауапты қайтаруға зауығы соқпайды, оң аяғының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы бір қалыпты, тамыр соғысы 90 рет минутына, ҚҚ 110/80 мм.сын.бағ.
1.Зақымданудың түрін атаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Жәбірленушіде қандай асқыну болуы мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет