Ауыспалы аттестацияның сұрақтар тізімі Пәні: «Хирургиялық аурулардың негіздері»



бет4/7
Дата21.11.2022
өлшемі130,37 Kb.
#159150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сұрақтар тізімі
Семинар модернизм (1) (1), ДОГОВОР ФИНАНСОВОГО ЛИЗИНГА № ALM-0005-22 1-20стр, transfer-receipt-13 10172202405, Реферат та ырыбы Медициналы интроскопияны негізі Орында ан (1), Литература 0 класс четверть Суммативное оценивание за раздел «Пл
Ситуациялық есеп № 11
Желдетуі жоқ гаражда моторы жұмыс істеп тұрған көліктің жанынан ер адам жатқаны анықталды. Терісі күлгін-көкшіл, тынысы жоқ. Ұйқы артериясында пульс жоқ. Қарашықтары кең, жарыққа реакциясы жоқ.
1. Алғашқы көмек көрсету алгоритмін құрыңыз


Ситуациялық есеп № 12
Үй шаруасындағы әйел қайнаған сумен сол қолдың басын күйдіріп алды. Қарағанда: Сол қолдың басы қызарған, ісіңген, алақанның сыртында үлкен күлдреуіштер бар.
1.Күйіктің аланын және дәрежесін анықтаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Күйіктің әр дәрежесіне сипаттама беріңіз.


Ситуациялық есеп № 13
Хирургиялық кабинетке оң жақ сүт безі аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып әйел келді. Нәрестесіне екі апта, баланы омырау сүтімен емізеді. Қарап тексергенде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы квадрантында диаметрі 6 см ауыратын инфильтрат анықталады, оның үстінде гиперемия бар, оң жақта қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады, дене қызуы 39°С дейін көтеріледі.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
3. Осы ауруды емдеу әдістерін атаңыз.


Ситуациялық есеп № 14
Төбелес нәтіжесінде 21 жастағы ер адамның сол жақ білегіне пышақ тиды. Қарағанда: зардап шегуші бозарған, білектің ортаңғы бөлігінде кесілген жара бар, жарадан ал-қызыл қан шапшып ағып жатыр.
1.Травматизмнің түрін атаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Көмек көрсетпесе қандай асқыну орын алу мүмкін?

Ситуациялық есеп № 15
Травмпунктқа 28 жастағы әйел келіп, оң жақ тобық буынының ауырғанына шағымданды.Айтқанына қарағанда – сүрініп тобығын қайрып алды. Қарағанда: оң жақ тобық буыны ұлғайған, пішіні анық емес, қимылы шектелген, рентген зерттеуі сүйекте өзгеріс жоқ екенін көрсетті.
1.Зақымданудың түрің атаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Пациенткаға қандай таңғыш орау керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет