Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет22/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. Вариант сөздер
2. Сөз варианттарының тiлде қалыптасу факторлары.
3. Орфографиялық сөздiктер.
4.Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiктерінде көрсетілген вариант сөздер.


Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б


Тақырыбы-20. Басқа тiлден енген сөздердiң қазақ тiлiндегi жазылу емлесi
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Кірме сөздер қазақ тiлiнде жазылу емлесiнің ерекшеліктері. 2. Орыс тiлiнен енген түбiр сөздерге қазақ тiлi қосымшасын жалғап жазудың ережелерi. 3. Орыс тiлiнен енген сөздерге қосымша қосудың ережеге бағынбайтын тұстары.
Дәріс тезисі
1. Басқа тiлден енген сөздер негiзiнен екi бағытта қарастырылады: орыс тiлiнен енген сөздер, араб-парсы тiлiнен енген сөздер. Араб-парсы тiлiнен қазақ /жалпы түркi/ тiлiне сөз ауысу өткен ғасырларда, қарым-қатынас жасаудың ауызша формасы басым болып тұрған кезеңде жүрдi. Сондықтан араб- парсы тiлдерiнен енген сөздер басқа түркi тiлдерiндегi сияқты қазақ тiлiнде де қабылдаушы тiлдiң фонетикалық заңдылықтарына бейiмделiп, төл тiлiндегi бастапқы графикасынан мүлде алшақтап, қазақ тiлiнде айтылуынша қалыптасты. Араб-парсы тiлiнен енген сөздердi жазуда кедергi келтiретiн 2 мәселе ғана бар: 1. Аралас буынды сөздердiң жазылуы. қазiр – кәзiр, қазiрет- қазырет, қасiрет-қасырет. /Қазақ тiлiнiң үндестiк заңына бағынып бiрыңғай жуан не бiрыңғай жiңiшке жазылса, кейде аралас буынмен жазылады.
2. Кейбiр сөздердiң 2 түрлi айтылып, жазылып қалыптасуы нәтижесiнде вариант сөздер қатарын толықтырды: барабар - парапар, пайым-байым, заман-замана, тозақ-дозақ, балуан- палуан т.б. Бұлардың қатарында семантикалық дифференциациялау процесiне ұшырап, түрлiше қоғамдық-саяси ұғымдардың атауларына айналған қатарлар да бар. үкiмет – өкiмет, өкiл – уәкiл, iлiм – ғылым, ауа – әуе т.б.
Орыс тiлiнен енген сөздердi қазақ тiлiнде жазылу емлесiне 2 топқа бөлемiз:
1. Қазақ тiлiне ертеректе (қазан төңкерiсiне дейiн) енiп, ауызша айтылған күйiнде жазылып қалыптасқан сөздер. Мәселен, бәтеңке, самаурын, үстел, болыс, бөрене, кәстрөл, кәмпит, кәрзеңке т.б.
2. Қазақ тiлiне кейiнiрек жазба тiл арқылы енген негiзiнен орыс тiлiндегi тұлғасын графикалық, грамматикалық жақтан сақтап жазылатын сөздер. Сондай-ақ орыс тiлiнiң а дыбысына аяқталатын бiршама сөздерi қазақ тiлiнде а дыбысы түсiрiлiп те, ы дыбысына қысаңдап та, а дыбысы сақталыпта айтылып, жазылып жүр. Мұндай әртүрлiлiк былайша түсiндiрiледi: газет /газета/, минут /минута/, пар /пара/, аптек /аптека/, цифр /цифра/ сөздерiнiң орыс тiлiндегi орфоэпиясында екпiн сөз ортасына түседi. Қазақ тiлiнде ауызша қабылданғанда сөз аяғында а дыбысы мүлде көмескiленiп түсiп қалады. Лампа, штанга, майка, марка, мода тәрiздi сөздер орыс тiлiнде айтылғанда екпiн сөздiң алғашқы буынына түседi, ол қазақ тiлiнеқабылданғанда сөз соңындағы а көмескiленедi, бiрақ 2 дауыссыз қатар тұра алмайтындықтан соңына қысаң ы тiркеледi Ал перспектива, директива, коллега, декада, дидактика, спартакиада, серенада, логика, формула т.б. термин сөздерде а дыбысы түсiрiлмейдi. Бұған себеп бұл сөздердiң қазақ тiлiне жазба тiл арқылы енуi екенi белгiлi. Орыс тiлiнен жазбаша тiл арқылы енген сөздер (негiзiнен терминдiк сөздер мен терминдiк тiркестер) орыс тiлiндегi тұлғасын сақтап жазылады. Дегенмен орыс тiлiнен енген түбiрлерге қазақ тiлiнiң қосымшасын жалғағанда белгiлi бiр жүйеге бағынуды қажет ететiн күрделiлiктер кездеседi.
2. Р.Сыздықованың «Емле және тыныс белгiлер» атты еңбегiнде осы мәселе нақты баяндалады. Орыс тiлiнен енген түбiр сөздерге қазақ тiлi қосымшасын жалғап жазудың негiзгi ережелерi:
- Соңғы буынында (бiр буынды сөздiң өзiнде) у дыбысы бар сөздерге қазақ тiлi қосымшасы жуан жалғанады: курс-қа, автобус-қа, институт-тың т.б.
- Соңғы буынында (бiр буынды сөздiң өзiнде) и дыбысы бар сөздерге қазақ тiлi қосымшасы жiңiшке жалғанады: кассир-ге, синтаксис-ке, магнит-тiк т.б.
- к дыбысына аяқталған сөздерге қазақ тiлi қосымшалары сөздiң соңғы буынындағы дауыстының әуенiне қарай жалғанады: физик-тер, маяк-тың, поляк-қа т.б.
- Рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тiркесiне аяқталған сөздерге қазақ тiлi қосымшалары жiңiшке жалғанады: парк-тер, танкi-ге, киоскi-ден т.б.
- жiңiшкелiк белгiсiне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тiлi қосымшалары буын үндестiгi бойынша жалғанады: лагерь- ге, фестиваль-ға т.б. Бұл ережеге тәуелдiк жалғауы ғана бағынбайды, үнемi жiңiшке жалғанады: лагерi, фестивалi, дизелiмiз.
- Соңғы екi дауыссыздың арасында жiңiшкелiк белгiсi бар сөздерге қазақ тiлi қосымшалары буын үндестiгi бойынша жалғанады: вальс-қа, вальс-і, асфальт-та, асфальт-ымыз т.б.
- кль, брь, бль тәрiздi дауыссыз дыбыстар мен жiңiшкелiк белгiсiне аяқталатын бiр буынды сөздерге қазақ тiлi қосымшалары әрдайым жiңiшке жалғанады: ансамбль-ге, бинокль-дi, октябрь-сiз т.б.
- л дыбысына бiткен сөзге қосымшаның алдынан жiңiшкелiк белгiсi қосылып жазылатын сөздерге (материал – материальный) қазақ тiлi жұрнақтары жалғанғанда жiңiшкелiк белгiсi жазылмайды: материальный – материалды, коммунальный – коммуналды т.б. Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбiрдiң өзiнде жiңiшкелiк белгiсi бар сөздерге (мораль, артель, акварель) қазақ тiлi қосымшасы жалғанғанда жiңiшкелiк белгiсi сақталады: моральный- моральды, коммунальный - коммунальды т.б.
- соңғы буынында ю,ё,э дауысты дыбыстар келетiн сөздерге қазақ тiлi қосымшалары жiңiшке жалғанады: полюс-тi, актер- лер, дуэт-i т.б.
- нд, нз, нк,нг, мп, мб, кт, ск, вт, фй, мт дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тiлi қосымшалары ы, i, дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады: фонд+ы+сы, киоск+i+лер, митинг+i+лер, факт+i+сiз т.б.
Ал нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б. тәрiздi дыбыс тiркестерiне бiткен сөздерге қазақ тiлi қосымшалары дәнекер дыбыссыз тiкелей жалғанады: финанс+қа, цемент+тен, цифр+ға т.б.
- сс, лл, тт,нп, ст, кст, сть, зд, нк дыбыстарына бiткен сөздерге қазақ тiлiнiң қосымшасы жалғанғанда соңғы дауыссыз түсiрiледi: ведомость- ведомосқа, съезд-съезге, грамм-грамы, Донбасс-Донбасқа т.б.
Ал бiрдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есiмдерге қазақ тiлi қосымшалары жалғанғанда қос әрiп сақталып жазылады: Кириллге, Гриммдер, тек қана қосымшаның басқы дыбысы қос дыбыспен бiрдей болғанда, бiреуi түсiрiлiп жазылады: Гримммен емес, Гриммен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет