Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруі



Дата01.11.2022
өлшемі17,49 Kb.
#155999
түріҚұрамы
Байланысты:
Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруі Тенгебай Зарина
15.02.21 10 алгебра, 15.02.21 10 алгебра, 15.02.21 10 алгебра, 15.10.18 11 геометрия, W-225624174-KASPI-LOGISTIC, Elegant and Professional Company Business Proposal Presentation

Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруі
18 ғасыр қазақ халқы үшін қиын заман болды. 1711 жылдан бастап жоғңар елі қазақтың ұлан-байтақ жеріне бірнеше жорықтар жасады. Сонымен қатар, оңтүстіктегі өзбек зандықтарының, солтүстікте Патшалық Ресейдің экспансиясы қазақ жерін бөлуді көздеді. Басқа да қауіп-қатерлер Қазақ Хандығын мықты державаның қол астына өтуге мәжбүрледі.
Қазақ елі 18 ғасырдың басында
Бұл кезең ел үшін ауыр кезең еді. Биліктің бөлінуі, кіші хандардың жеке-дара билікке таласы орталық биліктің билігін әлсіретті. Сонымен қатар, Тәуке ханның қартаюы жаңа мирасқор таңдауды талап етті. Дәл сол кезеңде Қазақ елінің шығыстағы көршісі- Жоңғар хандығы күшейіп жатыр еді. Дамуға жер, мал мен сауда жолдарын қажет еткен Жоңғария қонтайшысы ыңғайлы жер ретінде қазақ даласын қарастырды. 1711 жылғы жоңғарлардың шабуылын қазақ елі тойтара білді. Бірақ, әлде де алда тыныш күндер күтпеген еді.
Аласапыранның басталуы
1722 жылы Қытайлық Цинь империясының басшысы- император Канси қайтыс болды. Бұл жағдай Қытайда таққа талас туғызып, жоңғарлар Қытаймен соғыспау жайлы бітімге келеді. Бұл оқиға жоңғарлардың барлық күші мен басты назарын Ұлы Далаға, яғни қазақ даласына аударуға мүмкіндік туғызды. 1723 жылы Қазақ хандығының барлық шығыс шекарасынан жоңғарлардың қалың қолы басып кірді. Бұндай соққыны күтпеген қазақтар үйлерін тастап, басы ауған жаққа қаша жөнелді. Орталық биліктегі ханның әлсіздігі, кіші хандардың өз аймағын ғана қорғауы жоңғарларға елімізге терең енуге қолайлы жағдай туғызды. Сол уақытта Орта Жүз оңтүстікке, Самарқандға қарай ығысса, Кіші Жүз Хиуаға қарай беттеді. Ал, Ұлы Жүз халқы, Жетісу жері жоңғар соққысынан ойрандалды. 1723-1727 жылдар арасын кейін ғалымдар “Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл Сұлама” деп атады. Себебі, қазақтар жалаң аяқ қашып, ашығып, талай жолды кешкен. Кей деректерде тіпті адамдар дем алу үшін отырған кезде жан тапсырып, сол отырғаннан тұрмай қалды деседі. Себебі, олар өздерімен тіпті азық та алып үлгермеген.
1720 жылдары Жоңғарлар қазақ жерінің көп бөлігін басып алды. Олар астанамыз- Түркістанды, Ташкент пен Сайрамды басып алып, тіпті Сырдариядан асып өткен. Жоңғарлар тек Батыстағы алыс аймаққа жетпеген еді, ал қалған жерлердің бәрін басып алып, халықты қырып жатты. Осы уақытта қазақ батырлары бұндай қорлыққа шыдамай, бүкілқазақтық Құрылтай жинап, онда жоңғарларға қарсы соққы беруді ойластырады.
Қазақтардың қарсы соққысы
1726 жылы бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, рулар өз ұлдарын түгел соғысқа жасақтайды. Бүкіл қазақтың әскербасы болып Әбілқайыр хан сайланса, оның қолбасшысы болып Қабанбай, Бөгенбай секілді батырлар сайланды. Олар 1726 жылы Солтүстік Қазақстанда, Бұланты өзенінің бойында қалың қол жинап, жоңғарлармен соғысты бастайды. Сол жерде жоңғарлар жеңіліп, қазақтың Солтүстік-батыс аймағын тастап шығады. 1728 жылғы Қалмаққырылған шайқасы қазақтардың айбынын асқақтатып, жасақтардың рухын көтере түсті. Жоңғарлар Сыр аймағын тастап, Жетісуға дейін шегінеді. Жетісуда жоңғарлар қазақ елін ғана емес, қырғыздарды да, олардың елін де шауып жатты. Қырғыздар қазақтармен күш біріктіріп, ұлы жорыққа дайындалып жатты.
Қазақтардың ұлы жеңісі
1730 жылы Әбілқайыр ханның жасағы Жетісуға кіріп жатты. 1726 жылғы Ордабасы құрылтайында қаралған мәселе бойынша, қазақтар мен қырғыздар жоңғарларды біржолата қуып шығуға бел буған болатын. Сол кезде, Балқаш көлінің оңтүстігінде үлкен шайқас- Аңырақай шайқасы орын алды. Ол соғыс бірнеше күнге созылып, екі жақтан да мыңдаған адамның өлімінен соң, жоңғарлар Жетісуді тастап шығуға мәжбүр болды. Сол жеңіске қуанған хандар қайта өз атағын ойлап, билікті бөлуді бастады. Әбілқайыр мен Сәмеке басты хан болуға таласса, сұлтандар өзінің жеке- дара билігін орнатуды көздеді.
Ресейге қосылу
1731 жылы басты хан бола алмай қалған Әбілқайыр өз жасақтарын қайта Батысқа бағыттайды. 1726 жылы ол Қойбағарды Ресейге елші ретінде жіберді. Ешқандай жауап келмеген соң, ол қайтадан Қойдағұлұлы мен Қоштайұлын жіберді. Ондағы Әбілқайыр ханның мақсаты- Ресеймен әскери одақ құру. Қазақ еліндегі аласапыран жағдайды пайдаланған Ресей императоры Анна Иоановна Әбілқайырға Кіші Жүзді Ресейге қосуды ұсынды. Өз билігін сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1731 жылы Кіші Жүзді Ресей империясына қосады, ал өзі Императорға адал болуға уәде береді. Осылай Батыс Қазақстан алғаш болып Ресейге қосылады.
Ары қарайғы қосылу
Жоңғарияның қайта жорықтары басқа қазақ жерлерін де шаршатты. Қазақ Хандығының әлсіреуін пайдаланған Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтары өздерінің экспансиясын бастады. Осылай, алып державаның көмегін қажет еткен қазақ хандары бірінен соң бірі Ресейге қосылып жатты. Ал Батыс пен Оңтүстікте қазақтар орысқа да, өзбекке де қосылуды қаламады. Олар Қазақ хандығын сақтап қалу мақсатында жорықтар мен ұлт-азаттық көтерілістер бастап, сыртқы агрессорларға қарсы соғысты. Жоламан, Жалаңтөс, Есет, Махамбет пен Исатай, Сырым Датұлы секілді айбыны асқан алып батырлар өз елі үшін жаумен соғысып, ерлікпен қаза тапты.
Кенесары хан
Кенесары қазақтың соңғы ханы болып саналады. Ол өмірін Ресейге қарсы күресте өткізді. 1737-47 жылдары Кенесары бүкіл 3 жүз қазақтарының басын біріктіріп, алып көтеріліс бастады. Ондағы мақсаты- әлі берілмеген қазақ жерлерінде дербес хандық құру болатын. Бірақ, үшжақты соққы Кенесары ханның әскери, материалдық қорын тауысып, 1747 жылы Кекілік-Сеңгір жерінде Кенесары хан қастындықпен өлтірілді.
Қазақ жерінің Ресейге қосылуының аяқталуы
Кенесары өлімінен соң қазақ жерінде бірыңғай көтеріліс болмады. Сонымен, Қазақ Хандығының Ресейге қосылуы 18 ғасырдың 30-жылдарында басталғанымен, толықтай қосылуы жүз жылдан соң, 19 ғасырдың ортасында ғана аяқталды.
Қазақстанның Ресейге қосылуынан соң жағдайы
Ресей құрамында қазақтар жақсы өмір сүре алмады. Тіпті, Қазақ жерін Ресейдің меншігі деп те жариялады. Бірақ, алып империяға қарсы қазақтар ештеңе жасай алмады. Ақыры, бірнеше ғасыр қазақ жері Ресейдің, кейіннен КСРО-ның құрамында өмір сүрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет