Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны



бет3/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

5.Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны
XYIII ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға –Бұқар жырау. Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың әкесі Қалқаман- батыр болған көрінеді. Бұқардың өлеңдері, өзі тұтас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан еді. Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мәлімет берген-белгілі фольклорист, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың Абылай ханға арнаған толғаулары: «Ай, Абылай сен он бір жасыңда», «Ай, Абылай, Абылай», «Абылай ханның асында», «Қилы заман», т.б. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет