Автоматтандыру және телекоммуникация «Электроэнергетика» кафедрасы «Саясаттану» пәні бойынша



Дата19.04.2022
өлшемі92,5 Kb.
#139932
Байланысты:
Эссе Саясатану
Көркем мәтінді талдау жолдары, Дене шынықтыру, Дене шынықтыру, Дене шынықтыру, Дене шынықтыру, Дене шынықтыру, Дене шынықтыру, жаңа ҚМЖ шаблоны, Қазақ тілі 3, Каримов ос лаб1, билеттер опоп 1, ГЕТЕРОЦИКЛИЧЕСКИЕ СОЕДИНЕНИЯ

Автоматтандыру және телекоммуникация


«Электроэнергетика » кафедрасы

«Саясаттану» пәні бойынша


БӨЖ тапсырмасы
Тақырыбы: «Саясаттану туралы түсінік»
Орындаған: Ибрагимов Нұрболат
Группа: ЭЭ 21-3к
Тексерген: Иманбаева А
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

саяси теория;


саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саяси мәдениет ерекшеліктері әртүрлі елдерде түрліше дамып отыр. Оның типологиясын америкалық зерттеуші Г. Олмондомдар мен С. Вербамен ұсынады. Олар оны үшке бөледі: патриархалды, әлсіз және белсенді. СМ-тің патриархалды түрі құрылмаған қоғамда немесе саяси жүйелер тек қана қалыптасып жатқан ортада болады. Сондай қоғам мүшелерінің саяси хабардар болулары – діни, әлеуметтік және экономикалық хабардар болулардан бөлінбейді. Дін мен қоғам бірге жүреді. Ондай қоғамға африкалық тайпалар, жергілікті автономиялық қауымдар жатады.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

саяси теория;
саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғар.Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.



Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы КСРО-ның әлсіреуімен, дағдарысымен және ыдыраушылығымен байланысты. 1990 жыл 25 қазанда Қазақ СССР жоғарғы кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. Ел ішінде және сыртқы қатынастарда мемлекеттің дербестік пен толықтыққа ие болып жатқандығы жайлы алты мақалада жарияланды. Қазақстан мемлекетті дербестікке қол жеткізді. Сонымен қатар, декларация, жаңадан одақтық келісім-шарт қарастырылды. Басқару жүйесі туралы нақтылар болсақ, мемлекет басшысы – парламентпен сайланған президент тағайындалатындығы мәлімделді.
Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы үшін екінші құжат – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі (16.12.1991.) туралы конституциялық заңның қабылдануы қажеттілік болды. Бұл жас мемлекеттің сыртқы шарттарының өзгерісімен байланысты болатын: а) 1991 ж 19-21 тамыздағы Мәскеудегі бүлік КСРО-дағы социализмді құлатты; ә) 8.12.1991 ж оқиғаның болуы КСРО-ның ыдырауына алып әкелді. Жоғарғы кеңес оқиғаларды есепке ала отырып, конституциялық заңды қабыл алды және 16.12.91 ж атын өзгертіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жариялады. Басқару жүйесі президенттік республикаға ауысуды құптады, үкімет президенттің алдында, жоғарғы кеңестің алдында жауапты. Президентті халық сайлайды. ҚР президенті 7.02.92 ж қаулыға сәйкес облыстардың әкімін тағайындайды.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.Дүниежүзілік саяси ғылымда еуропалық және америкалық ғылыми дәстүрлер баса айтылады. Еуропалық саясаттану дәстүрі өз бастауын көне грек философиясынан (Платон, Аристотель) алады. Ол биліктік қатынастарды, мемлекеттің және оның институттарының қызметін қоғамдық өмірдің жалпы әлеуметтанулық, саяси-тарихи, саяси-құқықтық қырларын ескере отырып, ауқымды әлеуметтік-философиялық кең мәтінде зерделеуге бағдарланған. Ол өз қағидаларының әмбебаптығына сенімді және абстрактілі-теориялық сипатқа ие. Керісінше америкалық саяси ғылымның практикалық бағыттылығы басым, өйткені ол АҚШ-тың саяси жүйесі дамуындағы биліктік қатынастардың функционалдық-мінез-құлықтық қырларын зерделеумен тікелей байланыста қалыптасқан. Осыған орай, онда саяси ғылым білімнің мәртебелі саласы деп есептеліп, үлкен беделге ие болып отыр. Қазіргі саяси ғылымда осы екі дәстүрлердің белгілі бір жақындасуы және синтезделуі орын алуда. Сөйтіп, олар бірін-бірі байыта отырып, тұтас алғанда, саясат туралы ғылымның сипатына енуде.Саясат адамзат өркениетінің бөлінбес бөлігі болып табылады, онсыз қоғамның, тұлғаның өмір сүруінің әлеуметтік прогресі мүмкін болмас еді. Адамзат өмірі дамуының өзекті, шешуші мәселелері түгел дерлік саясатпен байланысты. Саясат олардың мақсат- міндеттерін және құндылықтарын іске асырып, шындыққа айналдырудың негізгі құралы мен тетігі болып табылады. Саясаттың әлеуметтік міндеті қоғамдық дамуда әділ әлеуметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік күштеуді тежеу және адам құқығының басымдылығын қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының дамуымен бірге саясат ұғымының мазмұны да байып, дамиды. Адамзат өркениетінің қазіргі эволюциясы жағдайында саясат қоғамды модернизациялаудың құралы, әдісі және жолы болып табылады. Осындай саясат қоғамдық жүйені өзгертудің, жаңартудың құралы, тәсілі және әдісі бола отыра, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуды үнемі күн тәртібіне қояды және іске асырады. Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлшегі ретінде саясат- ғылым, адамдар оны пайдалануға түрлі айла-амалдар қолдануына байланысты саясат-өнер. Саясат билік және мемлекетпен ықпалдасып барып, шындыққа айналатын құбылыс. Сондықтан саясатқа ат үсті қарау қауіпті. Сол себепті саясаттанушылар арасында «сен саясатпен араласпасаң, сенімен саясат айналысады» деген қанатты сөз бар. Бұл шындық. Себебі, адам күрделі қоғамдық өмірдегі саясат билігін үнемі сезінеді. Адамдарды билік өз саясатына бағындырудың сан-түрлі айла, әрекеттерін жасап бағады. Ал, азамат, тұлға өз мүддесін қорғау үшін саясатты білуге міндетті. Саясатты білу, саяси белсенділік және саяси мәдениет халықтың да, биліктің де сапасын көтеруге көмектеседі. Аристотельдің пікірінше, «саясатты білетін адам әдемі өмір сүре алады». Қазіргі кезеңде саясат пен саяси қатынастарға, саяси институттардың қызметіне деген қызығушылық арта түсуде және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ықпалы да арта түсуде. Саясатты, саяси қатынастарды, мемлекеттік билікті зерттеу бірқатар қоғамдық пәндердің шеңберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті қоғамтану ғылымдарының құрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Саясаттану негіздері қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымдардың негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Сондықтан да ол студенттердің семинар мен баяндамаға даярлануына, рефераттар жазуына, саясаттану бойынша сынақ пен емтиханға даярлану барысында ыңғайлы да тиімді оқу құралы болып табылады. Мұнда көмекші материалдар мен дискуссиялық тақырыптар молынан қамтылған. Сондай-ақ саясаттану пәнінің тақырыптары бойынша қосымша тестердің сұрақтары мен жауаптары студенттердің емтиханға дайындалуына көмек ретінде берілген. Тестілердің басты міндеті - бұл студенттердің саяси білім деңгейін бақылау, олардың өзін-өзі байқауы мен бағалауды қадағалау. Бұл саяси ғылымды меңгеруге талаптанған барлық студенттерге барынша көмек көрсететіні анық. Айта кету керек, осы ұсынылып отырған екі томдық оқу құралы автордың жиырма жылдай уақыттан бері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып келе жатқан лекция курстары негізінде әзірленген. Оның мазмұны университетте саясаттану пәні бойынша қабылданған оқу бағдарламасына байланысты білім беру процесінің логикасына сәйкес келеді. Шын мәнінде, бұл оқу құралында әлемдік, еуразиялық және отандық саяси ғылымның жетістіктері, әр жылдарда жарық көрген саясаттану бойынша оқу құралдары мен монографиялардың материалдары кеңінен қолданылған. Жалпы алғанда, профессор Р.Б.Әбсаттаровтың екі томдық оқу құралы саяси ғылымды меңгеруге тырысатындардың бәріне, бәрінен бұрын қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлері мен докторанттарына барынша жәрдемін тигізеді деп ойлаймыз. Қорыта айтқанда белгілі саясаттанушы ғалымның бұл жаңа еңбегі тәуелсіз Қазақ елінің саяси ғылымының одан әрі дамып, өрістеуіне қосқан үлкен үлесі деп бағалауымыз керек. Алғаш рет қазақ тілінде саясаттанудан жарық көрген екі томдық оқу құралы кең, ауқымды, іргелі, кешенді және ғылыми мәні зор еңбек. Сондықтан да, айта кететін жәйт, осы оқу құралын мемлекеттік сыйлыққа ұсынуға лайықты деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет