Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері



бет2/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері:
Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі » еңбегінде 3 топқа бөліп қарастырады:

  1. Асанның әкесі саятшы Сәбит туралы;

  2. Асанның өз есіміне қатысты аңыздар

  3. Асанның ұлы Абат, қызы жұпар туралы аңыздар.( Аңызда Асан қайғының баласы Абат туралы да жиі айтылады. Әке тапсырмасымен Жерұйық іздеп шыққан Абат сондай жерді Ойыл бойынан тауып, әкесіне қуанышты хабарды жеткізуге асығады. Бірақ жол үстінде желмаядан құлап қаза болады. Қобда жеріндегі атақты Абат-Байтақ кесенесі сонда тұрғызылады. )

Ал, М.Мағауин болса Асан ата туралы аңыздардың нәр алған көзі-Асанның тірлігі мен кешкен өмірі дейді. Бұл реттегі белгілі аңыздың бірі- «Ежен хан мен Асан» . Бұл әңгіме сюжеті ертегілік. Алайда бұл хикаяның Асан атымен байланыстылығы кездей соқ емес, жас кезінен халық бақытын ойлаған ел қамқоры Асан көрінеді.
Асан жайындағы аңыздардың енді бір алуаны-оның қалайша Қайғы атануына байланысты. Бұл аңызда Асан ғашықтық азабынан Қайғы атанған деседі. Асан қайғысының түп себебі перінің қызынан айрылудың зары деп ұғыну да Асанды көтермелеудің, Асанға табынудың бір көрінісі. Асан қайғының кәдімгі пенделік қайғы еместігінт айтқысы келген құбылыс.
Асан жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы- оның «Жер үйекті» іздеуі. Асан қайғы желмаяға мініп алып, төңіректің төрт бұрышын түгел кезеді. Айдан ай, жылдан жыл өтеді. Бірақ тармани болған «Жер үйекті табалмай», Ұлытаудың басына жеткенде дүниеденикөшеді.

4.Толғаудың тақырыптық ерекшеліктері

«Толғау-қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні»,-делінеді поэзиялық сөздікте. Толғау жанрының табиғаты З.А. Ахметовтың еңбегінде едәуір тереңдей ашылады. «Толғау» шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі. –деп жазады ғалым. Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов : «Бүкіл дүниежүзі фальклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы –жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы-ұзақ өлең жырлар. Қазақ фальклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық жырлары және қиса деп төртке бөлінеді. Толғау: нақыл толғауы, ереуіл толғауы, тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын-соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады. Толғау әуел баста ерлік, елдік жайлар деңгейінде, белгілі әлеуметтік міндет деңгейінде әрқалай пайда болды. Асанның әз-Жәнібек ханға аранап айтылған толғаулары бізге мәлім арнау толғаулардың алғашқысы болып саналады.Кейінгі ғасырларда кең қанат жайған толғау түрінің бірі-заман, өмір жайындағы толоғау болса, мұның да әуелі кішігірім нұсқаларын Асан атына байланысты кездестіреміз. Олар : «Бұ заманда не ғаріп?» «Көлде жүрген қоңыр қаз» .
Толғау жанрының туып, қалыптасуына көрнекті үлес қосқан Қазтуған жырау. Оның толғауларына ерлік, батырлық лебі еседі. Демек ерлік толғауларының алғашқөы нұсқаларының тууы қазтуған творчествосымен байланысты. Шәлгез өлеңдерінің көркемдік шеберллігі толғау жанрының мүмкіндіктерін ұтымды танытады. Одан кейінгі Доспамбет жырау толғауларында лириканың өзге көп жайларымен қатар,эллегиялық сипаттары да аралас келіп отырады. 78- ғасырда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде Бұқар, Үмбетеу жыраулар толғауында батырлар, Абылай бейнесі ерекше көрінс тапты. Заман шынды, тарихи оқиғалар толғау арқылы жетті десек болады. Ал, ғалым. Ә.Дербісәлин: Толғау жанрын арнау, дидактикалық деген секілді сарындарға бөліп қарастырады. Ондағы ойы-толғаудың тақырыптық шеңбері кеңіп, қоғамдық міндеттерінің көбейгенін, соған ллайық көркемдік бейнелеу тәсілдерінің де маңызы арта түскендігін көрсету болып табылады. Біз бұл деректерден , толғау жанрының тақырыбы әр жыраудың өмір сүрген дәуірі мен, тарихи оқиғаларға байланысты түрлі тақырыптық ерекшеліктер көрініс тауып отырғанын көре аламыз. »



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет