Қазақ халқының Әдебиеті және мәдениеті әлменова Нұргүл Айкөргенқызы


Діни наным- сенімдерге байланысты өлең – жырлар



бет4/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,01 Mb.
#33953
түріСабақ
1   2   3   4   5

Діни наным- сенімдерге байланысты өлең – жырлар.

Қазақ халқының арасында ислам діні тарағанға дейін имандылық жырлардың :бәдік айту, арбау бақсылық сарын, алғыс –қарғыс сияқты түрлері айтылып келген. Бұл өлеңдерде тотемизмнің іздері сақталған. Соның бірі-Адам денесіндегі ауруды бәдік айтып көшіру

Бәдік,бәдік деседі,

Бәдік желдей еседі,

Асқар, асқар тауларға

Айнала соққан құйынға

Әй көш десең көшеді.

Жаңа айдың туғанын көрсе, оған сәлем беріп:!жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке –деп тағзым жасаған .Жарапазан айту-ислам дінімен қазақтар арасында енген ауыз әдебиетінің кенжелеу түрі Егер бақсылық сарында «Тәңір «Ұмай»сөздері көп айтылса, жарапазанда «Алла» «Құдай» пайғамбар сөздері айтылады.Ораза айында нағыз айытқыштар жарапазан айып, ат, түйе алса, кішігірім жарапазан айтушылар үй жағалап жүріп, әйелдерден ауызашарға құрт, май, ірімшік, алып жүрген. Жарапазанның бас кезі мақтау болып келсе, соңы алғыс, бата берумен аяқталады:

Үйің, үйің үй екен

Үйдің көркі шиекен

Саба көркі бие екен

Сандық көркі жүк екен

Әшекейлеп сырлатқан,

Ақ сарайдай үиі бар,



Ақ бөкендей қойы бар


Кісі өліміне байланысты естірту, көңіл айту,жоқтау сияқты ауыз әдебиетінің түрлері бар. Жоқтауда адамның халқы үшін істеген тарихи еңбегі айтылады Үмбетей жыраудың Бөгенбай батыр қаза болғанда айтқан жоқтауында

Уа,Алатаудың Ақшадан

Асып тудың,Бөгенбай,

Болмашыдай анадан,

Болат тудың, Бөгенбай

Арасы Толған көп қалмақ

Қалмақты қуып қашырдың

Қара Ертістен өткізіп

Алтай тауға асырдың

Ақ Шәукеге қос тігіп,

Ауыр қолды жидырып,

Қалмаққа ойран салдырдың, - деп батырдың қалмақтардан қазақ жерін азат еткенін баяандайды. Бұл жоқтаудың тәрбиелік маңызы зор.



Мақал-метелдер мен жұмбақтар

Зерделі терең ойды қысқаша көнілге қонымды етіп білдіретін мақал мәтелдің маңызы өте жоғары.



«Мейрімділікті анадан үйрен;-деген халық даналығы Мағынасы көп жайды аңғартатын, тәрбиелік маңызы бар нақыл сөздер қазақ халқынада өте көп.Оларға «Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды», «Жастық – жалын, кәрілік –құлшылық». «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме». «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» және т.б мақалдарды мысал келтіруге болады. Еңбек құралдарын, үй жануарларын, аспан денелерін, киім-кешек,т.б адам өміріне қажеттіні немесе оны қоршаған жұмбақтай білген. Мысалы, «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» - деп күннің шығуын жұмбақтаса, «Ши түбінде шұбар кездік» деп жыланды жұмбақтаған


Ертегілер. Жан-жануарлар туралы, қиял-ғажайып, тұрмыстық ертегілерде халықтың өмірі мен тұрмысы ,арманы мен мақсаттары айтылады.Бұлар даналықты дәріптеп,жалқауларды, сараңдарды күлкі еті, кемшіліктерін .Аяз би, Жиренше, оның ақылды әйелі Қарашаш сұл, Алдар көсе, Қожанасыр,Тазша бала сияқты шешен, тапқыр,батыл болуға жастарды еңбекқорлыққа,табандылыққа ,ақылды, тапқыр болуға тәрбиелейді.

Каталог: uploads -> doc -> 05b6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b6 -> Сынып: 8-10 Сайыстың тақырыбы: "The Kingdom of three languages"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет