Қазақ халқының ұлттық киімдері



бет3/3
Дата20.12.2023
өлшемі5,47 Mb.
#198180
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
Аружан улттык кимдер
7 ТЖБ

  • Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады. Күзеп алынған түйе жүнін шаң-тозаңынан арылтып, одан соң қолмен майдалан түтеді де, шүйке жасайды. Шүйкеленген жүнді ұршықпен иіреді. Шекпен тоқитын жіп өте жіңішке болады. Иірілген жіпті екі ағаштың арасынан ыспалап өткізіп, оның буылтықтарын кетіріп қайта өңдейді. Шекпен де терме бау тоқитын өрмекпен тоқылады. Тоқылып болған кездемені кәдімгі матадан киім пішкендей етіп өлшеп, шекпен пішеді. Шекпенді жазда киеді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан қаптал жаға (дөңгелек жалпақ жаға) салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп әдіптейді.
  • Шекпеннің ең әдемі түрін «Шидем шекпен» дейді. Шидем шекпен тайлақтың жүнінен тоқыл ады. Тайақтың жүні әрі майда, әрі жеңіл болатындықтан, одан тоқырай шекпен де әдемі болып шығады. Шекпен су өткізбейді. Сондықтан ол әрі сулық, әрі жайшылықта кие беруге жарамды бес аспап киім. Су тиген сайын шекпен ширығын қалындай түседі. Шекпепнің тағы бір артықшылығы ол таза түйе жүнінен тоқылатындықтан аса мықты болады, ұзақ киіледі.[1]

Сәукеле
Егде әйелдің кимешегі
Той думанға киетін кимешек
Жас әйел кимешегі
Келіншек кимешегі
Жаңа түскен келіннің той киімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет