Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты



бет2/4
Дата05.06.2020
өлшемі25,58 Kb.
#72416
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері

Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы – көркемдік танудың екі жағы. Бұл – әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Қазақ әдебиеті әдістемесінде зерттелген әдістер ұтымды пайдаланып, мектеп тәжірибесінде жинақталды. Әдеби зерттеу негізі жүйеленді.

Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді:



  • мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;

  • сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.

Әдеби әдістер, яғни, оқушыға жеткізу жолы мен жүйесі – күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады.

  1. Әдебиет әдістемесінің міндеттері:

  • білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;

  • әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;

  • әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;

  • сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;

  • сыныптан тыс оқу кітаптары;

  • көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;

  • техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.

  •     «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды,  ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім,  әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың  рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты-  сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет