«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



бет3/6
Дата16.10.2019
өлшемі106,99 Kb.
#50053
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОШ СОР Казахская литература 9 класс каз

Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Өз ойын шаблонға сүйеніп жеткізуде, шығармалардың тарихи-көркемдік құндылығына баға беру үшін ойын мысалдармен, фактілермен дәлелдеуде, өзіндік қорытынды жасауда қиналады.

Өз ойын шаблонға сүйеніп жеткізуде, шығармалардың тарихи- көркемдік құндылығына баға беру үшін ойын мысалдармен, фактілермен дәлелдеуде, өзіндік қорытынды жасауда қателеседі.

Өз ойын шаблонға сүйеніп жеткізеді, шығармалардың тарихи- көркемдік құндылығына баға беру үшін ойын мысалдармен, фактілермен дәлелдейді, өзіндік қорытынды жасайды.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқылатын шығарма

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»,

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»



Оқу мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  1. Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» шығармасында кездесетін 3 кейіпкерді атап, байқалған басты құндылықтарды анықтаңыз. «Кейіпкер кестесін» толтырыңыз.

Шығарма кейіпкерлері Кейіпкерлер өміріндегі Менің ойым

құндылықтар

1.

2.



3.


  1. Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңінің идеясын анықтаңыз. Ақын қолданған «меннің» мағынасын ашыңыз.

Өлеңнің идеясы

МЕН – МЕН – МЕН –




  1. Махамбет өлеңдеріндегі ақынның заманға деген көзқарасын анықтап, өлеңдеріндегі ортақ тақырыпты, ой үндестігін табыңыз, 2 сөйлеммен түйін сөз жазыңыз.




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

1

3 кейіпкерді атайды;

1

басты құндылықтарды анықтайды;

1

өз ойын білдіреді;

1

2

өлеңнің идеясын анықтайды;

1

«мен» ұғымының мағынасын ашады;

1

ойын жинақы жеткізеді;

1

Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

3

ақынның заманға деген көзқарасын анықтайды;

1

өлеңдердегі ортақ тақырыпты

анықтайды;



1

ой үндестігін табады;

1

түйін сөзді 2 сөйлеммен жазады.

1

Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет